Пән: Менеджердің бағдарламалық дағдылары 1 тақырып Менеджменттің маңызы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны. Мақсаты


тақырып Менеджменттің негізгі функциялары



бет2/24
Дата20.06.2023
өлшемі461 Kb.
#178999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
лекции Програмные навыки менеджера
Монография. Игибаев С.К.(1), 8 SAT 3 term -
2 тақырып Менеджменттің негізгі функциялары

  • Менеджменттің функциялары.Теориялық негіздері. оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны.

  • Мақсаты: менеджменттің негізігі ыункцияларымен танымтыру

  • Негізгі ұғымдар : басқару, менеджмент, функциялар

  • Жоспары: . Пәннің ұғымдық аппараты. «Менеджменттің басқару функция» ұғымына берілген анықтама түрлері. Менеджмент кәсіби білім беру жүйесіндегі интеграциялау үрдісі петінде.


  • Менеджменттің негізгі функциялары. Жоғарыда көрсетілгендей менеджменттің функцияларын бөлгенде əртүрлі авторлардың пікірлерінің едəуір үйлеспеушілігі байқалуда. Əсіресе, осы мəселеде педагогикалық менеджмент саласындағы жұмыстардың авторларының нұсқаулығы ерекше жоғары. П. И. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектеппен басқару» кітабында басқарудың келесі функцияларын бөлді:
    1. ақпараттық-талдау;
    2. уəждеу-мақсаттық;
    3. жоспарлы-болжамдық;
    4. ұйымдастырушылық-атқарушы;
    5. бақылау-диагностикалық;
    6. реттеу-түзету.
    Ол басқарудың функциялық буындары қызметінің салыстырмалы дербес түрлері ретінде қарастырылса да, олардың барлығы өзара байланысты жəне бірыңғай басқарушы циклді құрай отырып, бірін-бірі кезең-кезеңімен ауыстыратынын көрсетті. Ақпараттық-талдау функция үш деңгейдегі ақпарат ағысын көздейді: – əкімшілік-басқарушы (директор, оқу-тəрбие жөніндегі орынбасары, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс жөніндегі орынбасары, əкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, диспетчер жəне басқалары); – ұжымдық-алқалық басқару деңгей (мектеп кеңесі, педкеңес, əдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар); – оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі. Ақпараттық-талдау қызметінің тиімді жүйесі П. И. Третьяковтың пікірі бойынша, біріншіден, жүйелі болуға тиіс; оның құрылуы жəне қызмет етуі кезінде мазмұнын, көлемін, дереккөздерін, ол кімге арналғанын анықтау маңызды. Уəждеу-мақсаттық функция өзіне басқарудың бірінші кезеңі, оның шығармашылық құрамдас бөлігі болатын мақсаттың таңдауын енгізеді. Мақсаттар дереккөзі жəне пайда болу тəсілі бойынша адаммен немесе əлеуметтік жүйемен өздігінен қалыптасатын не ішкі, егер сырттан берілсе, сыртқы болу мүмкін. Педагогикалық жүйелерде сыртқы мақсаттар ең маңызды жəне жаһандық болады, өйткені қоғаммен байланысты. Білім беру мекемесінің мақсаттық бағдарларын анықтағанда «мақсат», «міндет», «мұрат» деген ұғымдарды саралау қажет. Уəждеу-мақсаттық функцияның негізгі міндеті келесідей: «педагогикалық ұжымның барлық мүшелері оларға жүктелген міндеттер мен жоспарға сəйкес, сондай-ақ жеке жəне ұжымдық мақсаттарға жетуде қажеттіліктері бойынша жұмысты нақты атқаруға тиіс. Мектеп менеджерлерінің басты міндеті – педагогикалық үдерістің 46 барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» . Жоспарлы-болжамдық функциясы - болжау мен идеалды жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау да кіреді. Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендікмақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты. Ұйымдастырушылық-атқарушы функция – білім беру мекемесінің жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең. Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адамдарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционалдық міндеттерін анықтау керек. Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруының негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады: – қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге асыру; – мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу; – еңбекті тиімді ұйымдастыру; – мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін қалыптастыру. Бақылау-диагностикалық функция немесе мектепішілік бақылау – «диагностикалық негізде мектептің оқу-тəрбие жұмысының бүкіл жүйесінің қызмет етуі мен дамуының жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге) сəйкестігін анықтау бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге басшылардың қызмет түрі» . Мектепішілік басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы дербес жағдайларында, мектепке көптеген құқықтар мен өкілеттіліктерді бергенде, демек оның жауапкершілігін арттырғанда мұғалім мен оқушының қызметін ынталандыру мақсаттарында бұрынғыдан да айрықша орын алуға тиіс. Бірінші тараптан, мектеп дамытушы жəне дамушы жүйе ретінде, үнемі мектепішілік бақылауды (өзіндік бақылауды) жүргізеді, бірақ, екінші тараптан, оқушылардың білімдерінің, ептіліктерінің, дағдыларының жəне тəрбиелілік деңгейінің бірыңғай мемлекеттік базистік деңгейін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік-қоғамдық сараптамаға да жатқызылады. Реттеу-түзету функциясы, яғни педагогикалық жүйені басқару үрдісінде бағдарланған деңгейде қолдау үшін жедел тəсілдер, құралдар мен əсер етулердің көмегімен түзетулерді енгізу жөніндегі қызмет. Реттеудің нақты нысаналары мен түрлері əр алуан жəне ең бастысы, басқарылатын нысанның ерекшелігімен анықталады. Сонымен, басқарудың барлық функцияларын басқарылатын нысанға ықпал етумен байланысты басқарушы еңбек түрлері ретінде елестетуге болады. П. И. Третьяков осы функциялардың əрқайсысы кез келген ұйым үшін маңызды екендігін көрсетеді, сонымен бірге, жоспарлау (болжау мен бағдарламалау) басқару функциясы ретінде басқа функциялар үшін негізді қамтамасыз етеді жəне негізгі деп саналады, ал қалған функциялар ұйымның тактикалық жəне стратегиялық жоспарларын орындауға бағдарланған. Функциялардың өзара байланысы 1-суретте көрсетілген. А. М. Моисеев білім беру мекемесі мектепті басқарудың барлық функцияларын үш үлкен топқа бөлуді ұсынады: 1. Мектептің тұрақты қызмет етуін қолдау функциялары;
    2. Мектеп дамуының жəне инновациялық үдерістермен басқарудың функциялары;
    3. Мектепішілік басқаруды жəне өз бетімен дамуды басқару функциялары Мектепішілік басқарудың қызмет етуімен жəне өз бетімен дамуымен басқару функцияларының тобына автор білім беру мекемесімен басқарудың жүйесіне қатысты əрекеттерді енгізеді: – мектепті басқаруға деген көкейкесті жəне болашақ талаптарды анықтау; – басқаруға деген талаптарды өзгерту тарапынан мектептегі жəне оның қоршаған ортасындағы жағдайдың мониторингі; – басқаруға əсер етуі мүмкін ықтимал қауіптіліктердің жəне кері факторлардың мониторингі; – басқарушы міндеттерді шешу үшін оң мүмкіндіктердің мониторингі; – мектепті басқарудың қолданыстағы жүйесінің жетістіктері мен артықшылықтарын талдау; – мектепішілік басқарудың жалпы жəне жекелеп, оның барлық ішкі жүйелерінің жаңа жүйесін жобалауды ұйымдастыру; – мектепті басқару субъектілерінің өзара əрекетін ұйымдастыру жəне үйлестіру; 49 – басқарушы қызмет пен ағымдық жоспарлау жəне т.б. Білім беру жүйесін басқару функцияларының жіктелуі А. М. Новиковпен əзірленген. Білім беру жүйесінің барлық функцияларын ол өзара байланысты екі түрге бөледі: 1. Халыққа білім беру қызметтерін көрсететін сыртқы, негізгі түрі; 2. Оның үздіксіздігін жəне дамуын қамтамасыз ететін ішкі, қосалқы түрі. Ол басқарудың негізгі функцияларын білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі қағидаттарына байланысты бөледі. Осы қағидаттар: – (білім) сапасын, – (білімнің) қолжетімділігін, – (білім беру жүйесінің) тиімділігін арттыруды көздейді. Басқару жүйесіне қатысты жалпы біріктіру, жүйе құрушы рөлін атқаратын барлық деңгейдегі білім берумен басқару органдарының негізгі, басты функцияларына сəйкес келесілер аталған:
    1. сапамен басқару;
    2. қолжетімділікпен басқару;
    3. тиімділікпен басқару.
    А. М. Новиков білім берудің сапасымен, қолжетімділігімен жəне тиімділігімен басқару басқарудың барлық басқа функционалдық ішкі жүйелерінен (басқарудың дəстүрлі түсінігінен айрықшаланғанда) тек басқарушылар ғана емес, білім үдерісінің барлық қатысушылары – мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар да қатысатындығымен едəуір ерекшеленетінін көрсетеді. Оның əрқайсысы өз орнында жəне өз қаражаттарымен білім беру сапасының, қолжетімділігінің жəне тиімділігінің талап етілетін жəне күтілетін деңгейіне кепілдік беруге тиіс. Онымен басқарудың қосымша (қамтамасыз ететін) функциялары уəждеу, кадрлық, ғылыми-əдістемелік, қаржы, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық, ақпараттық қамтамасыз ету сияқты білім беру жүйелерінің ресурстық қамтамасыз ету логикасында құрылымдалған. Біздің көзқарасымыз бойынша, басқару мен қамтамасыз етуді теңдестіру дұрыс емес жəне де ол басқарушы қызмет пен басқару функцияларының ерекшелігін анықтауға ықпал етпейді. Мысалы, осы жұмыста автор басқару мəселелері жөніндегі əдебиетте базалық ретінде қарастырылатын функцияларға қатысты «басқару механизмдері» жəне «басқару кезеңдері» терминдерін қолданады. Бұл басқарудың кейбір құраушыларының көпмағыналы түсіндірілуіне əкеп соғады, яғни ресурстық қамтамасыз ету:
    1) қосымша (қамтамасыз ететін) функция,
    2) басқару механизмі (əрі қарай қараңыз),
    3) басқару кезеңі деп түсіндіріледі. Даму міндеттерін шешу барысы туралы жаңа ақпарат (бақылау функцияларын жүргізу нəтижесінде алынған) түскен сайын түзетуші əсер етулерін енгізу қажет болу мүмкін, бұл жедел басқарудың мəнін құрайды; – жүргізілген өзгертулерді талдау - білім беру жүйесімен əрі қарай басқарудың стратегиясы мен тактикасын əзірлегенде қолданылуға тиіс даму тəжірибесін жалпылау. Менеджмент функцияларын жіктеуге деген əртүрлі көзқарастарды зерделеу функциялардың 2 тобын бөлуге мүмкіндік береді: негізгі жəне қосалқы. Негізгі функцияларға келесілер жатады:
    1. жоспарлау,
    2. ұйымдастыру,
    3. уəждеу,
    4. бақылау.
    МемлСТ 24525.0-80 «Өндірістік бірлестікпен жəне өнеркəсіптік кəсіпорынмен басқару» сəйкес басқарудың кезеңдері (сатылары) бойынша жалпы функциялармен қатар, қызмет аясында айқындалатын нақты функциялар да анықталатынын көрсетеді. МемлСТ олардың типтік құрамын ұсынады: – өндірісті ұйымдастыру; – технологиялық үдерістермен басқару; – метрологиялық қамтамасыз ету; – технологиялық бақылау жəне сынақтар; – өнімді өткізу; – кадрлармен жұмысты ұйымдастыру; – еңбек жəне еңбекақыны ұйымдастыру; – материалдық-техникалық жабдықтау; – қаржы қызметі жəне басқалары. Білім беру мекемесімен басқаруда жоғарыда көрсетілген 6 функция осы басқару жүргізілетін қызмет саласына байланысты айқындалу мүмкін: оқу жəне тəрбие үдерістері, əдістемелік жұмыс жəне педагогтардың біліктілігін арттыру, тəжірибелік-эксперименталдық / ғылыми-зерттеу жұмысы, білім беру мекемесінің материалдықтехникалық базасын құру жəне бекіту, т.б


    3-Тақырып: Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастар.
    Мақсаты: Педагогикалық жүйелердің, ұғымдардың және олардың түрлерінің мазмұнымен таныстыру. Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі қөзқарастардың маңыздылығын анықтау. Жүйелердің табиғаты мен маңызын анықтау. Жүйе түрлері және даму заңдылықтарымен таныстыру.
    Негізгі ұғымдар: Жүйе, әлеументтік жүйе, педагогикалық үрдіс, ғылыми басқару.
    Жоспары: Әлеуметтік педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлері. Жүйелердің табиғаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Педагогикалық жүйе әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы құрамдастары: мақсаты, мазмұны, қызметі, талдау-нәтижелік. Педагогикалық үрдіс динамикалық жүйе ретінде, педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері.
    Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
    Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алыған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
    Басқару объектісі биолгиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
    Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
    Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
    Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.
    Қазіргі білім беру жүйесінің дамудағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
    Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:

    • білім берудің ізгілік сипатта болуы;

    • біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;

    • білім берудің жалпыға бірдейлігі;

    • білім берудің зиялылығы;

    • білім берудегі еркіндік пен плюрализм;

    • білім берудің демократиялық сипатта болуы;

    Білім берудцің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.
    Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы – мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
    Мектептің жоғары жетекші органы – конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
    Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет