Пән мұғалімі: Б. М. Козбагарова



Дата05.07.2018
өлшемі122 Kb.
#47223

Пән мұғалімі:

Б.М.Козбагарова

Пән:

Қазақ әдебиеті

Өтілген күн:

15.04.2017ж.

Сынып:

10 А

Тақырыбы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Гүлшат – Шеризат» дастаны

Мақсаты

Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат - Шеризат» дастанының сюжеттік желісін, композициясын өздігінен іздену арқылы меңгерту, дастан туралы ғылыми - теориялық түсінік беру,образдарына талдау жасау арқылы дастанның тақырыбы мен идеясын таныту, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйренеді

Жалпы мақсат

Дастанның мазмұнын біледі. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Дастанның мазмұны жайлы түсіктерін қалыптастыра отырып, өзекті түйінді жерлерін практикада қолданады

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, Сақина салмақ, Кім шапшаң, Ассоциация құру


Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Сәлемдесемін.

Взвод бөлімшесі бойынша топқа бөлемін. Әр топ біртіндеп шеңбер құрып, топ мүшелері бір-біріне бүгінгі күнге жақсы тілек айтады.




Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Сыныптың топ басшысы cыныпта жоқ ұландарды айтады.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ұландардың іс-әрекеті

Білім
Қызығушылық

тарын ояту



«Миға шабуыл»

Әдісі бойынша сұрақ- жауап сәті



Оқулықтың 154 бет. Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды әр топқа үш-үштен қойып, үйге берілген тапсырманы пысықтаймын.


Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы оқулық бойынша сұрақ- жауап сәтін өткізу.

Топтар жеке-жеке жауап береді.


Түсіну

«Гүлшат - Шеризат» дастанының қысқаша мазмұны: Нәзира дәстүрімен жазған шығармасы - «Гүлшат - Шеризат» дастаны.

Жігітке өнер көрсе қиын емес,

Болғаным менің атым биім емес.

Бетіне ақ қағаздың салып шимай,

Қиссасын Гүлшат-Шеризат қылдым кеңес- деп шағын кіріспеден баяндалатын оқиға балаға зарығу желісінен басталады. Бағдатта жеті жұртты билеген әділ Көркін патша балаға зар болып жүргенде тілеуі орындалып , әйелі бала көтереді. Әкесі аңға шығып,орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттан айыға алмастан дүние салады. Ол өлерінде өсиет етіп орнына уәзір Парағзатты қалдырады. Егер әйелім ұл туса менің мұрагерім сол болсын дейді. Парағзат орындамайды.Ол қазынашы болған Барысты шақырып әйелін өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерден мәңгілік құтылмақ болады. Барыс он жігітпен әйелін өлтіріп тастайды, бірақ баланы кім тауып алса сол асырар деп қасына 10 гәуһар мен хат қалдырады. Бұл кезде Парақзат түс көріп оны жақсылыққа жори алмай амалы таусылып отырған болатын. Оның әйелі де бұл кезде қыз тауып атын Гүлшат деп қойған болатын. Ол ақылына көркі сай болып өседі. Бала өліп жатқан анасының омырауының екі жыл қоректенеді. Баяғы арыстанда балаға тиіспей ,керісінше аңдар балаға қамқорлық жасайды.Бір керуен айдалада жүрген баланы көріп керуен басы Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып, ер жетеді.Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп ,Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып ,сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесі Парағзаттан кек алмақ болғанмен Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды.


Ұландардан ауызша үйге берілген «Гүлшат-Шеризат» дастанын қысқаша сұраймын

Ұландар топ-тобымен, ретімен «Гүлшат-Шеризат» дастанын әңгімелейді.

Қолдану

Тапсырмалар таратылады


Кеспе қағаз таратамын.

1-топ

1 балл

Жырдан табылған әр мақал-мәтелге

1 балдан беріледі



Жырдан табылған әр риторикалық сұраққа 1 балдан беріледі

Жақсылық жақтаушысы

Шешендік сөз үлгілері немесе мақал-мәтелдер

Риторикалық сұрау












2-топ

«Гүлшат-Шеризат»

Дескриптор

авторы




1 балл

Тақырыбы:




1 балл

Идеясы:




1 балл

Жанры:




1 балл

Жағымды кейіпкерлері




1 балл

Жағымсыз кейіпкерлері




1 балл1

Тақырыптың өзектілігі




1 балл


3-топ

Композициясы

Сюжеттік жоспар:

1.Оқиғаның басталуы.

2.Оқиғаның байланысы.

3.Шиеленіс.

4. Шарықтау шегі

5. Шешімі.

Тапсырма жұмысын орындайды

Талдау

Фишбон әдісі



Ұландарға іздену жұмысын ұйымдастыру. Осы көрстелген жаңа тақырыпты ұландарға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты өз беттерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату

Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

Кейіпкерлерге сипаттама береді

Өзекті мәселесі, себептер мен оған дәлелдер және дастан қорытынды туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын айтады.


Жинақтау



1-топ:

Сөйлемді жалғастыр. Егер мен Шеризат болсам...
2-топ:

Өмірмен байланыс.
Қазақ қоғамында осындай жайттар кездесе ме?
3-топ:

Дастандағы өзіңе ұнаған эпизод қайсы?
Түйін.Дастандағы ойды халық даналығымен қалай түйіндеуге болады?

Ұландардың мақсаты мұғалімнің қойған сұрақтарын ықтиярлықпен тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту,

тақырыпты жинақтайды



Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Топ жетекшілеріне таратылған ( сабақ бойы мұғалімнің ұпайын қойып отырған) бағалау парақшалары бойынша ұландарды бағалау

Мұғалім көмекшілері қорытынды бағаны мұғалімнің айтуымен қою

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Ұландарға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру


1-топ

Жақсылық жақтаушысы

Шешендік сөз үлгілері немесе мақал-мәтелдер

Риторикалық сұрау

Әділдіктің жеңіске жетуі, автор дастанда жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу


  1. Бір қамал –әр зауалға;

  2. Орынсыз аңға шығу;

  3. «Ит иесін, семірсе, қабар;



  1. Жалғанда кім бар дейсің қайғысы аз?

  2. Жамандар, жақсы болсаң жанаса ма?

  3. Кескенің пышақпенен өз бармағың, Басқаның байқап тұрсаң несі кетер?!



2-топ

«Гүлшат-Шеризат»

Авторы

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Тақырыбы:

Адал ниетпен әділ іс қылу.

Идеясы:

Әділдіктің жеңіске жетуі,жақсылықтың салтанат құруын дәріптеу

Тәрбиелік мәні:

Әрқашан кешірімді болу, адамдарға жақсылық жасау.

Жанры:

Эпос, дастан

Жағымды кейіпкерлері

Көркін, Гүлшат, Шеризат, арыстан, керуенбасы Қожа Сағит, Барыс

Жағымсыз кейіпкерлері

Көркін, Парақзат, Барыс, Алмас, Қоймас

Тақырыптың өзектілігі

зұлымдық пен әділдік,жауыздық пен қатыгездік, қарама-қайшы тартыс болып ақыры әділдік жеңеді.


3-топ

Композициясы

Сюжеттік жоспар:

1.Оқиғаның басталуы.

Көркін патшаның бір балаға зар болуы. Аңға шығуы.

2.Оқиғаның байланысы.

Парахзаттың ханымды өлтіртуі, арыстанның баланы арыстанның, керуенбасы Қожа

Сағиттың баланы асырап алуы. Парахзаттың түсі.

3.Шиеленіс.

Шеризаттың ержетіп, керуеншілермен бірге Шынмашын еліне келуі. Гүлшаттың Иран

бағы

4. Шарықтау шегі

Барыстың хаты. Шындықты білу, Парахзатты зынданға тастау.

5. Шешімі.

Гүлшаттың ара түсуімен Парахзаттың күнәсінің кешірілуі.

Өлең құрылысы: Дастан 11 - 12 буынды, (кейде 7 - 8 буынды жыр үлгісі де араласып

келген) 3 бунақты, қара өлең ұйқасымен жазылған.


1-топ

Жақсылық жақтаушысы

Шешендік сөз үлгілері немесе мақал-мәтелдер

Риторикалық сұрау









2-топ

«Гүлшат-Шеризат»

Авторы




Тақырыбы:



Идеясы:



Тәрбиелік мәні:



Жанры:



Жағымды кейіпкерлері



Жағымсыз кейіпкерлері



Тақырыптың өзектілігі




3-топ

Композициясы

Сюжеттік жоспар:

1.Оқиғаның басталуы.



2.Оқиғаның байланысы.


3.Шиеленіс.


4. Шарықтау шегі


5. Шешімі.



Өлең құрылысы: 

1-топ:


Сөйлемді жалғастыр. Егер мен Шеризат болсам...

2-топ:


Өмірмен байланыс.
Қазақ қоғамында осындай жайттар кездесе ме?


3-топ:

Дастандағы өзіңе ұнаған эпизод қайсы?
Түйін.Дастандағы ойды халық даналығымен қалай түйіндеуге болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет