2.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу;
2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу, музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
Сабақтың мақсаты
«Қоңырау» әнін ұжыммен бірге айтады, шығармашылық және дидактикалық ойындарға қатысқанда белсенділігін көрсете алады.
Қоңырау дыбысының жазбаларын тыңдайды, талдайды, өз жұмыстарын бағалауға тырысады
Қоңырау дыбыстары.
Мектеп қоңырауы
Қоңырау – қазақ музыкалық аспабы
В. А. Моцарттың «Волшебная флейта» операсынан қоңырау дыбыстары – Қоңырау дыбыстарының жазбаларын тыңдаңдар. Талдаңдар, айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар.
Мына сұрақтарға жауап бер:
–Қоңырау қандай дыбыс шығарады?
–Үш қоңыраудың дыбыстары бірдей ме, әлде ерекше ме?
– В. Моцарттың «Волшебная флейта» шығармасында қоңырау дыбысы қандай сипат береді? Өз түсінігіңді сыныптастарыңа жеткізіңдер.
Әнді хор түрінде орындаудың негізгі талабы: оқушылар әннің әуенін таза, сөздерін анық, әндетіп, айқайламай, мәнер, бір-бірін тыңдап айту қажет.
«Жарасты жанұя» әні,
сөзін жазған А. Асылбек,
музыкасын жазған Ә. Бүшікова
1. Біздің де жанұя сәнімен,
Баршаға ұнайды әнімен.
Айналып кетеді думанға,
Аспаптар қосылып мәнімен.
Қ-ы:
Осындай біздің де жанұя,
Бәріміз біргеміз.
Көңілдер – шалқыған дария,
Тойлаймыз күнде біз.
Қ-ы.
2. Күйлерін құлаққа қандыра,
Бауырым тартады домбыра.
Атам мен әжем де қалыспай
Қосыла қағады даңғыра.
Тәтт(і) әуен жүрекке бойлайды.
Біздердің жанұя осылай
Көңілді көтеріп тойлайды.
Қ-ы.
Күмбірлеп керемет оркестр
Концерт боп өтеді әр кеш бір.
Мен болсам жетекші дирижер
Орыным ерекше дербес тұр.
Қ-ы.
Әнді үйрену барысында әуенін таза, сөздерін анық айтады.
Өз ойымен бөлісу.
– Ырғақтың әуені кейіпкердің бейнесін сипаттай алды ма?
– Екпін арқылы кейіпкердің бейнесі ашылды ма?