Байланысты: 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі
Демек құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Мұндай денелердің қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибеде бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді.
Галилео Галилей (1564-1642) – көрнекті итальяндық физик және астроном, нақты жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірі.
Ең алғаш мұндай тұжырымды итальяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталаған.