Байланысты: 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі
Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткен соң И. Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді. И.Ньютон жасаған тәжірибесінің мәнісі мынада. Ұзындығы бір метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады.Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтіктің ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсуі деп аталады.
Ньютон Исаак (1643-1727) – фқазіргі жаратылыстану ғылымының негізін қалаған, сонымен қатар классикалық физиканың негізін қалаған көрнекті ағылшын ғалымы