Пән олимпиадасына жүлдегерлер дайындау әдістері
Біздер қазір айрықша кезеңде өмір сүрудеміз. ХХІ ғасырда ғылымның,
техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін дамыту
мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан әр ұстаз өз шәкіртінен сапалы да
білімді,парасатты тұлға жасайды. Шәкірт жетістігі мұғалім еңбегі, кәсіби
шеберлігі. Бірақ есте ұстайтын жайт мұғалім мен шәкірт бірлігі, мұғалімнің
кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейінде ғана көп нәрсеге қол жеткізуге
болады. Қай мемлекеттің болсын ертеңі - білімді жастардың қолында екені
даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз "Бұлақ көрсең көзін аш" деп тегін айтпаса
керек. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара
тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды
балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың
міндеті.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар
істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер
бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. География
пәнінен қабілетті, ерекше дарынды оқушыларды танып, олимпиадаға дайындау мұғалімдік басты міндетім деп есептеймін.
Пәндік олимпиадалар оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Осы жұмысымда оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы өз тәжірибемді бөліскім келеді.
Мақсаты: Оқушылар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру, жеке
пәндік тұрғыда интеллектуалдық ой-өрісін арттыру.
Міндеттері: Жекеленген жұмыстар негізінде оқушылардың қабілетін тану;
Пәндік олимпиада арқылы жеке тұлғаның шығармашылық танымын дамыта
отырып, сенімділігін арттыру.
Олимпиадаға дайындау бірнеше кезеңдерден өтеді. Осыған орай олимпиадаға дайындаудың тиімді формасы ұсынамын.
Олимпиадаға дайындық жұмыстары
Олимпиадаға оқушыны таңдау;
Жылдық, апталық жоспар;
Әдебиеттер анықтау;
Апта соңындағы бағдарлама;
Тоқсан демалысындағы дайындық;
Ынталандыру бағдарламалары;
Бақылау.
Олимпиада материалдарының құрылымы:
Практикалық тур тапсырмалары: дәлелдеулер, болжам жасаулар,
статистикалық мәліметтер арқылы салыстырмалы сипаттамалар беру,
схемаларды шартты белгілерге сәйкес сөйлету, кестелік материалдар мен
суреттерді сәйкестендіру сияқты логикалық тапсырмаларды қамтиды.
Теориялық тур тапсырмалары: физикалық және экономикалық
терминологиядан, тест тапсырмаларынан турады.
Мультимедиялық тур тапсырмалары қазақ және ағылшын тілдерінде
берілген. Бұл бөлімде түрлі жер бедерінің формаларын сипаттау, анаморфоза
арқылы карталарды сипаттау, қосымша ізденуді қажет ететін оқулық
материалдарынан тыс тапсырмалар беремін.
Олимпиадаға оқушыларды таңдау жолдары
1. Анкета;
2. Пәндік жарнама;
3. Логикалық тапсырмалар.
Сынып оқушыларын олимпиадаға таңдау үшін алдымен арнайы сауалнама жүргізіледі. Сауалнамада оқушылар өздеріне жақын, қабілеті жететін пәндерді белгілейді. Сауалнамадан кейін пән мұғалімі және география пәніндегі олимпиадаға қатысушылар пәннің ерекшеліктерін, қол жеткізген жетістіктерін, болашак мамандық таңдаудағы мүмкіндіктеріне тоқталады. Сауалнама мен пәндік жарнамадан кейін география пәніне олимпиадаға дайындыққа кіруге қызығушылық танытқан оқушылар пән бойынша логикалық тапсырмалар орындайды. Тапсырмалардан үздік нәтиже көрсеткен оқушылар олимпиадаға дайындыққа қабылданады.
География пәні бойынша олимпиадаға дайындық жұмысын жүргізу төмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағытта жүзеге асуы тиіс:
1. География пәні бойынша мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен
тапсырмалар меңгерілуі керек, сұрақтар мен тапсырмалар оқушыны
шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
2. Географияның негізгі курстары бойынша алған теориялық білімдерін
оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге,
атлас, карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу,
салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын
қалыптастыруға машықтануы керек.
3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу,
дәлелдеу, болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін
анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді.
Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай
біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
География пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау кезеңдері:
І кезең. Оқушының теориялық білімін жетілдіру бөлімі.
1. География курсы негізінде өтілген материалдар бойынша білімін
толықтыру мақсатында түсіндіру, қайталау дәріс сабақтарын өткізу.
Олимпиадаға дайындық үшін қажетті отандық, шетелдік ғалымдардың
қосымша әдебиеттерін ұсынамын. Оқулықтан тыс күрделендіріліген
тапсырмалар беру және геология, гидрология, геоморфологиядан ғылыми
терминдермен жұмыс жүргіземін.
2. Қосымша білім көздерін пайдалану БАҚ материалдарымен танысып отыру география пәнінен олимпиадаға қатысушының ой-өрісінің кеңеюіне жақсы себепші болады. Оқушылар БАҚ көздеріне сүйене отырып, күнделікті өмірде өңірлік, дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтармен танысып отыруы керек. География пәнінен олимпиаданың теориялық бөлімінде кездесетін сұрақтар мен тапсырмалар ойлау тереңдігін, ой-өрістің кеңдігін қажет етеді. Сондықтан қосымша материалдармен, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтермен танысу заңдылық.
3.Электронды оқулықтарды пайдалану, интернет жүйесі арқылы мағлұматтар
алу. Электронды оқулықтар әсіресе В.Н.Холинаның "Профильный уровень", В.В.Максаковскийдің "Географическая картина мира" құралындағы тапсырмалар арқылы өз беттерімен дайындалуына көңіл бөлемін. Интернет ресурстарын пайдалану. Интернет-кітапханалар арқылы білім алу. Қазақстандық интернет олимпиадаларға қатысу, www.kazolymp.kz сайтындағы география пәні бойынша өткен жылдардың республикалық олимпиада материалдарын орындап, талдаймыз. www.geo.ru сайтынан онлайн тесттерді орындатып, қадағалаймын.
4.Теориялық білімін практикалық тұрғыда қолдану бөлімі
Оқу-тәжірибелік және сарамандық жұмыстарды: географиялық және
экономикалық, демографиялық есептерді шығаруға, диаграммалар мен
графиктер тұрғызуға, профильдер сызуға, статистикалық мәліметтермен
жұмыс жасауға, сызба, карта, кескін карталар, глобуспен жұмыстар
жүргізуге, т.б. машықтану.
1. Статистикалық мәліметтермен жұмыс;
2. Картамен, атластармен жұмыс;
3. Кескін картамен жұмыс;
4. Есептер шығарту;
5. Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
6. Профиль сызуға үйрету,
7. Физикалық және экономикалық географияның жоспары бойынша
сипаттамалар беруге үйрету;
8. Салыстырулар, салыстырмалы сипаттамалар жасауға үйрету;
9. Кестемен жұмыс;
10. Сызбалармен жұмыс.
ІІ кезең. Зерттеу, талдау, түсіндіру және болжам жасау кезеңі.
Оқушы алған білімдерін пайдалана отырып, заңдылықтар мен
құбылыстарды, өзгерістер мен жаңалықтарды зерттеуге, оны талдай білуге
немесе түсіндіруге, қажет болса болжам жасай білуге үйренуі тиіс.
1. Оқушы табиғат құбылыстарын, қазіргі дүниедегі саяси өзгерістерді,
жаңалықтарды, ғаламдық проблемалардың себеп-салдарын түсіндіре білуі
қажет;
2. Нақтылы фактыны зерттеуге, салыстыруға, талдай білуге үйрену, өз
бетімен тұжырым және болжам жасай білу.
ІІІ кезең Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Ғылыми-зерттеу, өлкетану жұмыстарымен айналысу кезеңі. 8-9 сыныптарда Қазақстанның географиясы туралы алған мағлұматтарына қосымша қосымша жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктерін, халқы және оның шаруашылық әрекетін танып-білу мақсатында өз бетімен зерттеулер жүргізу.
1. Жергілікті жер табиғаты мен экономикасын зерттеу жұмыстарын
жүргізу (жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, органикалық дүниесі, ішкі
сулары, өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығы, халқы және еңбек қоры, т.б.)
2. Оларды картаға түсіру, номенклатураларын жасау, диаграммалар
тұрғызу,т.б.
3. Статистикалық мәліметтер жинақтау.
IV кезең Қорытынды кезең
Оқушының дайындық кезеңдері бойынша алған білімдерін саралау, жүйелеу, қорытындылау. АТТ, АБТ, ДАБ, ТАТ, КБО тақырыптық тесттер орындату, әр тарауға байланысты тапсырмаларды қайталап, қорытынды бағалау.
География пәні бойынша олимпиадаға жүйелі дайындық өз жемісін беріп
отыр.
«Қарақол орта мектеп бақшасы» КММ
БАЯНДАМА
тақырыбы:
«Пән олимпиадасына жүлдегерлер дайындау әдістері»
Темербаев Е.И.
2022-2023 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |