Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет27/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 15
Тақырып: Композициялық орман материалдары мен
модификацияланған сүрек

Композициялық сүрек материалдары - бұл топқа байланыстырылатын, біріктіретін заттардың көмегімен бөлшектенген сүректен (қабықтан) алынатын материалдар жатқызылады. Оларға: фанера, ағаш жаңқа плитасы (ДСП), ағаш талшық плитасы (ДВП), столиярлық плиталар (арболит және т.б.) жатады.


Модификацияланған сүрек. Белгілі бір қасиеті, бағыты өзгерген бүтін сүрек жатады. Оларға: престлген сүрек (яғни механикалық физикалық әсерлердің арқасында тығыздығы жоғарлаған) пластификацияланған сүрек (амиакпен өңделіп, синтетикалық шайырлармен модификацияланған сүрек).
Сүрек жаңқа плиталары Кеңес үкіметінде шығарылған технологиялық процестер сүрек-жаңқалы плиталардың әр алуан типын дайындауға мүмкіндік берді. Бұл плиталарды былай бөлуге болады:

  1. Құрылымы бойынша: бір қабатты.ұш қабатты және көп қабатты;

  2. Сырткы қабат материалының түрі бойынша: екі қабатты шпонмен қатталған,жаңқамен қатталған және қатталмаған;

  3. Байланыстырушы түріне қарай: фенол-формальдегидті шайырлы, карбамидті шайырлы, өсімдік немесе жануардың ақуыздық желім материалды.

  4. Суға төтеп бергіштігі бойынша: жоғары,орташа,төмен төтеп бергіш және төтеп бере алмайтын болып бөлінеді.

Қазіргі кездегі дайындалатын негізгі плиталар: екі шетінен шпон қабаты мен қатталған және қосымша ешқандай қосымша қатталмасы жоқ плиталар болып табылады.
Бұл плиталарды дайындаудағы негізгі шикізат үшін жиһаз және үй құрылысы цехтарындағы қалдықтар, байланыстырушы ретінде М-48 және МФС-1 карбомидті шайыры қолданылады. Плиталарға қаттама ретінде қалыңдығы 1,5 мм қайың шпонын пайдаланады. Шпонды жаңқа мен ұнтаққа жабыстыру және шпон қабаттарын өзара желімдеу М-60, МФС-1 карбомидті шайыры арқылы жүзеге асады.
Көрсетілген плита түрлерінен басқа,фанер және сіріңке өндірісіндегі сүру станоктарында дөңбекті цилиндрлеу кезінде алынатын ұнтақтардан жекелеген плита партиялары жасалады.
Пышағы бар ұнтақтағыштан алынатын ірі ұнтақтан және балғасы бар ұнтақтағыштың ұсақ ұнтағынан да плиталар дайындалады. Бұл плиталар қатталмаған, екі шеті мен шпон қабатымен қатталған және үшқабатты түрде шығарылады. Сондай-ақ, ақуыздық желімі бар ұнтақтан аздаған мөлшерде плита партиялары жасалады. Еліміздегі сүрек-жаңқалы плиталар өлшемдері: ұзындығы 1,5 м және одан үлкен, ені 1,75 м-ге дейін, қалыңдығы 8-30 мм.
Сүрек-жаңқалы плиталар қазіргі кезде жиһаз өндірісі мен құрылыста, кеме және вагон жасауда кеңінен қолданылады. Оларды жиһаз өндірісінде кітап шкафы, буфет, жазу және ас үй столы дайындауға қолданылады.
Сүрек-жаңқалы плиталар (СЖП) құрылыста негізінен есік, бөлме төбесі және қоршау ретінде қолданылады.
Сүрек-жаңқалы плиталар шет елдерде айтарлықтай үлкен көлемде (незізінен АҚШ, Германия, Швеция) дайындалады. Онда олар орман кесу, сүрек өңдеу, фанера өндірісі мен отын дайындау қалдықтарынан жасалады. Үшқабатты плитаның орташа қабатын жасау кезінде аздаған ағаш ұнтағын қосады. Сүрек-жаңқалы плиталар өндірісінде қылқанды және жапырақта ағаш түрлерінің кез- келгенінің ұнтағын пайдалана береді.
Жаңқаларды дайындау маңызды жұмыс түрі болып табылады. Плитаның сыртқы қабатына қалыңдығы 0.1-0.3 мм, ортаңға қабатына 0.3мм- лік жаңқалар қолданылады.
Жаңқаларды арнайы кептіргіште кептіріп, байланыстырушымен (формальдегидты шайыр) араластырады, алынған қоспадан бір қабатты суық форпреске түсетін жаңқалы төсеніш пайда болады. Кейіннен, қабатты ыстық преске бөлініп, 20-24кг/см қысымда престеледі. Плита өндірісінің бұл әдісі кезеңдік (периодтық) деп аталады. Үзіліссіз әдіс кезінде екі құрыш лента арасынан поршенді престен өткен жаңқалы төсеніш үзіліссіз лента түрінде шығады, артынан ол қажетті өлшеммен бөліктерге кесіледі. Соңға жағдайда плитаны жаппай және бос тесіктері бар қылып жасайды.
Шетел өнеркәсібінде дайындалатын плиталар ұзындығы 2500-5400мм, ені 1200-2400мм және қалыңдығы 5-100мм болады.
Плиталардың көлемдік салмағы 500-700мм шамасында майыстырғандағы беріктік шегі плита түріне қарай 30-530 кг\см. Плита ылғалдығын әдетте 4-12%, су жұтымдылығы (2-4сағаттағы) 4-20%-ды құрайды.
Плитаның жылу өткізгіштік коэффициенті 0.4-0.6 ккал\м дыбыс бәсеңдетуі 0.035- тен 0.8-ге дейін құбылады.
Плиталар бұранда мен шегені жақсы ұстайды. Қағылған немесе бұралған шеге немесе шурупты қайта суыру күші (плитаның перпендикулар жазықтығында ) 8-44 және 5,5-16 кг\см болады.
МемСт 10632-77-ге сәйкес П-1,П-2,П-3 маркалы плиталар түрлері шығарылады. Алғашқы екі марка плиталарын жиһаз өндірісінде қолданылады. Термореактивті палинер негізінде пленкамен қаттау үшін пайдаланылатын П-1 плитасынның тығыздығы 725 кг\м, ал шпон немесе қағазқабатты пластикпен қатталған П-2 плитасының тығыздығы 650 кг\м болса, құрылыс, авто және вагон жасауда қолданылатын П-3 плитасы үлкен тығыздыққа ие болуы керек (орташа шамамен 800 кг\м). П-2 және П-3 плиталары қаттамасыз (науа, контейнер және т.б. үшін) қолданала береді. Сондай-ақ, П-2 маркалы плита физикалық- механикалық қасиеттеріне байланысты А және Б топтарына бөлінеді.
П-1 плитасын көпқабатты (П-1М) және үшқабатты (П-1Т); П-2 плитасын үшқабатты және бірқабатты (П-20); П-3 плитасын тек үшқабатты етіп дайындайды. Плиталар форматы жабдыққа байланысты ұзындығы 2400-5500мм, ені 1220-2440мм аралығында болады. Шлифтелген П-1 және П-2 плиталары қалыңдығы 10-25мм аралығында (жіберілетін қателік - 1 мм) болады. Қалыңдығы 6мм плиталар көп таралған. Көрсетілген маркалар қалыңдығын төмендетуге беталыстар байқалады. П-3 маркалы плиталар 16-22мм қалыңдықта болуы керек, П-2 және П-3 плиталары шлифтелмеген, қателігі 2мм болып шығарылуы мүмкін.
Стандартты плитаны физикалық-механикалық қасиеттердің негізгі көрсеткіштері берілген. Плитаны перпендикулар созғандағы беріктік шегі П-1 және П-2 А маркасында 0.34 мПа; П-2Б плитасында 0.3; П-3 плитасында 0.39 болуы керек. Статикалық ию кезіндегі беріктік шегі П-1 және П -2 А плиталары үшін 17-20мПа, П-2 Б плитасы үшін 13-16 мПа-дан аз болмауы тиіс. П-3 плитасының минималды беріктік шегі 25 мПа-дан кем болмауы қажет. Сондай-ақ, бұл маркаларға 29,4 Н\мм қаттылық керек. Су жұтымдылық 15%-дан аспау керек. Барлық марка плиталарының ылғалдылығы 8 2%, ісінуге шектеу қойылған; П-3 плитасының жоғарғы ұстаушылығы кезінде ісіну 20-30%-дан аспауы тиіс. Кедір-бүдырлық көрсеткіші Rмах 60-500мкм шамасында; шлифтелген плиталарға бұл шектеу 1.5 есе аз. Плита бетінде кемшілік болуына қарай оларды 1 және 2 сорт етіп бөледі. Плиталарды кубтық метр квадратымен есептейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет