г) суда еритіндер, сүректен жеңіл жуылатын антисептиктер – бұл топтағы ең негізгілері: натрий фторы мен осының негізінен жасалған пасталар, натрий қалайы фторы, мырыш хлоры және ББК – 2 препараты.
Натрий фторы – ақ түсті ұнтақ – ағаш бұзатын саңырауқұлақтар, жәндіктер үшін өте уытты, ұшпайды. ұнтақтың 3% ерітінді немесе паста ретінде болады. Сүректен жеңіл жуылатындықтан қолданылуы аз. Негізінен ылғалдығы аз жерлерде қолданылады.
Натрий қалайы фторы - өте уытты. Суда аз ериді, сондықтан қолданылуы да шектелген.
Мырыш хлоры – уыттылығы жағынан фторлы антисептиктерден артта қалады. Жеңіл жуылатындықтан, металдарды қатты коррозияға ұшырататындықтан, қолданылуы өте аз.
ББК-2 препараты – суда жақсы ерИді, диффузиялық қабілеті жоғары, адам және жануарлар үшін зиянсыз.
Сүрекке отқа қарсы төзімділік беру.
Сүрекке отқа төзімділік беретін химиялық заттарды антипирендер деп атаймыз. Бұл заттар қыздырған кезде балқиды және сүрек бетін отқа төзімді пленкамен жабады, сүрекке ауаның кіруін тоқтатады немесе көп жылу бөлінетін, жанбайтын газдар шығарады, олар сүрек бетімен ауаны ығыстырады және бөлінген жанбайтын газдарды араластырады. Осының нәтижесімен сіңірген сүрекке от әсер етсе де, түтіндейді, бірақ жанбайды.
Антипирендерге қойылатын талаптар: 1) отқа төзімділік беру қабілеті жоғары болу керек; 2) берік болуы тиіс, қолданғанда құрамы мен қасиетін өзгертпеу керек; 3) гигроскопиялық ылғалы аз болуы қажет; 4) бағасы жоғары болмау керек; 5) сүректің өңделуіне, желімденуіне кедергі жасамауы тиіс.
Осы жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандыратындар амммоний, фосфор тұздары және бор қышқылы. Осы қоспалардың ішімен көп қолданылатындары: бор қышқылды натрий, аммоний күкірт қышқылы, фосфор қышқылды натрий, мырыш хлоры. Бұл заттар t=350-400C болғанда балқиды, сүректі қорғайтын қабыршақтармен жабады, кейбіреулері жанбайтын газдарды бөледі.
Сіңдіру үшін жеке тұздарды қолданбай, олардың қоспаларын пайдаланады. Теміржол институтының нұсқаулары бойынша келесі құрамды атауға болады: Құрам №1 (салмақ бөлшегі бойынша) аммоний күкірт қышқылы 23%, натрий фторы 2%, су 75%. Отқа қарсы төзімділік беретін құрамаларды сүрекке цилиндрларда қысыммен Сіңдіреді.
Сүректі оттан сақтау үшін оны отқа төзімді сырлармен бояйды. Сырлар екі топқа бөлінеді: силикатты және силикат емес. Силикатты сырлар күшті болып келеді, оның негізін натрий силикаты құрайды. Силикатты сырдың кемшілігі – атмосфералық әсерлерге төзімділігі аз.
Көптеген зерттеулер бойынша, сүректі антипирендермен сіңіру сүректің механикалық қасиеттеріне әсер етеді. Мысалы, қарағай сүрегін 8 атм. қысыммен антипирендерді сіңдідіргенде қысу кезіндегі төзімділік 13% азаяды, статикалық иілу кезінде 8% азаяды. Сондықтан көптеген жағдайларда антипиренмен сіңіру әсері теріс болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |