Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы


Саңырауқұлақтардың биологиялық сипаттамасы және олардың сүрекке тигізетіп әсері



бет18/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Саңырауқұлақтардың биологиялық сипаттамасы және олардың сүрекке тигізетіп әсері.
Орман ағаштары мен бұталарының аурулары, әсіресе саңырауқұлақтармен қоздырылатын аурулар орман шаруашылығына, халық шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді, сондықтан да олардың қоздырғыштарын зерттеп, оларға қарсы күрес шараларын құрудың өте үлкен маңызы бар.
Саңырауқұлақтар сүректің жасуша заттарымен қоректенеді. Саңырауқұлақтар әсерімен сүректе екі түрлі өзгерістер жүреді. Біріншіден, саңырауқұлақтар физикалық-механикалық қасиетін бұзбай, сүректің түсін өзгертеді. Осындай саңырауқұлақтар сүрек (ағаш) бояйтындар деп аталады. Сүректің түсін өзгертеді, ал физикалық - механикалық қасиетін өзгертетін саңырауқұлақтар - сүрек (ағаш) бұзатындар деп аталады.

Жәндіктермен зақымдану.


Өсіп тұрған және әлсіреген ағаштар орманда жәндіктермен зақымдануы мүмкін. Сүректің жәндіктермен зақымдануын құрт жеген қуыс деп атаймыз. Құрт жегенде орман материалдарының бетінде дөңгелек немесе сопақша саңылаулар көрінеді. Негізі үлкен жәндіктер зақым келтірмей, тек дернәсілдері зақымдайды (олар сүрек пен қабықты қорек етеді).
Сүрекке әртүрлі жәндіктер зақым келтіреді: қоңыздар, көбелектер, термиттер. Сүректі сақтағанда жәндіктер көптеген жағдайларда қылқан жапырақты ағаштарға (жапырақты ағаштармен салыстырғанда) зиян келтіреді. Жәндіктер үшін ең қолайлы температура 18-24С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-90%. Тереңдіктеріне байланысты құрт жеген қуыстар беткі, орташа терең және терең болып бөлінеді.
Құрт жеген қуыстардың дәрежелерін сипаттау үшін 1м ұзындықтағы саңылаулар санын есептейді. Бет жағында құрт жеген қуыс сүректің физикалық-механикалық қасиеттеріне онша әсер етпейді.
Сүректі шіруден қорғау құралдары мен тәсілдері.
Егер берік ағаштарды (мысалы, майқарағай) салыстырмалы аз уақыт пайдаланып, онда қорғау үшін өңдеуді қолданбауға қоюға болады, Ал тұрақты төмен ағаштар үшін қолайсыз жағдайда сақтағанда және пайдаланғанда олар шірінеу үшін өңдеуді қажет етеді. Жоғарыда атап өткендей шіру негізінен саңырауқұлақтар әсер еткенде пайда болады. Жаңа кесілген ағаштарды сортименттерге бөлгенде және қабықтарын тазалағанда сүректің тез кебуіне ықпал тигіземіз. Ылғалдың жетіспеу сүректі бұзылудан және шіруден сақтайды, себебі ылғал жетіспегендіктен саңырауқұлақ көбейе алмайды. Ылғал жоғары болғанда да саңырауқұлақ көбейе алмайды, себебі ауа жетіспейді. Осы жағдайды ағаш тілетін зауыттарда сүректі су астында сақтау үшін қолданады, сонымен қатар сүректі қатыру да қолданылады, себебі температура “0” төмен болса, саңырауқұлақтар өсе алмайды.
Бірақ ең тиімді тәсілдің бірі - қолайсыз жағдайда сүректің қызметін арттыратын, арнайы химиялық заттармен немесе препараттармен (антисептиктармен) өңдеу.
Антисептиктер (гректің”анти”-қарсы, “септикос”- шіруге деген сөзі) келесі талаптарды қанағаттандыру керек: 1) саңырауқұлақтар қарсы жоғары уытты болу керек.; 2) сүрекке жеңіл кіріп және жуылнауы керек; 3) ауаға аз ұшпалы болу керек; 4) сүректі бұзбау керек; 5) адамдар және жануарлар үшін салыстырмалы зиянсыз болу керек; 6) бағасы арзан болу керек; 7) неталдарды коррозияға ұшыратпауы керек.
Барлық антисептиктерді төрт топқа бөлуге болады:

  1. майлар; 2) май және органикалық заттарда еритіндер; 3) суда еритіндер, сүректен баяу жуылатындар; 4) суда еритіндер, сүректен жеңіл жуылатындар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет