Жантайған сүрек (крень) - тілінген материалдарда немесе бөрененің көлденең кесілімінде жылдық қабаттардың кеш сүрегінің бір жағына қарай ауытқып өскенін байқауға болады. Мұнда сүректің өзегі ассиметриялы орналасады.
Жалған ядро - жалпақ жапырақтылардың (қайың, шамшат, қандыығаш, үйеңкі, жөке және т.б.) сүрегінің ішкі жағында қошқыл түсті боялған аймақ. Оның шеті жылдық қабаттармен сәйкес келмейді. Көбінесе қарақоңыр кейде ашық жиегімен ерекшеленеді. Дөңгелек, жұлдыз немесе қалақ пішінді болып келеді. Кейде жалған идро секцияларға бөлшектеніп көрінеді. Ол сүректің сыртқы пішінін төмендетеді. Механикалық қасиеттерге төзімділігі нашар, шіруге бейім келеді.
Ішкі шелқабық - емен, шаған және басқа жалпақ жапырақтыларда ядро аймағында шелқабыққа ұқсас (түсі бойынша) ішкі қабаттар пайда болады. Олардың түсі ашық түсті жалған идромен ішкі шелқабық аяздардың әсерінен камбий қабатының қалыпты жұмысының бұзылуына байланысты пайда болады.
Сүректің теңбілдігі - өсіп тұрған жалпақ жапырақтылардың сүрегінде химиялық факторлардың саңырауқұлақтармен жәндіктердің әсерәнен ядро мен өзекке түсі бойынша ұқсас қошқыл түсті учаскелер пайда болады. Тангенциал теңбілдік көбінесе шамшатта жиі кездеседі. Радиал теңбілдік негізі діңнің орталық бөлігінде әсіресе қайың ағашында жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың, жәндіктердің әсерінен қабықтың құстармен зақымдануына байланысты пайда болады. Дөңгелек материалдарда теңбілдік есепке алынбайды. Ал тілінген сортименттермен шпонда олардың ұзындығы мен ені есептелінеді. Теңбілдік шпонның шытынауына әкеп соғады.
Қос өзектілік - екі ұшар басы бар діңді кескенде сортименттердің жоғарғы жағында екі өзекті байқауға болады. Мұнда екі өзектен басқа ядро және шелқабық қабаттарын кездестіреміз. Оларды өңдегенде майысу және жарылу жиі кездеседі. Өңдеу қалдықтарының көбеюіне әкеп соғады.
Өгей бұтадегеніміз - өсуін тоқтатқан немесе құрап қалған ірі бұтақты айтады. Ол сүрек құрылысының біртектілігін бұзады. Тілінген материалдардың беріктілігін төмендетеді.