Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет13/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Дің түбірінің шұғыл жуандануы - бұл кемістік дің сүйірлігіне ұқсас дің түбірінде ғана болады. Дің түбіріндегі диаметрі 1м-ден кейінгі диаметрден 1,2 есе жоғарласа ос кемістікке жатады. Көлденең кескінде пішініне қарай дөңгелек және қабырғалы шұғыл жуандану деп бөлінеді.
Бұлтық, шор (нарост, наплыв, кап) дің ұзындығында жергілікті шұғыл жуандануда бұлтық шор деп аталады. Ол тегіс және бұдрлы деп екіге бөлінеді. әртүрлі қолайсыз әсерлерден паразиттер, бактериялар, өсімдіктер, химиялық агенттер, қышқыл сілтілер, механикалық зақымдар әсерінен сүрек құрлысы деформацияланып сүрек талшықтар өзгеріп өседі. Нәтижесінде томпайған өсінділер пайда болады. Жаңғақ, қайыңда бұлтықтың салмағы 100кг-нан асып кетеді. Қайыңдағы бұлтықты кесіп алып емдік мақсатта қолданады.
Дің қисықтғы (кривизна) барлық ағаштардың діңдерінде қисықтық кездеседі. Көбінесе жалпақ жапырақтыларда бұл құбылыс жиі кездеседі. Діңде қисықтық біреу болса-қарапайым, екі және одан көп болса-күрделі деп жіктеледі.
Сүрек құрылысының кемістіктері
Сүрек талшығының бұралуы (наклон косослй волокон). Дің (сортимент) тік осьнен сүрек талшығының ауытқуын айтады. Тілінген өнімдер мен шпонда радиалды және тангенциалды талшық ауытқуы кездеседі. Кейбір діңдерде спирал тәрізді талшықтың айналып бұралған түрінде кездестіруге болады.
Сүрек талшығының бұйралануы (свилеватость). Көбінесе жалпақ жапырақтыларда кездеседі. Сүрек талшықтар бұралып және ретсіз орналасады. Көбінесе діңнің түбірі жағында болады. Екі түрге бөлінеді: толқынды және шатасып бұйралану. Толқынды бұйралану – шатасып бұйралануға қарағанда талшықтары толқынды иректеліп біршама ретті орналасады.
Сүрек бұйрасы (завиток) - бұтақтармен бітелген зақымдардың жанындағы жылдық қабаттардың қисайып өсуін айтады. Тілінген материалдарда және шпондарода доға скоба және басқа майысқан жылдық қабаттар контурлар байланысады. Біржақты және тесіп өткен бұйра деп екіге бөлінеді. Әсіресе олар ұсақ сортименттер үшін қауіпті. Себебі сыңғыштықты жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет