Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет10/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Деформация. Сүрекке қысқа мерзімде күшпен немесе жүкпен әсер еткенде сүректе деформация уақытша пайда болады. Белгілі бір уақытқа дейін кернеу мен деформация арасында тәелділік пайда болады. Байланысқан су мөлшерін және сүрек температурасын жоғарлаған сайын оның қаттылығы төмендейді. Күш түсірілген сүректі кепкеннен кейін немесе суытқанда белгілі бір бөлігінде қалдық деформациялар сақталады. Сүректің және басқада полимерлердің механикалық қасиеттерін реология ғылымы зерттейді. Бұл ғылым белгілі бір уақыт факторларының ішінде әсер ететін күштер арқылы материалдардың деформациялануының жалпы заңдарын зерттейді.
Эксплуатациялық және технологиялық қасиеттер (пайдаға асыру). Құрылыс конструкцияларында қолдану арқылы сүректің беріктігін анықтаудың маңызы зор. Эксплуатациялық қасиеттің басты көрсеткіші – ұзақ қарсыласу шегі. Ал енді ауыспалы алмасып тұратын күш әсер еткенде беріктік көрсеткіші серпімділік шегі болып табылады. Ағаштан жасалған конструкцияларды жобалаған кезде сүректің кіші үлгілерінің беріктік шкгін қолданбайды, керсінше одан бірнеше есе аз көрсеткіштер – есептік қарсыласулар қолданылады. Мұнда сүректің кемістіктерінің болуы конструкция элементтерінің үлкен мөлшерлері, ылғал, температура, күштің әсер ету ұзақтығы және тағы басқалар еске алынады.
Сүректің қаттылығы - сүрекке басқа затты енгізуін айтады. Қаттылықты сынау үшін жартылай сфера тәрізді темір ұшты пуансон қолданылады.
Сүректе қалған таңба тереңдігі арқылы сүректің қарсыласу қаттылығын анықтайды.
Сыртқы қабатының қаттылығы бойынша үшке бөледі:
1.Жұмсақ ағаш түрлері (қаттылығы 40-төмен (Н/мм))
2.Қатты ағаш түрлері (41-80Н/мм))
3.Өте қатты (80-нен жоғары(Н/мм)).
Соққыға қатылықты анықтау үшін диаметрі 25мм темір шайытты 0,5 биіктікте сүрек үлгісіне тастайды. Үлгідегі пайда болған таңба бойынша (таңба ені көбірек болған сайын сүрек жұмсақ болады). Яғни шарик көбірек батады.
Тозуға беріктілік (износостойксть) дегеніміз-беткі қабатының үйкелуіне байланысты біртіндеп бұзылуына немесе тозуына қарсыласу қабілеттілігін айтамыз. Зертеу арқылы сүректің бүйірі көлденең кескініне қарағанда тозуы жылдамырақ қаттылығымен тығыздығы артқан сайын тозуы төмендейді. Ылғал сүрек құрғаққа қарағанда жыладамырақ жүреді. Эксплуатациялық қасиеттерінің бірі бекіткіштерді (шеге, шруп, скоба және тағы басқалар) ұстап тұру қабілеттілігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет