Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет1/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya


Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 1
Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы
Әрбір жасуша сыртқы және ішкі бөлімнен тұрады. Олар өзара порамен (саңылаумен) байланысқан. Поралар қарапайым жиектелген және жартылай жиектелген болып бөлінеді. Қарапайым пора цилиндр тәріздес жұқа мембранамен қапталған қылқан жапырақты ағаш мембранасында қалың қабат-торус болады.
Сүректің негізгі анатомиялық элементтері:
1) сүрек паренхимасы
2) түтікшелер (жалпақ жапырақтылар)
3) шайыр жолдары (қылқандылар)
4) либриформ - сүрек талшығы
5) трахейдтер - әртүрлі көп бұрыш
6) өзек сәулелері.
Сүрек паренхимасыпризма пішіндес, қоректік заттарды (крахмал, қант, көміртегі, белок және т.б.) жинау, сақтау сонымен қатар қорғаныш заттарды өңдеу қызметін атқарады. Паренхима жасушалары ұзына бойына бірігіп, талшық түзеді. Көлденең кескінде дөңгелек немесе сопақша. Ол бөлімдерге бөлінген. Олар сұйықтыққа толы, өзара қарапайым поралармен байланысқан. Сүрек паренхимасы бірнеше топтарға бөлінеді:
1) шашыраңқы немесе диффузиялы паренхима (қайың, самчит)
2) шекаралық немесе терминалды паренхима (көктерек, үйеңкі, терек)
3) тангенциялды немесе нетатрахейалды паренхима (жөке, емен, қайың) 4) түтікше маңындағы немесе базицентрлік паренхима (шаған)
5) қанатша тәріздес паренхима (амур бархыты)
6) түіскен қанатша тәрізді паренхима (манжур шағаны).
Түтікшелер. Пішіні цилиндр тәріздес көлденең кескіндегі шеңбер немесе сопақша. Қоректік заттарды немесе суды өткізу қызметін атқарады. Қылқан жапырақты ағаштар сүрегінде паренхима жасушалары шайыр жолдары бойында және трахейдтер арасында орналасқан. Тисс және басқа да қылқан жапырақты ағаштарда болмайды. Жалпақ жапырақтағы паренхима жасушалары анатомиялық элементтер арасында орналасқан және ағаш түрін анықтағанда қолданылатын негізгі диагностикалық белгі болып табылады.


Пән: «Орман тауарларын тану»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет