Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет9/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Конденцациялық кептіргіштер - Электр энергиясы басқа жылулардан арзан болған жағдайда қолданған тиімді. Кейінгі уақытта сүректі кептіру технологиясы біршама өзгерді. Бұрын ағаш өңдейтін және ағаш тиейтін кәсіпорындарда үлкен кептіру цехтары салынатын. Қазір кішігірім фирмалар ағаш өңдеу процесімен айналысуда. Олардың тұтынылуы бір-екі камерамен шектеледі. Фирмалардың көшілігі ескі камераларды қайта қалпына келтірумен айналысуда. Ағаш өңдеу процесінің технологиясында тілінген материалдарды кептіру көбінесе бәсекелеске қабілетті және сапаны анықтайтын фактор. Ағаш сүрегінде су мөлшері көп болғандықтан саңырауқұлақтармен жеңіл зақымданады. Нәтижесінде шіриді. Ылғалды төмендету арқылы сүрек салмағын азайтасың, ал беріктігін жоғарлатасың. Құрғақ сүрек дымқылға қарағанда жеңіл өңделеді, әрі желімденеді. Өзінің мөлшерімен пішінін өзгертпейді. 1млн.м тілінген материалдар дайындау үшін 20 мың га орманды кесу керек. Сондықтан ағашты сапалы кептіру, орманның қорын сақтауда маңызы зор.
Практикалық мақсатта ағаш түрлерін бірнеше топқа бөлуге болады.
1.Жұмсақ ағаш түрлері-тығыздығы 450кг/м дейін.
2.Орташа қатты-тығыздығы 450-600кг/м
3.Қатты ағаш түрлері-600-750кг/м
4.Өте қатты ағаш түрлері-750кг/м жоғары.
Сүректі кептіру тәсілдері:
1. Атмосфералық кептіру - ең арзан кептіру тәсілі. Арнаулы алаңда белгілі бір ретпен жасалған төбесі жабық қапталдары ашық жаппаларда тілінген материалдарды кептіреді. Кемшілігі-кептіру процесін басқару мүмкін емес.
2. Вакуумдық кептіру - бұл технология 1964жылы шығарылған. Болат тот баспайтын камерадан тұрады. Камерада ауа болмайды. Тақтайлар алюминий пластинкалармен кезектестіріп бірге жиналады.

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 6
Тақырып: Сүректің механикалық қасиеттері
Сүректі конструкциялық материалдар ретінде қолданғанда әсер ететін күштерге қарсыласу (механикалық қасиеттері бойынша) қабілеттілігін осы дәріс сипаттайды. Механикалық күштерді (жүктерді) түсіру арқылы әсер ету қасиеттерін төмендегідей жіктейміз:
1. Беріктігі - механикалық күштерден бұзылуға қарсыласу қасиеті.
2. Деформациялылық - сүрек пішіндері мен мөлшерлерінің өзгеруіне қарсыласу қабілеті.
3. Технологиялық қасиеттер
4. Эксплуатациялық (пайдаға асыру) қасиеттері.
Сүректің механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері мынадай сынау түрлерінен тұрады:созу (екі жағынан қысып тарту), сығу (екі жағынан күштеп қысу), майыстыру және үйкеу анықтайды. Сүрек анитзатропты (сүректің әр кескіндерде әр түрлі болуы) күшті немесе жүкті талшық бойымен немесе оған көлденең әсер етеді. Қысу кезіндегі біртектігін анықтау үшін призма пішінді үлгілер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет