Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет11/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Майысуға қабілеттілік - сақина түкшелі ағаштар емен, шаған майысу қабілеттілігі жоғары, ал қылқан жапырақтыларда бұл қабілеттілік төмен болып саналады. Қыздырылған ылғал жағдайында сүректі майыстырады. Ылғалдылық жағдайында сүрек деформациялануы аз болады, әрі кептірілгеннен кейін майысу қалпы сақталады. Сүректің механикалық қасиеттері кеме, автокөлік, авиақұрылыстар жасауда тағы басқа жағдайларда ескеріледі.

Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс №7-8
Тақырып: Сүректің кемістіктері
Сүрек кемістігі дегеніміз - сыртқы пішінінің өзгеруі, сүрек құрылысының бұзылуы жасушалар мен ұлпалардың (ткань) бүтінділігі өзгнріске ұшырап, практикалық мақсатта пайдалану мүмкіндігін шектейтін және сүрек сапасын төмендететін кемшіліктер жатады. Халықаралық стандартизация бойынша ұйымның стандарттары (ИСО ұйымының) стандарттары бойынша бөренелердің кемістіктері ескеріліп мемілекеттік стандарттар дайындалады. Осы стандарттар бойынша барлық сүрек кемістіктері 9 топқа бөлінген:
1.бұтақтар
2.жарылулар
3.дің пішінінің кемістіктері
4.сүрек құрылысының кемістіктері
5.химиялық бояулар
6.саңырауқұлақ зақымдары
7.биологиялық зақымдар
8.механикалық жарақаттар бөгде заттардың болуы және өңдеу кемістіктері
9.майысулар
Майыстыру және үйкеу - сүрек структурасын анықтағанда (сүректің түрі әр кескінге әр түрлі болуы) күшті не жұқа талшық бойымен көлденең әсер етеді.
Деформациялық - сүрекке қысқа мерзімде күшпен не жүкпен әсер еткенде сүректе деформация уақытша пайда болады. Белгілі бір уақытқа дейін кернеумен деформация арасында тәуелділік пайда болып, байланысқан су мөлшерін және сүрек температурасын жоғарылаған сайын күш түсірілген сүректе кепкеннен кейін не суытқанда белгілі бір бөлігінде қолдан деформациялар сақталынады, оларды қыздыру немесе ылғалдылығы жоғалып кетеді. Механикалық қасиетін реалогия ғылымы зерттейді. Бұл ғылым-белгілі уақыт фактілері ішінде әсер ететін күштер арқылы материалдардың деформациялануының жалпы заңдарын зерттейді. Экспидиялық және технологиялық қасиеттері, құрлыс кострукцияларын қолдану арқылы сүректің беріктігін анықтаудың маңызы зор.
Бұтақтар - ең кең тараған сүрек кемістігі. Сортимент сүрегіндегі бұтақтың кесілген орны кемістік ретінде қарастырылады. Бұтақтардың өсу дәрежесі бойынша дөңгелек орман материалдарында ашық яғни сортимент қапталына шығатын және өспей қалған діңнің сыртына томпайып көрінуі арқылы екі түрге бөлінеді. Тілінген сортимент орналасуы бойынша, шашыраңқы орналасқан, топтанып және қосарланып орналасқан деп бөлінеді. Сүрек жағдайы бойынша бұтақтар сау, шіри бастаған, шіріген және темекі бұтақ деп бөлінеді. Тілінген материалдар мен шпонда бұтақ орнының түсіне байланысты ашық түсті, (қоршап тұрған сүрекке қарағанда күңгірт) және қошқыл түсті. Бұтақ илік заттармен, шайырмен боялған. Бұтақтар ағаш материалдарының сортын анықтауда әсер ететін басты кемістік болып саналады. Көптеген жағдайда сүректің сыртқы түрін нашарлатады, беріктігін бұзады. Сүрек талшықтары мен жылдық қабаттарының қисаюына әкеледі, соған орай механикалық қасиеттерінің көптеген көрсеткіштерін төмендетеді. Механикалық өңдеуді қиындатады.
Жарылулар: сүрек сортын анықтауда қолданылатын басты кемістіктердің бірі. Ішкі кернеудің әсерінен сүрек беріктігінің шегіне жетуіне байланысты талшықтардың бойымен болатын тік шытынауларды айтады. Түріне байланысты дөңгелек және тілінген материалдарда метикті (ішкі) ойылған және аяз жарылулары деп бөлінеді. Олар өсіп тұрған ағшта болады. Ал кесілген сүректе кебу жарылулары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет