Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет19/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

а) майлар - осы топта ең көп қолданылатындары мыналар:
таскөмірлі май – тас көмірлі шайырды өңдегенде шығатын зат. Ағашты бұзатын саңырауқұлақтарға қарсы, жәндіктерге қарсы жоғары уытты, сүректен жуылмайды, ұшпайды. Таза күйінде немесе қоспалармен қосып қолдануға болады.
Шпалға сіңетін қалайы найы - әртүрлі қалайы шайырларының қоспаларынан алады. Уыттылығы жағынан тас көмірлі маймен салыстырғанда төмен, сүректің біраз жануын жоғарылатады. Сонымен қоса, иісі айқын, жағымсыз. Сондықтан барлық жағдайларда қолдана бермейді.
б) май және органикалық заттарда еритіндер – осы топтың ең негізгілері пентахлорфенол, металл нафтенаттары.
Пентахлорфенол – сарғыш түсті кристалл зат. Ағашты бұзатын саңырауқұлақтарға, жәндіктерге қарсы өте уытты. инертті, суда ерімейді, сондықтан сүректен ұшпайды. Пентахлорфенол көптеген органикалық еріткіштерде және майларды жақсы ериді. Сондықтан қолдану салалары еріткіштерге байланысты.
Мыс нафтенаты – жасыл түсті. Ағашты бұзатын саңырауқұлақтар, жәндіктер үшін өте уытты, найлар мен органикалық еріткіштерде жақсы ериді, суда ерімейді, ұшпайды. Мыс нафтенаты сүректі жасыл түске бояйды, өңделген сүректі бояу қиын.
в) суда еритіндер, баяу жуылатын антисептиктербұл топқа суда еритін, бірақта сүректе өзінің еру қасиеттерін жоғалтатын антисептиктар жатады.
Натрий пентахлор феноляты – сары түсті кристалл зат, суда жақсы ериді. Ағашты бұзатын саңырауқұлақтар, жәндіктер үшін өте уытты, сүрек талшықтары өте жақсы сіңіреді, сондықтан беткі аймақта жинақталады. Көмір қышқылының әсерімен суда ерімейтін натрий пентахлорфенолятына айналады. Негізі тілінгенген материалдардың бетін өңдеу үшін қолданады.
ХН-5 препараты – мыс купоросы мен натрий хронпигінің бірдей бөлшек қоспалары. Осы препарат сіңген сүректе. қышқыл мыс хронаты пайда болады, олар суда ерімейтіндіктен талшықта тұнады. Өте уытты, санитарлық тәртіпті сақтаса адам мен малға зиянсыз. Тропикалық климаттағы мемлекеттерге жіберетін ағаштан жасалған заттарды өңдейді.
ФХН препараты (фтор – хлорлы - мышьяк) – фтор, хром, мышьяктың қоспалары. Өте уытты. Негізі электр линияларындағы діңгектерді өңдейді.
ХХЦ мырыш хронхлориды - қоспаның 78% нырыш хлоры және 22 % натрий хронпигі. Суда аз еритін тұз, уытты. Препараттың көп мөлшері сүрек төзімділігін кемітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет