Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет15/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Дің бүйірінің құрғауы - діңнің бір бүйірінің ұлпаларының өлуін айтады. Көбінесе қабықсыз шеттерінде бұлтық немесе шор орналасады. Қабықтың сыдырылуынан өрт күйігінен немесе өсіп тұрғанда қабығына тікелей күн сәулесі әсерінен камбий қабатының өлуінен пайда болып қылқан жапырақтыларда ол шайырланып тұрады. Негізінен тілінген материалдар мен шпон дайындағанда өңдеу қабығын жоғарлатады.
Рак (ағаш кеселі) - өсіп тұрған ағаштардың саңырауқұлақтардың бактериялардың әсерінен діңнің беткі қабатында пайда болады. Ол екіге бөлінеді: ашық және жабық.
Шайыр қалталары - қылқан жапырақтылардың сүрегінде жарақат әсерінен пайда болған шайырлы учаскелер.
Су қабаты - қылқан жапырақтылармен (әсіресе шырша мен майқарағайда) жалпақ жапырақтылардың (көктерек, қарағай, терек) дің түбірінде жиі кездеседі. Оның ылғалдылығы жоғары болып келеді. Тілгеннен кейін кептіргенде су қабаты ағарып, онда ұсақ жарылулар пайда болады. Су қабатындағы ылғалдылық қалыпты ылғалдылықтан үш төрт есе артық болады. Оның пайда болуы толық анықталған жоқ.
Шіріктер
Негізінен үш кезеңнен тұрады. Саңырауқұлақтардың споралары жарақаттанған сүрекке түскеннен кейін біртіндеп дами бастайды. 1. Сүрек түсі өзгереді, бірақ сүректің құрылысы бұзылмаған физикалық механикалық қасиеттері өзгермеген. 2. Сүректің құрылысы өзгереді. Механикалық және физикалық қасиеттері төмендейді, шіру процесін байқауға болады. Мұндай сүректен дайындалған сортименттер стандарт бойынша төртінші сортқа жатады. 3. Шіру сүрекке терең тараған физикалық механикалық қасиеттері төмендейді. Сүрек отын ретінде жылу бөлмейді. Сүрек өзінің ылғалдылық қасиеттерін жоғалтады.
Механикалық зақымдар
Карра - қылқан жапырақтылардан шайыр алу мақсатында қабығы аршылған, арнаулы аспаптармен зақым жасалған ағаш діңіндегі участок. Мысалы: қабық сыдырылуы, ара, балта іздері, шеге сол сияқты металл заттардың қағылуы.
Пән: «Орман тауарларын тану»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет