Пән: Оториноларингология



бет1/8
Дата14.05.2024
өлшемі3,35 Mb.
#202130
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
бөгде заттар


Пән: Оториноларингология
Орындаған:Калипаева Нұрәсeл
Курс: 4
Мамандығы:Жалпы медицина
Тобы: 420- А
Алматы 2024 жыл
КІРІСПЕ
Бөгде заттар - организмге жат заттар және оның бөліктері, сондай-ақ табиғи сырткы дыбыс жолының тесігі арқылы түсіп, оның қуысында қалып қойған шіркейлер. Әр түрлі есту жолындағы бөгде заттар көп жағдайда балаларда кездеседі және олар ұзақ уақыттар бойы еш белгі бермейді, тек уакыт өте келе кұлық пенэпидермалық заттар оның қалыңдауына алып келеді. Бұл кезде есту жолынын бітелуі құлақтағы ынғайсыз жағдайды туғызады (құлақ бітелуі, шу, үйкелу сезімі). Сыртқы құлақ жолына түрлі бөгде денелер (таракан, шыбын және басқа жәндіктер) олардың қозғалуы барысында ауырлық сезімін тудыра- ды. Бірак кұлаққа глицерин немесе қандай да бір майды немесе спиртті тамшылар қолдану арқылы жәндіктерді өлтіріп, науқасқа қолайсызлық тудыратын қозғалыстарды тоқтатамыз.
Бөгде заттарды үш санатқа бөлуге болады:
01
1. Тірі бөгде заттар-жәндіктер, науқастың құлағына ұйқы кезінде енеді(құмырсқа, тарақан, өрмекшілер т.б.). Бұл кезде кенеттен құлақтағы шуыл, ауырсыну, қытықтау, есту төмендеуі.
2. Өсімдік тектес туындыдан-шемішке, дән және т.б. Бөгде заттың біртіндеп ісінуіне байланысты естудің төмендеуі, содан кейін шуыл, ауырсыну, аутофония, бас айналу және жүрек айну.
03
3. Басқада бөгде заттар-мақта, сірінке, қағаз, түйме және т.б . Бұл сияқты заттар науқаста шағымдар шақырмайды, сыртқы есту жолында ұзақ болса гиперемия және тері ісінуін дамытады.Үшкір бөгде заттар тін зақымдануын шақыруы мүмкін.
02
Клиникалық көріністері:
  • Ауырсыну
  • Шуыл
  • Қышу
  • Естудің төмендеуі


Диагностика
  • Шағымдары
  • Объективті қарау
  • Отоскопия

Отоскопия жасау тәртібі.
Ауру зерттелетін құлағын дәрігерге қарата, басын кері бұрып отырады. Дәрігер сыртқы есту тесігі аймағына рефлектордан жарық бағыттайды. Оң құлақты қарап көру үшін құлақ воронкасын есту тесігінің бастапқы бөлімдеріне оң қолмен кіргізеді де, ал сол қолымен құлақ қалқанын артына және жоғары қарай тартады. Сол құлақты қарау үшін керісінше, құлақ қалқанын оң қолмен тартып, сол қолмен воронканы құлақ ішіне кіргізеді. Құлақ воронкасының диаметрі әртүрлі,сондықтан аурудың сыртқы есту тесігінің көлеміне қарай туралап алады. Есту тесігіне кірген құлақ воронкасын сәл жоғары төмен оңға солға қозғауға болады, ол дабыл жарғағының барлық бөлімдерін мұқият қарауға мүмкіндік береді. Толық мәлімет алу үшін дәрігер оның барлық белгілі бөлімдерін тексеріп, сонымен қатар жарғақтың керілген және керілмеген бөліктерінде болатын өзгерістерді(жарық конусының, тесіктің бар-жоғын және т.б.) байқау керек.
Қосымша тексерулер:
  • КТ
  • МРТ


Сыртқы есту жолынан бөгде затты алу тәсілі
Құлақта бөгде заттың ұзақ тұрып қалуы науқас үшін өте қауіпті. Науқастың өздігінен бөгде затты шығару үшін пинцет, зонд, шпилька, тігіс сымдары секілді өткір заттарды қолдану әрекеттері көп жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Мұның ең қарапайым да оңай жолы мынадай: медициналық шприцке (сиымдылығы 20 грамдық) жылы суды (35-36град.) толтырып алып, соны сыртқы жолына бүркіп жіберу керек. Мұндай әдіспен құлақта кездесетін көптеген бөгде заттарды шайып алып тастауға болады. Бұл ретте ескеретін бір жағдай сол, егер зардап шегуші адам сыртқы дыбыс жолына зат түскенге дейін өзінің құлағынан бұлақ аққандығын, не болмаса ортаңғы құлағының созылмалы ауруына шағымданса, онда жаңағы әдісті қолдануға болмайды.
Өйткені мұндай жағдайда сыртқы есту жолынан дабыл жарғағының тесігі арқылы құлаққа су кетеді, сөйтіп әр түрлі микробтар түсіп, ортаңғы құлақты зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайда бөгде затты ұшы жұмыр кішкене ілмешек (зонд) арқылы алған жөн. Ол үшін зондты бөгде заттың үстіңгі жағы мен сыртқы дыбыс жолының жоғарғы қабырғасы аралығындағы ашық саңылау арқылы көлденең ұстап, еппен кіргізіп, ілмек ұшымен бөгде затты іліп алып, сыртқа қарай тартып алу керек. Егер мұндай әдіспен бөгде зат алына қоймаса, онда осы амалды өте ұқыптылықпен орындай отырып, зондты құлаққа екінші немесе үшінші рет қайталап салу керек. Бөгде затты зондпен алғанда, зардап шегушінің қимылдамай отыруы шарт. Сондықтан да жас бала болса, оны мықтап ұстап, тіпті болмаған жағдайда қысқа мерзімге наркоз берген дұрыс.Егер сыртқы дыбыс жолында бұршақ, бадана сияқты бөрткен, ісінген бөгде зат болса, онда оны алдымен бүрістіріп, кішірейтіп алу керек. Ол үшін құлаққа жылы күйінде 8-10 тамшы спирт немесе глицерин тамызып, құлақты осы күйде 15-20 минут ұстау керек, осыдан кейін ғана бөгде затты шайып немесе ілмек зонд арқылы тартып алуға болады
онда ең алдымен өлтіру керек.
Ол үшін құлаққа жылы күйінде өсімдік майының 8-10 тамшысын тамызу керек. Мұндай жағдайда құлақтағы тірі жәндік тұншығу салдарынан кері шығу немесе өлуі мүмкін. Өлген жәндікті сумен шайып(сурет-5) алып тастау қиын емес.
Егер бөгде зат дөңгелек болса оны медициналық пинцетпен алуға болмайды. Өйткені, мұндай жағдайда оны әрі қарай сыртқы дыбыс жолының ішкі жағына жіберіп алу қаупі бар. Онда оны алу өте қиынға соғады. Сондықтан мұндай затты тек сумен шаю немесе ілмек зонд арқылы алу керек.Ілмек зонд қолданғанда байқаусызда сыртқы дыбыс жолының қабырғасы жарақаттанса, оның қызарып, ісініп қабынуы мүмкін, сыртқы дыбыс жолының сол қабынуы қайтқанша 2-3 күн күткен жөн.
Егер құлаққа түскен бөгде зат үлкен болып, әрі сыртқы дыбыс жолының ішкі
жағына кіріп, дыбыс жарғағын жарақаттап, ортаңғы құлақтың қуысына барып тұрып қалған болса, зардап шегушіні дереу маман дәрігерге жеткізу қажет. Өйткені, мұндай бөгде денені операция жасау арқылы алу керек.
сыртқы дыбыс жолына тірі жәндік түссе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет