3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Ш. Құдайбердиев
Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді.
Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.
Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын жасы Олай болса М. Шахановтың Естайдың 72-ге келіп, тіршілікпен қоштасар сәтінде аласыұрып, жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан, арбаға жамбастай жатып, досына жеткен екен. Сонда Естай ақын әбден жұқарып, тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп:
«Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт. Мына жүзікті жарты ғасыр саусағымнан тастамай келгенімді білесің, енді қалған уақытта да қолымда жарқырап жатсын деген. Ұлы сезімін кішкене жүзікке сыйдырған қайран Қорланым-ай!» – деп ағыл-тегіл жылапты. М.Шаханов осы оқиғаны Евгений Евтушенконың үйінде шетелдік қонақтармен бас қосуда әңгімелеп бергенде, итальян мүміншісі: Мұнда сүйгеніне қосыла алмаған ғашықтардың сағынышы мен зары ғана емес, бүкіл бір ұлттың махаббатқа деген мінезі мен ерлігі жатыр екен - деп баға берген.
Сұрақтар:
Адамның бойындағы қандай қасиеттер оның өмірін жақсартуға көмектеседі?
Неліктен жақсылық жүректен шығады деп айтады?
Айналаңдағы адамдармен тату болу үшін қандай игі істер жасар едіңдер?
Адам өмір бойы бір адамға ғашық болып өтуі мүмкін бе?
Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер?
|
|