5. Топпен ән айту.
Ырзамын
Мұқағали Мақатаев
Тағы да көрдім,
Тағы да көрем таң нұрын!
Аязын қыстың,
Аяулы жаздың жаңбырын.
Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,
Ырзамын саған!
Ырзамын саған, тағдырым!
Шаршаған шақта,
Шақырып сені жекпе-жек,
Басыма менің,
Бақыттан басқа төкпе деп,
Тағдырым, саған
Жүріппін босқа өкпелеп.
Өшпестей етіп,
Өмірдің жазған бұл заңын,
Түсінбей кейде,
Тосырқап менің жүр жаным.
Кеудемде мына,
Өзің сыйлаған бір жалын,
Лапылдап жатыр,
Тағдырым, саған ырзамын
|
|
6. Үй тапсырмасы.
1. №1– сабақ. 1 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №2, «Адамды сүйе біл» мәтінін оқып келу.
|
|
7. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
1 – топ: «Адамгершілік»
Адамның адамшылығы – ..., ғылым, жақсы ата – ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады.
Жақсы адам ... белгілі.
... ... ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
Адамгершіліксіз адам ... келеді,
Жан жағын жаппай келеді.
Адамгершілікті адам жай – жай келеді,
Жан – жағын ... келеді.
2 – топ: «Ізгілік»
Ар қайда болса ... сонда.
..., ар, ұят – адамдықтың белгісі.
Әдепті бала ... атпен тең.
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.
... істеуден жалықпа
Істеген ... өкінбе!
3 – топ: «Әділеттілік»
Биікке шықсаң ... ашылады,
Жақсымен сөйлессең ... ашылады.
Ұят жүрген жерде ... төгілмейді.
Абырой бар жерде ар шапан сөгілмейді.
Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы сөз – ... тынысы.
Сыйға сый, сыраға бал.
(Сыйға сый, сыраға ...)
Достарыңызбен бөлісу: |