Пән: Педиатрия



бет3/4
Дата14.12.2021
өлшемі40,12 Kb.
#127193
1   2   3   4
Байланысты:
гастрит
9 лекция
Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері :

1. Асқазан және 12 елі ішек ойык жарасынын асқынуы ( қатты ауырсыну , құсу, диспесиялык синдром ) . 2. Ойык жараның ауыр өтуі ( малингнизацияга тексеру максатында ) . 3. Қосымша басқа аурулардың болуы .



Ауруханага жоспарлы жатқызу үшiн жүргізілетін тексерулер :

1. ФЭГДС . 2. АЛТ , АСТ , билирубин . 3. Ішек кұртына тексеру . 4. Энтеробиозга жағынды алу .

Диагностикалык критерийлер :

1. Эпигастрий аймағының сыздап ауыруы , антацид немесе тамақ ішкеннен кейін калпына келедi . 2. Диспесиялык синдром ( тоқсу , құсу , қыжылдау , кекіру ) . 3. Астено - вегативті өзгерістер .



Диагностикалық тексерулер :

1. Жалпы қан анализі ( Ег , Нь , L , ЭТЖ ) . 2. Жалпы зәр анализі . 3. Энтеробиозға жағынды . 4. Копрограмма . 5. Кұрасак куысы мушелерін УДЗ жүргізу . 6. Эзофаггастродуоденоскопия. 7. Гистологиялық зерттеулер. 8. Асқорыту мүшелерінің жоғарғы бөлігінің тәуліктік рН- метриясын жүргізу. 9. Стоматолог кеңесі.



Емдеу тактикасы.

Диета сақтау ( ащы, дәм келтіргіштер, маринадталған және консервіленген тағамдар берілмейді). Тамақ аз мөлшерде,тәулігіне 5-6 рет беріледі. 3 компонентті терапия, Рабепразол 20мг немесе омепразол+кларитромоцин 7,5 мг/кг (мак 500 мг)+амоксициллин 20-30мг ( мак 1000мг) немесе метранидазол 40 мг/кг мак 500мг). Барлық дәрілер 7 күн бойы тәулігіне 2 рет қабылдайды . Бiрiншi қатар препараттарынан әижете болмаған жағдайда емге коллоидты субстрат висмут (Де нол ) 4мг / кг ( мак 120 мг) тамақтан 30 мин бұрын тәулігіне 3 рет және 4 - шi рет тамақтан 2 сағат өткесін , ұйықтар алдында беріледі . 12 елі ішектiң қозғалыс қызметін , өт жолдарының қызметiн қалпына келтіру мақсатында прокинетиктер - домпериодон 0,25 . 1,0 мг / кг салмағына тәулігіне 3-4 рет тамак iшерден 20-30 минут бұрын 2 апта беріледі . Ішкi мүшелердің бұлшық ет қабатының жиырылу қызметiн жақсарту мақсатында гиосцин бутилбромид 10 мг / тәулігіне 2-3 рет берiледi. Қажет болған жагдайда антацидтар ( Маллокс , Алмагель . Фосфолюгель ) , цитопротекторлар ( сукральфат , де нол , вентрисол , бисмофальк ) , кілегей қабықтың қызметiн жақсарту мақсатында ( солкосерил , актовегин ) , вегетотропты препараттар ( Павлов микстурасы , Валериянка тұнбасы ) тағайындалады . Емдеу уақыты 4 аптадан кем болмауы керек .



Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28.12.2007 жылгы №764 бұйрығымен бекітілген медициналық қызыметтің сапасын бақылау комитеті жолдаган аурулар диагностикасы мен емін жүргізудің хаттамасы .

Емнiң мақсаты :

1.Қабыну процесін тоқтатып , ауырсыну синдромын басу . 2. Ауыз қуысы кілегей қабығына санация жургізу . Стоматит дегенiмiз ауыз қуысы кiлегей кабыгынын кабынуы .



Жіктелуi :

  1. Кандидозды стоматит ( уылу ) . 2. Афтозды стоматит ( қоздырғышы анықталмаған ) . 3. Герпесті стоматит .

Бейімдеуші факторлар :

1. Кандидозды стоматитте - ерте жастагы балалар , иммунодефицитты жагдай , ортопедиялык аппарат киетін балалар , фондык аурулары бар балалар . 2. Афтозды стоматитте - 6 айлық - 3 жас аралыгындагы балалар , иммунодефицитты жагдай , санитарлық жағдайының төмендегі , фондық аурулыр . 3. Герпесті стоматит ерте жастағы балаларда кездеседі .



Диагностикалық критерийлер :

1. Афтозды стоматитте - дөңгелек пішінді , ауыратын және ойылған жаралар, кілегей қабықта орналасады , көбіне қимылдайтын ұрт кілегей қабығында орналасады . Жара жеке немесе бірнеше болып орналасады , бетiн сұр тустi қабыршақ жабады , айналасы қабынып , қызарып тұрады . 2. Герпесті стоматит ұрт , қызыл иек , қатты таңдайда , тiлiнде қызарған , iсiнген , ауырсынатын ойылған жаралар орналасады. Қызба дене t 40°. 3. Кандидозды стоматит- ауыз қуысының кілегей қабығында ақ түсті ұйыған сүт тәрізді қабыршақ пайда болады. Кілегей қабығы құрғақ диффузды эритема анықталады.

Диагностикалық іс шаралар:

1.Стомотолог консультациясы



Емдеу тактикасы:

1.Науқасты оқшаулау ( бөлек ыдыс, гигеналық жабдықтар).

2.Жұмсақ, сүттен жасалған диета.

3.Сұйықтықты көп беру ( қайнаған су, жеміс жидектен жасалған шырын)

4.Саңырауқұлақ анықталған жағдайда ауыз қуысының кілегей қабығы 1% метилин көктің сулы ерітіндісімен, 1% клотримазол майы немесе кремімен таңертең және кешкісін сүртеді.

5.Афтозды және герпесті стоматитте кілегей қабықты 3 % сутегiнiң асқын тотығымен, 1 : 10000 перманганат калий ерiтiндiсiмен 0.02 % фурациллин ерітіндісімен тамақ ішер алдында және болғасын сүрту керек . Тамақтан бұрын ауырсынуды 10 % анестезин эмульсиясы , 1-2 % танин колданылады . Тәулігіне 4 рет интерферон майы 0,25% оксалин майы колданылады .

6. Дене температурасы жоғары көтерілсе парацетамол беріледі : 3 айға дейін 10 кг салмағына , 3 ай - 1 жаста 60-120 мг . 1-5 жаста 120-150 мг , 6-12 жаста 250-500 мг , 12 жастан кейін ( дене салмагы 60 кг ) 500 мг берiледi .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет