Пән силлабусы пән туралы ақпарат Пәннің атауы: «Әлеуметтану»



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата06.12.2023
өлшемі324,63 Kb.
#195281
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Социология силлабус каз.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат 
Пәннің атауы: «Әлеуметтану» 
Кредит саны: 2 
Курс, семестр: 1,1 
Білім бағдарламасының атауы және шифры______________________________________________ 
Институт: Тарих және құқық 
Кафедра: Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы 
Оқытушының аты-жӛні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі: Мұқажанова А.Ж. - саяси 
ғылымдарының докторы, доцент 
Контактілік ақпарат (телефон, e-mail): +77777415529, almira75@inbox.ru 
 
2. Бақылау түрі
(
ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)
*
 
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)

0,6 + емт

0,4 
 
3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсатықазіргі қоғамдық-саяси өмірде бағдарлануға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық 
мәдениет дағдыларын меңгерген, жаһандық әлеуметтік өзгерістерді, азаматтық қоғам және 
оның институттарының даму динамикасын түсінуге, талдауға және қорытындылауға 
көмектесетін тұжырымдамаларға ие болашақ мамандарды қалыптастыру болып табылады. 
Пән студенттердің әлеуметтік білімнің ерекшелігін түсінуін, әлеуметтік қауымдастықтар мен 
олардың өзара іс-қимыл институттарының пайда болу заңдылықтарын, ықтимал әлеуметтік 
шиеленістер мен қақтығыстар және оларды шешу жолдарын түсінуге, белсенді өмірлік және 
азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді. 
Пәннің негізгі міндеттері:білім алушыларда қоғамның негізгі әлеуметтанулық категориялар мен 
зерттеу теориялары туралы түсініктерді қалыптастыру; макро, мезо және микродеңгейлердегі 
әлеуметтік мәселелерді талдай білу;әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу әдістемесін меңгеру 
дағдыларын қалыптастыру; қоғамда болып жатқан түрлі әлеуметтік құбылыстар мен 
процестерге объективті баға беру;қоғамның тыныс-тіршілігінің әртүрлі салаларының 
үрдістерін, қайшылықтары мен проблемаларын, қоғамдық өмірдің қандай да бір саласындағы 
түрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін талдау және сыни бағалау;қоғамның, жеке 
тұлғаның қажеттіліктерін және әлеуметтік-мәдени білімнің пайда болатын жеке тұлғалық 
және әлеуметтік мәселелерді шешуде мүмкіндіктерін түсіну болып табылады 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет