Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат) 1-сабақ.
1. Білім, ғылым және жастар саясаты. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық.
2. Мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.
2-сабақ 1. Қазіргі білім беруді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы мәлімет.
2. Сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.
3-сабақ 1. Заттың (жақ, тарап) анықтамасы (Қазақстан жастары), салыстыру құрылымдарының берілуі, іс-қимылдың мекені (елімізде, оқу орындарында)
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 11, 12, 13, 14, 17
СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. Білім және ғылым туралы туралы мақал-мәтелдер жинау
2. «Ел болашағы білімді ұрпақта» тақырыбында эссе жазу
3. Тақырыпқа қатысты сұхбат құрастыру
4. «Ғылым көкжиегінде білімді ұрпақ» реферат дайындау
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. Білім және ғылым туралы туралы мақал-мәтелдерді жаттау
2. «Ел болашағы білімді ұрпақта» тақырыбында эссені талқылау
3. Тақырыпқа қатысты сұхбат жүргізу
4. «Ғылым көкжиегінде білімді ұрпақ» рефератты қорғау
1-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақ-жауап арқылы сұхбат құрастырыңыз.
Жастар саясаты
Жастар саясаты департаменті университеттің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастырып, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар саясатын жүзеге асырып, маңызын айқындайды. Университеттегі қоғамдық-тәрбие жұмысы тікелей департаменттің басшылығымен іске асып отырады. Студент-жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын, қазақ халқының мәдени салт-дәстүрін ұстану, адамгершілік, терең рухани байлық, азаматтық бейнесін қалыптастыруға тәрбиелейді.
Студентке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытып және сонымен қатар Қазақстанның ұлтжанды азаматы ретінде әлеуметтік қызметте жоғары кәсіби біліктілігін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Студенттердің гуманисттік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады.
Жастар саясаты департаментінің мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасау. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, оларға өзін-өзі дамытуда әлеуттік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, ғылыми, шығармашылық жағынан камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау білдіру.
Көшбасшылық дағдылары бар бастамашыл және талантты жастардың толық қалыптасуына қолдау білдіру
Жастарға азаматтық білім мен патриоттық тәрбие беру, жастар арасында олардың мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету