Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет40/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Туған жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқасымен толықтырып жазыңыз.



Туған жердей жер болмас,

Елі азғанның ері азады.

Ер туған жеріне,

Шетте жүргенде білерсің.

Жері азғанның елі азады

Өз еліңде ұлтан бол.

Пәлен жерде пайда бар,

Өз жеріңдей қайда бар.

Туған жердің қадірін

Ит тойған жеріне.

Өзге елде сұлтан болғанша,

Туған елдей ел болмас.



3-тапсырма. Жұмбақ өлеңдерді оқып, жауабын табыңыз.

Бір үйде біз нешеуміз?


Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым — атам,
Балан үйрек — апам,
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек — анам,
Кішкентай бөбек — мен.
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде — ......
***
Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар.
Әкемнің әкесі,
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі,
Ақ шашты әжем бар.
Ұлдардың үлкені,
Бір туған ағам бар.
Қыздардың үлкені,
Бір туған әпкем бар.
Ұлдардың кішісі,
Бір туған інім бар.
Қыздардың кішісі,
Бір туған қарындас,
Әпкеге — сіңлі бар.
Нешеу болдық?
15-ТАҚЫРЫП. Тұрғын үй және сәулет


Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сырт келбеті.
2. Мәтінмен жұмыс түрлері
2-сабақ
1. Қазіргі заманауи үйлер, олардың ерекшеліктері туралы ақпарат.
Баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндерді бағалау, қорытындылау.
2. Баяндау және пайымдау мәтіндерін құру
3-сабақ
1. Көмекші есімдер (айналасында, сыртында, маңайында). Күшейткіш мәнді сөздер (нағыз, керемет, теңдессіз )
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 10, 12, 15, 17, 18, 19


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндермен жұмыс (оқу, аударма, сөздікпен жұмыс)
2. «Қазіргі заманауи үйлер» тақырыбында материалдар жинау
3. «Сәулет» тақырыбында сөзжұмбақ құрастыру
4. «Еліміздегі көрнекті сәулет туындылары» тақырыбында эссе жазу
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндерді оқу, аудару, сөздікпен жұмыс түрлері
2. «Қазіргі заманауи үйлер» тақырыбында жинақталған материалдармен жұмыс
3. «Сәулет» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу
4. «Еліміздегі көрнекті сәулет туындылары» тақырыбында эссені талдау.


1-тапсырма. Мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу.
Сәулет өнері
Сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді. Грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген. Олар:
а) беріктік - инженерлік есеп;
ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;
б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.
Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты.

2-тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер
1. Сәулет өнері дегеніміз не?
2. Сәулет өнері атқаратын қызметіне қарай қаншаға бөлінеді?
3. Сәулет өнерінің туындылары нені қалыптастырады?
4. Сәулетші болу үшін нені білу керек?
5. Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармалар қандай қасиетті керек етеді? Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?
6. Ірі тастардан қаланған қандай монументті құрылыстарды білесіңдер?
7. Қазіргі ұрғын үй сапасы қанағаттандыра ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет