СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.Көлік қатынасы туралы материалдар жинау.
2. Логистика туралы мәтіндермен жұмыс (оқу, аударма)
3. «Логистика» сөзіне сөзжұмбақ құрау
4. Көлік тасымалының түрлері туралы конспект жазу
5. Логистика ғылымы туралы глоссарий құрастыру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.Көлік қатынасы туралы материалдармен жұмыс.
2. Логистика туралы мәтіндерді оқу, аудару, мәтінді әңгімелеу.
3. «Логистика» сөзіне құралған сөзжұмбақты шешу.
4. Көлік тасымалының түрлері туралы конспектіні талқылау
5. Логистика ғылымы туралы глоссарийді жаттау
1-тапсырма. Логистика туралы мәтіндерді оқу, аудару. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақты жауабымен жазыңыз. Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу,қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.
Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.