3-тапсырма. Көсемше туралы оқып, мысалдар келтіріңіздер
Көсемше жұрнақтары:
-ып,-іп,-п
-а,-е,-й
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі
-қанша, -кенше, -ғанша, -генше
Мысалдар:
Көре-кере көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
Таң атқанша көз ілмедім.
4-ТАҚЫРЫП. Танымал тұлғалар
Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы, оның мақсаты, жоба жеңімпаздары, елімізге ең танымал есімдер туралы мәлімет.
2. Тақырыпөа қатысты материалдар жинау
2-сабақ
1. Есімшенің анықтауыштық қызметі (айтылған ой, айтқан ұсыныс, таңдаған кәсіп).
3-сабақ
1. Шектік (тежеу) демеуліктері (ғана, тек қана).
2. Тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 11, 13, 17
СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Өнегелі ғұмыр» бейнефильм көру және талдау жұмыстарын жасау.
2. «Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында реферат жазу.
3. Тақырыпқа қатысты тапсырмалар орындау
4. «100 жаңа есімі» жобасын қолдаймыз. Сұхбат құрау
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Өнегелі ғұмыр» бейнефильм көру және талдау жұмыстарын жүргізу.
2. «Заманауи Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында рефератты қорғау.
3. Тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау
4. «100 жаңа есімі» жобасын қолдаймыз. Сұхбат жүргізу
1-тапсырма. Мәтінді оқу, аудару, сөдікпен жұмыс жүргізу. Мәтін бойынша бірнеше сұрақты жауабымен жазыңыз.
Рухани жаңғыру: 100 жаңа есім
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы қолға алынды. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын.
«Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
Елдегі меценеттар мен қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген меценат тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады.
Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын сағат санап өсіп жатқандай. Республикаға танымал адамдармен қатар игі іс тындырған өзге де жайсаң тұлғалар жобаға ұсынылуда.
Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |