Пән туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушылары



бет4/51
Дата16.11.2022
өлшемі308,27 Kb.
#158447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Ï?í òóðàëû æàëïû ì?ë³ìåòòåð Ï?í î?ûòóøûëàðû

Бекіту сұрақтары:
1.Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері.
2.Философияның анықтамасы, пәні мен бағыттары.
3.Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлі.
4.Дүниеге көзқарастың тарихи типтері.
5.Адамды танудағы фтлософияның рөлі.
Әдебиет:

  1. Кенни А. Антика философиясы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018. -364 б.

  2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 224 б.

  3. Кенни Э. Орта ғасыр философиясы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 352 б.

  4. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2018. – 368 б.

  5. Алексеев П.В. Философия: учебник/ П.В.Алексеев; П.В.Алексеев, А.В.Панин. – 4-е изд., перераб. И доп. – М.: ТК Велби; Изд-во Проспект, 2013

  6. Габитов Т.Х. Философия [Электронный ресурс]: учебник / Т.Х. Габитов. – Алматы: Юридическая литература, 2015.- (Электронная книга).

  7. Губин, В.Д. Философия: учебник / В.Д. Губин. – М.: ТК Велби; Изд-во Проспект, 2014

  8. Спиркин, А.Г. Философия: учебник для технических вузов / А.Г. Спиркин. – М.: ГАРДАРИКИ, 2012

9. Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т.т. – Алматы, Өнер,2013
10. Абдильдин Ж.М., Абдильдина Р.Ж.. История философии. – Алматы, Асем-Систем,2013
11. Аналитическая философия: избранные тексты. – М., Наука, 1993
12. Асмус В.Ф. История античной философии. – М., Наука, 1976.


Тақырып 2: Философияның пәні мен әдісі
Сағат саны: 2 сағ.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Философияның әдісі.
2. Философияның функциялары.


Дәріс тезисі:
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: материализм, идеализм, эмпиризм, рационализм.
Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: дүниеге көзқарастық; методологиялық; теориялық; гносеологиялық; сыншылдық; аксиологиялық; әлеуметтік; тәрбиелік-гуманитарлық; эвристикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет