Тақырыптың жоспары: 1.Әлеуметтанулық теория және Макро- және микро-деңгейлер.
2. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. Спенсер).
3. Құрылымдық функционализм. Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм. Рөлдік теориялар.
Дәріс тезисі: Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлер. Әлеуметтік тәжірибедегі себепсалдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы. Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдерге.
Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы. О.Конттың қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілімне. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануына. XX ғ. әлеуметтануы. А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы. В.Паретоның циклдық өзгерістер теориялары. ХІХ-ХХ ғғ. қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және т.б. қазақстандағьі әлеуметтанулық ойдың институционализациясы. Н.Аитовтың, В.Черняктың, М. Аженовтың, К.Биекеновтың, К.Габдуллинаның, М.Тажинның, С.Сейдумановтың, М.Садырованың және т.б. еңбектеріндегі қазіргі заманғы әлеуметтік процестерді әлеуметтанулық талдау. Қазақстандық әлеуметтанудың бүгінгі жағдайы: қиыншылықтар, жетістіктер, проблемалары.
Қоғамды функционалдық түрғыдан зерттеудің негізгі принциптері (Г.Спенсер, Р.Мертон, Т.Парсонс). Чикаголық мектептің негізгі идеялары. Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалар:(құрылымдық– функционализм, дау –жанжалдық ыңғай т.б.); Индустриалды әлеуметтанудың пайда болуы (Э.Мэйо); Эмпирикалық әлеуметтанудың пайда болуы; ХХ ғ. әлеуметтанудың басты мектептері (символикалық интеракционизм, феноменологиялық, неофункционализм т.б.).