Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»



бет7/39
Дата01.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#170584
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов
Тіл тарихын дәуірлеу СИЛЛАБУСЫ, Үстеу тақырыбына деңгейлік тапсырмалар
4 апта
Дәріс 4
Тақырыбы: Ұлттық әдеби - теориялық ой – пікірлердің туу және қалыптасу кезеңдері, тарихы,ізденіс арналары.
Дәріс мазмұны: Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу тарихы, ондағы әдеби мұраның игерілу мен зерттелуі проблемасы «Әдеби мұра және оны зерттеу» (1961), көп томдық «Қазақ әдебиеті тарихында», жаңаша танымдағы теориялық және әдіснамалық негізде жазылған «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап» (1997), «40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. 2-кітап» (1998), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген көп томдық қазақ әдебиеті тарихы (7-8-том, 2004), (9-том, 2005) ұжымдық еңбектерде шолу сипатында қарастырылды. Ұлттық әдебиеттану ғылымының бастаулары болып табылатын арналар туралы айтар болсақ, бұл кезең, яғни ежелгі дәуірден бастап XX ғасырға дейінгі аралық, әдеби-тарихи және әдеби-теориялық ой-пікірдің ояну, жетілу дәуірі болды. Ол әдебиет туралы ғылымның тууына дейінгі тарих алдындағы кезеңнің міндетін толық атқарып шықты. Әдеби мұраны тарихи және теориялық тұрғыда тануға ұмтылған ғылыми таным-біліктің әрбір қадамы ізденістер сипатындағы үздіксіз өсу жолында болды. Қандай да болсын жекелеген әдеби-тарихи проблеманы, ғылыми теория мен ұғым-түсінікті зерттеуге деген ұмтылыс сол бағыттағы әдіснамалық талдауға барар жолдағы бастапқы қадам болатыны белгілі. Сол арқылы әдебиетті тарихи және теориялық тұрғыдан тану бағытындағы білімдер жүйесі қалыптаса бастайды, ғылыми-зерттеушілік ой-пікір алдында өзекті міндеттер қояды. Егер бұған зерттеу нысаны етіп алынып отырған негізгі материал ұлттық әдеби мұра екенін қоссақ, ұлттық әдебиеттану ғылымының туу дәуіріне дейін әкелетін тарихи алғышарттар жасалғанын байқаймыз.
Сонымен, көне дәуірден алғашқы бастауларын алған қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің тарих алдындағы алғышарттарға сай өсіп-өркендеу және жеке ғылым ретінде туу, қалыптасу дәуірлерін бастан өткеріп, 1970 жылдардан басталатын өсіп-жетіліу, даму, бүкіл әлемдік әдебиеттану деңгейіндегі өрелі биіктерге қол созу жолындағы жаңа қадамдар жасауға бет алады. Егер әдебиет туралы ғылым өзінің сандық және сапалық мәніндегі сипатын өткен тарихындағы бар-жоғын түгелдеп алғанда ғана толық таныта алатын болса, онда оның әлі де нақтылай түсетін, жан-жақты қарастыра тексеретін мәселелері аз емес.
Қорыта айтқанда, отаршылдық саясат пен кеңестік идеологияның қысымында бола тұрса да, ұлттық әдебиеттану ғылымы алғашқы танылған бастауларынан бері өз тарихы алдындағы кезеңін, туу және қалыптасу дәуірлерін ғылыми сипаттағы дәрежеде өткеріп, ендігі даму жолына бүкіләлемдік әдебиеттану деңгейіндегі өрелі биіктерге жаңа қадам жасауға бет алды. Егер әдебиет туралы ғылым өзінің сандық және сапалық мәндегі болмысын өз тарихындағы бары мен жоғын түгелдеп алғанда ғана толық таныта алатын болса, онда оның әлі де болса нақтылай түсетін, жан-жақты қарастыра тексеретін мәселелері аз емес.
Практикалық сабақ тақырыбы: Әдеби мұраны игеру және әдеби – теориялық,сыншылдық эстетикалық ой – пікірлер.


СОӨЖ мазмұны: Ұлттық әдебиет тарихын, дәуірлеу төңірегіндегі түрлі пікір, көзқарастардың негізгі бастау көздері.


СӨЖ мазмұны: Ұлттық әдебиет тарихы.

Әдебиет:


1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет