Пән туралы мәлімет: Атауы: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» Кредит саны: «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»



бет5/39
Дата01.03.2023
өлшемі1,17 Mb.
#170584
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Ж.Ж.Шайекенов
Тіл тарихын дәуірлеу СИЛЛАБУСЫ, Үстеу тақырыбына деңгейлік тапсырмалар
2 апта
Дәріс 2
Тақырыбы: Әдебиет тарихы және оның зерттелу бағыты
Дәріс мазмұны: Әрбір республика ғалымдары бар ғұмырымызды арнаған ғылым салаларының жетістігі мен кемшілігін сарапқа салып екшеп отыруымыз керек. Ортаға салатын осындай толғағы жеткен мәселенің бірі – қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің кейбір методологиялық мәселелері болса керек.
Өйткені, кезінде қазақ әдебиетінің түркі халықтарына ортақ ерте дәуірі ақын – жыраулар (ХҮ-ХҮІІІ ғасыр) поэзиясы тәп-тәуір зерттелгенімен, қазір осы кезең әдебиетіне тереңдей зерттеу орнына із қуа қайталай байқалып қалып жүр. Біздіңше, бұл дұрыс емес, ерте дәуір әдебиетін, ақын-жыраулар поэзиясы тереідей зерттеу, тың бетін ашу, жете тану, кейінгі ұрпаққа барынша мол таныту аса қажет-ақ.
Менің күні бүгінге дейін түсінбей келе жатқан бір мәселем – әдебиетіміздің тарихының байлығына, тереңдігіне енжарлық. Қай халықтың да азаматтық тарихы ғасырдар тереңінде жатпас па?! Ал, әр халықтың рухани мәдениетінің тарихы сол азаматтық тарихымен байланысып, сабақтасып, тереңдей бермес пе?!
Тарих – біздің бабамыз. Әдебиет тарихы – көркем өнердің асыл арнасы. Ата-бабалардан қалған асыл қазынасы. Әр халықта өз баба тарихын, көне мәдениет үлгілерімен мақтанатын болса керек. Сондай, мұрасында мойынсүнар көне мәдениет үлгісі мол халықтың бірі – көне түркі халқы. Бізде бір жаман әдет бар. Қазақ әдебиеті – жас әдебиет деуге құмармыз. Солай деуге бейім тұрамыз. Әдебиеттің жастығы, әдебиет тарихын кенжелігі – мақтаныш болмаса керек. Шын мақтантын қасиет, сонда, егерде, халқымыздың рухани мәдениеті тереңде жатқан болса, оны қазып, аршып алып, дәлелдеп, бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге қызмет еткізе білсек.
Өзіміз зерттеп жеткізе алмай жатқанымыз болмаса – қазақ әдебиетінің тарихы да тым тереңде жатыр. Соның кейбір мәселелерін айтумен келеміз. Кейбір әдебиет нұсқалары тарата айқан кездеріміз де бар. Түрік халықтарын қадым заманғы, көне дәуірдегі ерлік ісі, азаматтық болмысы жайлы білгір орыс ғалымы Л.Гумилев өзінің үш томдық тарихи «Древние тюрки» аталатын трилогиясында жеткізе айтқан-ды.
Қырқыншы жылдар Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір әдебиетін де, ақын-жазуларын да бір өлшеммен қарап, бәрін бірдей кертартпа, бәрін бірдей феодалшыл, ұлтшыл етіп шығарған сұрғылт, сұрқай мінездер белең алды. Ол жылдары әдебиетіміздің тарихы тереңде жатыр деп айту қиын еді. Сонда да болса, қырқыншы жылдары, «Қазақ тілі мен әдебиеті» жинағында «Социалистік Қазақстан» газеті бетінде бұл проблеманы жаңғырта айтуға тура келді. Айттық та «күнәға» баттық. Концепцияға қарсылардан талай-талай сөз естідік...
Отан соғысы жылдарында Алматыға Санкт-Петербург, Москва ғалымдары , ірі өнер қайраткерлері уақытша қоныс аударды. Ығысып келіп, жұмысын Алматыда жалғастырып жатты. Солардың бірі – ірі түрколог Сергей Ефимович Малов болатын. Біз атақты түркологпен қазақ әдебиеті кафедрасында ҚазМУ –де қызметтес жүрдік. Жарасты көңілмен сыйластық. Қазақ әдебиеті тарихына қызмет етпейін, жәрдем бермеймін деген ой түрколог ғалымда болған емес. Мына бір мәселемізге жәрдем берсеңіз дерлік хал бізде болмаған секілді.
Әйтпесе, Ташкентке қоныс аударған ғалым А.Жирмунский өзбек фольклористикасына да үлес қосып кетті ғой. Кейін, С.Е.Малов Санкт-Петербургқа қайта қоныс тепті. Соңынан іздеп бардым. Үйінде болып жүрдім. Аспиранттарымда Сергей Ефимовичтің жәрдемімен Санкт-Петербургте қорғатқан қуанышыт сәттерім бар. Айта кетейік, болашағынан үлкен үміт күтіп, Санкт-Петербургқа алып барған, Сергей Ефимовичпен таныстырып, сонда қорғатқан шәкірттерінің бірі Зәки Ахметов. Көз жұмғанша Сергей Ефимовичпен арамызда ықыласты байланыс үзілген емес. Өткен күндерді еске алып отырған себебім – қазақ әдебиеті тарихын түрік халықтарына ортақ ерте дәуірден бастау керектігі жайлы пікірімді С.Е.Маловпен әр тұста жиі ақылдастым.
Практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиет тарихы және оның зерттелу бағыты.


СОӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау жолындағы негізгі ізденістер.


СӨЖ мазмұны: Қазақ әдебиетінің тарихы.
Әдебиет:
1. Байтұрсынов А. “Әдебиет танытқыш”. Алматы, Атамұра. 2003.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. “Мектеп” баспасы. А., 1969.
3. Ќабдолов З. Сөз өнері . Алматы. “Санат”, 2002.
4. Елеукенов Ш. Әдебиет жєне ұлт тағдыры. Санат. 2002.
5. Қирабаев С . Әдебиетегі ақтаңдақтар. Алматы, 1997.
6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. А. 1996. (құр. Ахметов З.)
7. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987.
8. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Шығармалар жинағы II том. А. 2007.
9. Хализев В. Теория литературы. М. 1999.
10. Тұрысбек Р. Ақиқат айнасы. Алматы. «Таймас» 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет