Курстың мазмұны: Көне дәуір әдеби мұраларының зерттеудегі қазіргі принциптер, ХҮ ғасыр әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті, кеңес дәуір әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің зерттеу бағыттары, ғылыми топшылаулардағы жетекші ғалымдардың еңбегі және бүгінгі күн тұрғысынан зерттеудің өзекті мәселелері.
Оқыту әдістемесі:Оқыту негізі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Магистранттардың білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары жне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Пәнді меңгеру нәтижесінде:магистранттар қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі таңдағы өзекті проблемалары мен зерттеу арналарынан толық мағлұмат алады. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сынының өзара бірлікте екендігін қарастырады. Поэтика мәселесінің қыр-сырымен тереңірек танысып, болашақ өздерінің зерттеу еңбектеріне теориялық-практикалық мәліметтер жинақтайды.
Практикалық сабақтардың әдістемелік өту барысы: Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп:
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.