Пəн туралы мəліметтер



бет34/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;

Он бесінші апта


15 дəрістің тақырыбы: Адамның қажетсінулері Терминдер мен анықтамалар: қажетсіну, қоғам, өндіргіш күш

Жоспар:


    1. Адамның қажетсінулері

    2. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі адамның орны 3 Адам өндіргіш күштің басты элементі

1. Адамның қажетсінулері деген сөздік бойынша - біріншіден организмнің, жеке адам түлғасының, отбасының, жеке əлеуметтік топтың, тұтас алғанда, қоғамның өмірлік қарекетін қолдауға қажетті қандай да бір мүқтаждық немесе жетіспеушілік; 2) адамның тіршілік етіп, дамуы үшін қажет жəне оның белсенділігінің негізі болып табылатын объектілерге мұқтаждығынан туындайтын жай-күй. Адамның қажетсінулері адамның мінез-қүлқының реттелуіне, ақыл-ойының, сезімі мен ерік-жігерінің бағытталуына себепші болады. Адамның қажетсінулері кең мағынада оның тəрбиелену, яғни, əлемдік мəдениетке ортақтасу процесіне байланысты;
3) адамның өмірлік қарекетін қамтамасыз ететін, оларсыз адам өзін жағдайсыз, жайсыз сезінетін жағдайлар. Адамның қажетсінулерінің негізгі 6 тобын саралайды, олар: анатомиялық-физиологиялык (биологиялык), этологиялық-күлықтык (психологиялык), этностық, еңбектік, экономикалық, əлеуметтік қажетсінулер. Əрбір топта материалдык-энергетикалық жəне акпараттық екі топша болады, Ақпараттық топшалардың бөлімдері бірлігін эстетикалық кажетсінулер деп саралайды. Экологиялық тұрғыда кең үғынуда Адамның қажетсінулері адамның экологиялық кажетсінулерімен үйлес. Адамның қажетсінулерінің қанағат-тапдырылмауы стрестің негізгі козі болып табылады.
Адамның қоғамдық қажетсінулері - адамдардың табиғи бірлестіктерінің (шағын əлеуметтік топтан бастап, тұтас алғандағы адамзатқа дейін) омір сүруі жəне дамуы үшін кажетті объектілер мен күбылыстарды қажетсінуі.
Адамның материалдық қажетсінулері - адамдардың калыпты өмір сүруі мен қоғамдық дамуыл камтамасыз ететін заттай-энергетикалық қажетсінулерінің саласы.
Заттай-энергетикалық қажетсінулерге тұрғын уй, азық-түлікпен қамтамасыз ету, өнеркəсіп тауарлары, өндіріс қүрал-жабдықтары жəне т.б. жатады.
Адамның рухани қажетсінулері - адамның қажетсінулерінің жеке түлғаның əлеуметтендірілуі процесінде туындайтын бір болігі. Адамның рухани қажетсінулері адамнын денсаулығының əлеуметтік-психологиялық жəне психикалық жағын қамтамасыз етеді, оған мəдени қажетсілулер, соның ішінде əлеуметтік-психологиялық қүндылықтардың сақталуын қажетсіну де қамтылады. Адамның рухани қажетсінулері едəуір мөлшерде адамның əлеуметтік қажетсінуімен жəне адамңың басқа да кажетсінулерінің ақпараттық бөлігімен де уйлеседі. Адамдардың игілігі үшін еңбек ету, қайырымдылық, басқаның қамын ойлау жəне т.б. тəрізді адамның қогамдық бағыттағы рухани қажетсінулерінің мəн-маңызы айрықша.
Адамның анатомиялық физиологиялық қажетсінулері - адамның тіршілік етуі мен денсаулығын сақтауының шарты болып табылатын қажетсінулер тобы. Бұған адамның өмір сүруіне қолайлы табиғи ортадан бастап, таза физиологиялық (тамактану, өсіп-өну, зəр шығару тəрізді) қажеттіліктерге дейін кіреді.
Адамның əлеуметтік қажетсінулері - адамның əлеуметтік жағдайлылығын қамтамасыз ететін қажетсінулер тобы. Оған қамтылатындар: азаматтық бостандықтар (ар-ождан, талап-тілегін еркін білдіру, жүріп-тұру бостандықтары, заң алдындағы теңдік, т.б.), ертеңгі күніне деген сенімділік дəрежесі (соғыс болып кету, жұмыстан айырылып қалу, ашаршылыққа ұшырау, бостандығынан айырылып қалу, тоналу қаупінен үрейленушіліктің жоқтығы не бар болуы), этностық тегі мен мəдени деңгейі ұқсас адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, мəдени қүндылықтарды (кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, т.б.) пайдалану мүмкіндігі, негізгі тұрғын жаймен қамтамасыз етілу дəрежесі жəне оның сапасы, оны ауыстыру не кеңейту мүмкіндігі (теориялық тұрғыдан адамның өз ғүмырында тұрғын жайын 8-ден 15 ретке дейін ауыстырғаны оңтайлы деп саналады), жұрттың ығы-жығы тығыздығынан жүйке- психикалық стреске душар болмайтындай кеңістік минимумымен қамтамасыз болу
{кезектердің болмауы, қызмет көрсетудің сапасы) жəне т.б.
Адамның еңбектік қажетсінулері - адамның жеке тұлғалық бейіміне, сондай-ақ отбасылық-дəстүрлік алғышарттарға орай, табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық орта жағдайларына экологиялық-əлеуметтік-экономикалық бейімделуін қамтамасыз ететін қажетсінулер тобы. Табиғи ресурстар мен жағдайлар еңбектің жүмсалуының жəне оның алғышарттарының бірі болып табылады.
Адамның қоғамдық қажетсінулері - адамдардың табиғи бірлестіктерінің (шағын əлеуметтік топтан бастап, тұтас алғандағы адамзатқа дейін) омір сүруі жəне дамуы үшін кажетті объектілер мен күбылыстарды қажетсінуі.
Адамның материалдық қажетсінулері - адамдардың калыпты өмір сүруі мен қоғамдық дамуыл камтамасыз ететін заттай-энергетикалық қажетсінулерінің саласы. Заттай-энергетикалық қажетсінулерге тұрғын уй, азық-түлікпен қамтамасыз ету, өнеркəсіп тауарлары, өндіріс қүрал-жабдықтары жəне т.б. жатады.
Адамның экологиялық қажетсінулері 1) адамның өмірлік жағдайлылығы оның басты-басты қажетсінулерінің барлығының канағаттандырылуына байланысты болғандықтан, адамның қажетсінулері деген жəне адамның экологиялық қажетсінулері деген екі термин бір үғымды білдіреді; 2) адамдардың табиғатпен байланысының қажеттілігінен, сөздің кең мағынасында айтқанда, табиғи ресурстарды керексінуден бастап, табиғат пен эстетикалық байланысқа дейінгі қажеттіліктен туындайтын қажетсінулер.
Адамның экономикалық қажетсінулері грек. оіkonomіа - шаруашылықты басқару)

  • жекt түлға қалаган шектегі тіршілік сапасы қажеттіліктерінің барлық қалған жиынтығын қанағаттандарудың материалдық мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі адам қажетсінулерінің тобы. А.э.к. тынығу мен тіршілік етуге қажетті барлық табиғи жағдайлар кешенімен қамтамасыз етуді қамтиды.

Адамның эстетикалық қажетсінулері - адам қажетсінулерінің барлық топтарының ақпараттық қурамдасының сүлулық үғымымен біріктірілетіп бəлігі. А.а.қ. түлғаның əлеуметтену процесіне тəрбиемен дарып, балауса жастан есте сақталатын сүлулық туралы түсінікке байланысты; мыс, "табиғаттың көркем көрінісі" деген үғым орман түрғындарына қарағанда дала түрғындарында басқаша болады, Алайда айналадағы дүние туралы ақпаратта субъективтік түсініктен басқа объективтік бастау бар, Өміршең. гүлденген, құнарлы, өсімталдың əдемі, кемел болып көріну заңдылығы.
Адамның этностық қажетсінулері (грек. еtһnos - халық) - этностың дербестігін, оның өмір сүріп, дамуын қамтамасыз ету қажеттігіне себеп кер адам қажетсінулерінің тобы. А.э.к-нің табиғи қүрам бөлігінің мəні мынада: өмірлік ортаның ықпалымен "биологиялық" адам мен "əлеуметтік" адамның арасындағы шекте қалыптаскан этнос "гүлденген өлкеге" (яғни, "этностық тұқым қуалаушылықпен" - өмір сүру үшін қажет табиғи алғышарттар туралы түсініктермен есте сақталған өмірлік ортаға) мұқтаж.
2 Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нəтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам. Қоғамды өркендетушіде адам .Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аяаында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі, адамға қойылатын өндірістік , əлеуметтік жəне т. б. талаптар күшейді. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару, тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру жəне т. б. сан алуан жағдайлар қоғам да əр түрлі болып келгендігі белгілі. Сондықтан жүйесінде адам дамуының заңдылықтары əр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сəйкес келеді, сонымен белгіленеді.Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тəн ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы, еңбекшілердің жалпы жəне кəсіптік білімінің өсуі , мамандық дəріжесінің көтерілуі, маманданған еңбектің нəтижелілігі мен тиімділінің артуы, күрделі еңбектің басым болуы, кəсіптік құрамының жəне ой еңбегі мен дене еңбегінің арақатынастарының өзгеруі, енбек мазмұнының жəне жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі, адам факторының маңызының арта беруі жəне т. б. Енді осыларға қысқаша тоқталамыз.
Өндірістгі адам факторының даму заңдылықтарының бірі-жиынтық жұмыс күшінің қалыптасуы. Бірлескен жұмыс күші – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, тереңдей түскен қоғамдық еңбек бөлінісінің жəне кооперациясының нəтижесі. Оның материалдық негізін өндіріс құрал- жабдықтарының дəрежесінен іздеген жөн. Қарапайым еңбек құралы, еңбек бөлінісі бұл құбылысты қажет еткен жоқ. Əрбір детал жəне жекелеген операциялар бойынша еңбек бөлінісі бірлескен жұмыс күші құрылуының беташары болса, машина дəуірі оны біржолата қалыптастырады. Машина еңбекті кооперациялауға, қоғамдастыруға топтастыруға, еңбек бөлінісіне тікелей жол ашады. Өйткені машинаның жұмыс жасауы тек қана бірігіп қоғамдастырылған еңбектің арқасында жүзеге асады, маманданған еңбекті қажет етеді. Əрбір еңбек ететін адам өзгелермен бірлесіп өндірісте өнім өндіреді. Бірлескен жұмыс күші өндірісте еңбек ететін адамдардың арифметикалық сандық қосынды көрсеткіші емес. Ол əлеуметтік-
экономикалық салдар, байланыс қатынастарын сипаттайтын ерекше сапалық бірігу процесі.
Адамның өндіріс факторы ретінде дамуының негізгі бір заңдылығы оның жалпы жəне біліми кəсібінің өсуі. Əлемдегі дамыған кездерде адамдардың жалпы жəне кəсіби білімінің биік деңгейге көтерілгендігі өмір талабы. Келесі заңдылық- маманданған еңбектің салмағы өсті , берер нəтижесі мен тиімділігі артты. Бұл қоғамдық өндірістің
материалдық базасының жақсаруымен, озық техника мен технологияны пайдаланумен тығыз байланысты. Бірдей уақыттың ішінде жоғары білікті еңбек, жай еңбекке қарағанда анағұрлым көп тұтыну құнын өндіреді, мұндай еңбектің нəтижесі мен тиімділігі жоғары.
Қоғамдық өндірістің дамыған сайын ондағы күрделі еңбектің басым болуы да заңдылық.Өйткені күрделі еңбек жай еңбектен көп тиімді. Сондықтан өндіріс оны басым пайдалануға мүдделі. Ғылыми- техникалық прогоестің нəтижесі, шаруашылықтың салалық құрамдарының өзгеруі, жаңа өндіріс салаларының дүниеге келуі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі кəсіптік құрылымның өзгеріп тұруын заңды процеске айналдырды. Жаңа кəсіп, жаңа мамандық түрлері пайда болды. Қоғамдық өндірістің дамуы нəтижесінде дене жəне ой еңбектерінің ара салмағы да өзгеріп отырады. Адамның өндірісте атқаратын қызметтерінің ішінде ой еңбегі басымырақ болып келеді. Дене еңбегінің де бейнесі өзгеріске ұшырайды. Бұлар ғылыми- техникалық прогрестің озық нəтижелерін өндіріске тікелей пайдалануға байланысты. Адамзат қоғамының даму сатысының бəрінде еңбек мазмұны күрделі бола бермек. Өндірісті механикаландырып, кешенді түрде автоматтандырғанда, робот техникаларды, икемді технологияны енгізгенде жəне т. б. Ғажайыптардың бəрі де еңбек мазмұнына сапалы өзгерістер енгізеді. Бұл əкономикалық дамудың жалпылама негіздерінің зор ерекшелігі.
Өндірістегі адам факторының дамуындағы келесі заңдылық- адамның өндірісте атқаратын қызметініңөзгеруі. Адам өндіріспен тікелей араласудан қалады, оның ұйымдастырушы, басқарушы, реттеуші, бақылаушы агентіне айналады. Сонымен қатар еңбек функцияларының деңгейі кеңейеді, əр түрлі операцияларды атқаратын кең ауқымды жұмысшылардың жаңа типі өмірге келеді. Барлық қоғамдық- экономикалық формациялардың даму тарихы өндірісте адамның маңызы мен рөлі арта түсетіндігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет