Пəн туралы мəліметтер



бет28/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;



Он екінші апта


12 дəрістің тақырыбы: ҚО антропогенді əсер
Терминдер мен анықтамалар: ланстану, радиактивті заттар, радиоактивті ластану, иондар, экспозициялық мөлшер, ШРК
Дəріс мазмұны: Қоршаған ортаның радиоактивтік ластануы.
1.Радиоактивтілік заттардың қолдануы иондайтын радиациясы адамы организміне əсері қауіпті болып келеді.
Радиоактивтілік ластану зардаптары өткір жəне көп уақытқа созылған сəуле ауруы, лейкозылар, қатерлі жаңадан пайда болған түрлері мен генетикалық зардаптарға келеді.
Экспозициялық мөлшер – иондайтын радиациясының сандық сипаттамасы. Экспозициялық мөлшерінің жуйелік бірлігі-кулон/кг (Кл/кг),жүйеден тыс – рентген(р). Жұтып алынған мөлшер биологиялық объектілерге рентгеннің əсер дəрежесі немесе γ- сəулелену сипатталады. Ол жүйелік бірлік-грей(Гр) немесе жүйеден тыс – рад.
Мөлшердің қуаттылығы- сəуленің түсу мөлшері,объектіден алынған уақыттың бірлігіне байланысты.
Радиациялық қауіпсіздіктің принциптері:

  1. нормалау принципі

  2. негіздеу принципі

  3. ықшамдау

Радиациялық ластанудың негізгі көздері-альфа, гамма жəне бэта сияқты радиоактивті сəулелер. Ионданған сəулелер Адам, жануар организмдеріне өзгерістер енгізіп, яғни сəуле ауруының дамуына əкеліп соғады. Сəуле ауруы сыртқы мүшелерінің зақымдануынан жəне радиациялық ластаушылардың ішкі органдарға түсуі нəтижесінде болады.
Адамның іс-əрекеті нəтижесінде биосфераның радиациялық ластануы өте үлкен қауіп тудырып отыр. Қазіргі кезде радиоактивті заттар өте кең қолданылуда. Осы элементтерді тасмалдауда болатын немқұрайлықтың нəтижесінде өте күшті радиациялық ластану болады. Мысалы, атом қаруын сынақтан өткізу биосфераның радиациялық ластануына əкеліп соғады.
XIX ғасырдың II – жартысынан бастап түрлі атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтарды кең түрде пайдалана бастады. өнеркəсіп пен атом энергиясын пайдаланатын мекемелер дұрыс жұмыс істегенде қоршаған ортаның радиоактивті нуклидтермен ластануы өте аз мөлшерде болады. Осы атомдық энергияны пайдаланатын мекемелерде авария болған кезде жағдай өзгеше болады. Радиациялық ластану нəтижесінде түскен радиоактивті шөгінділердің өзі бірнеше мыңдаған километрге дейін таралады. Қазіргі кезде əскери өнеркəсіптің радиоактивтік қалдықтарын сақтау мен жою мəселесі маңызды орында тұр. Ол қалдықтар жыл санап қоршаған орта үшін аса қауіпті бола түсуде.
Радиоактивтік ластану өткен ғасырдың 40-шы жылдары уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болған. Атом энегиясын американдықтар соғыс мақсатында, ал 1945 жылдан астам бұрын кеңес дəуірінде оны бейбіт мақсатқа пайдалана бастады. Атом энергиясын пайдалану кезінде сақтандыру шаралары қоса жүргізіледі. Өйткені, атом қондырғылары жұмыс істеу кезінде, Адам өміріне қауіпті радиоактивті шлак түзіледі. Радиоакивтік қалдықтар теңізге, мұхитқа, өзенге тастауға рұқсат етілмейді. Əрине, бұл жағдай кейбір капиталистік елдерде сақталмайды. Мəселен, Ирландия жағалауы қазір ядролық үйіндіге айналған. Жыл сайын мұхит түбіне радиоактивтік қалдықтар тасталып жатыр. Көптеген дамыған елдерде атом өнеркəсібі кəсіпорындарда белгіленген санитарлық нормаға дейін радиоактивтік заттардың концентрациясын азайтатын тазарту қондырғылары салынған. Қалдықтар баллондарға салынып цементтеледі де, арнаулы жерлерге тасталады. Атом электростанциядағы аппараттарға немқұрайлы қарауға болмайды, олардың ойламаған жерден апатқа ұшырауы-объективті шындық. Солардың бірі-чернобыль ядролық апаты. Чернобыль апаты айналадағы орта мен халықтың денсаулығына қатты əсер еткен, атом энергиясындағы ешуақытта болмаған апат. Чернобыль апаты кезінде атмосфераға 50 МК радиоактивті заттар шығарылған жəне ауданы 3000 км болатын таралған.
Иондық сəулелердің тірі организмге тұтастай алғанда əсерін, зиянды əрекетін, медицинада, өндірістегі қолданысы жөнінде жеке тұлғалық қауіпсіздікті білу иондаушы сəулелердің жасушаларға, тіндерге, мүшелерге жəне ағзаға əсері туралы білімдерін нығайту мақсатында, жасушалардың, мүшелердің жəне ағзаның радиосезімталдылығы жəне радиосезімталдылықты модификациялау туралы жəне тіршіліктің қауіпсіздік нормасы түсініктерін қалыптастыру дəрігерлер үшін қажет.
Радиобиологиялық зерттеулердегі ерекшелікте, сəулеленіп қалуды арнайы анықтап көз жеткізуге болатын арнаулы жолдары бар. Оның негізгісі көптеген айқындалған радиациялық агенттердің табиғи физикалық сəулелік əсерді əлденеше тексеріп, реакциялардың шығынындағы жауапты басты критерияларын анықтайды. Иондық сəулеге жалпы биологиялық жауап беру заңдылығын көрсетеді, соның негізінде сəулелік реакциялардың организмге əртүрлі модификациялық заттармен қандай көмек алу мүмкін екендігін, радиациялық қауіпсіздік шегін жəне жіберілу мөлшерін анықтайды.
Жеке тұлғаның радиациялық қауіпсіздігі тақырыбын оқыту барысында толық мағлұмат беру, адам организміне жəне денсаулық жағдайына əсер ететін негізгі зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлар қамтылады , ол бағдарламаларға сай болуы керек. Созылмалы жəне жедел сəулелену кезіндегі адамдардағы радиациялық зақымдардың қалыптасуын есепке ала отырып, радиацияның əсеріне ұшырағандардың арасында емдеу жəне профилактикалық шараларды жүргізілу қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет