Пəн туралы мəліметтер



бет26/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;

Он бірінші апта


11 дəрістің тақырыбы: ҚО антропогенді əсер.
Терминдер мен анықтамалар: топырақ, эрозия, деградация, аридизация, микро- макроэлементтер

Дəріс мазмұны:


  1. Топырақтың табиғатта жəне адам өміріндегі маңызы;

  2. Топырақ эрозиясы, күресу жолдары;

  3. Топырақ аридизациясы. Деградация;

  4. Топырақты қайта қалпына келтіру жолдары;

  1. Топырақтың химиялық құрам көрсеткіші -құрамында микро - жəне макроэлементердің,тұздардың жəне тамақтық өнімдердің химиялық құрамын өзгертуі,олардың суға ықпалы.

  2. Топырақтың өзін-өзі тазартуға қабілеттілігі. 3.Топырақ эпидемиологиялық ролі сипаттайды:

а) патогендік бактериялардың,споралардың жəне т.б. топырақта тіршілігі. б) гельмиттердің аралық дамуындағы топырақ ролі.
в) шыбындардың дамуында топырақ ролі (личинкадан жыныстық толысқан түрге дейін) Топыраққа түскен барлық химиялық заттарды 2 топқа бөледі:
1. химиялық заттың енгізілуі топыраққа жоспарлы, мақсатқа бағытталған,ұйымшыл турде жүргізілген (пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, өсімдік өсуінің стимуляторы, т.б.). 2.химиялық заттың техногенді сұйықтармен, қаттылармен, газ алмасу қалдықтарымен кездейсоқ топыраққа енуі.
Таза топырақта инфекция қоздырушылар аз.
Топырақтың адам үшін манызы өте зор. Литосфера - жер қабатының сыртқы қабаты. Оның ішінде жер қыртысы құрлықта 50-70 км дейін , мұхит астында төменгі шегі 5-10км шамасында . Литосфера -қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі Ол көлемі мен бет пішіні топырақ жамылғысымен ,өсімдіктермен кен қазбаларымен орналасуымен сипатталады .
Жер бетінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топырақ бұл ауа райының
,өсімдіктердің ,жануарлардың ,жергілікті жер бедерінің күрделі өзара əрекеттестігі нəтижесінде қалыптасқан
Дене.Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлылығы .Яғни өсімдіктерді органикалық жəне минералды заттармен қамтамасыз ету қабілеті.Топырақ 3 фазадан:
Қатты,сұйық ,газ тəрізді заттардан тұратын орта .
Топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В.В Докучаев Ол бірінші рет топырақ жəне топырақ құрылымы ұғымдарының анықтамасын берді .
Топырақтағы заттардың миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрамы бірнеше қабаттарға немесе горизонттарға бөлінеді.
Ең жоғарғы, органикалық заттардың шіруінен пайда болған өнімнен тұратын қабат ең негізгі құнарлылығы жоғары горизонт болып маналады . Оны гумус немесе Қара шірік деп атайды.
Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, йеллюлоза, ақуыз қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер əсерінен пайда болатын өсімдіктекті жəне жануартекті қалдықтарды айтады.Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы қабат қалыңдығы көбіне 20см –ден аспайды.Топырақтың физикалық ,химиялық қасиетінің қалыптасуында ерекше қызмет атқаратын жəндік-жауынқұрт.Жауынқұрттың массасы шамамен 0,5 гр .1 шаршы метр топырақта олардың саны 50 –ге жуық болады .Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 тоннадай топырақты, құрғақ шөптерді , жапырақтарды ,көңді т.б. заттарды өткізіп топырақты құнарландыра түседі.Жерді жырту ,тырмалау т.б. əрекеттер зат айналым тепе-теңдігіе бұзып, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.
2 Адамдар жəне олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей немесе жанама түрде өз ықпалын тигізіп келеді.Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақ ластануының түрлері:
Физикалық, химитялық жəне биологиялықө болады. Физмкалық ластану радиоактивті заттарға байланысты. Биологиялық ластану деген ауру туғызатын микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы.Химиялық ластану топырақта тірі ағзаларға қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Түсті металл кендерін ашу, таза металлдар алу процестерінен шыққан өнімдер жəне қалдықтармен топырақ көп ластанады.
Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылған жəне өндіріс дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінің құрамында , қан құрамында болатыны байқалған.
Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауылшаруашылығы.Ауылшаруашылығында құрлықтың 30% дан астамы игерілген
.Ауылшаруашылығында жер ресурстарын жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:

  1. Топырақ эрозиясы-су немесе жер қыртысының түгелдей немесе жартылай бүлінуі, топырақ құнарлылығының төмендеуі.

  2. Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан негізінде ауыспалы егіс болмауынан .

  3. Құрғатымсыз жерді суландыру ,топырақтың су астында қалуы , екінші ретті тұздану,

  4. Топырақтың техникада қолдануда бүлінуі , төсенəш қабаттарындағы жыныстардың араласуы.

  5. Топырақтың химиялық ,радиациялық ластануы.

Жел эрозиясы 2-ге бөлінеді: шаңды дауыл ; күнделікті жел эрозиясы.
Су эрозиясы: су тасқын апаты, беттік эрозия, жыралық эрозия, айғыздық эрозия Жерді қайта құнарландыру деп бүлінген жерлердің өнімділігін жəне қоршаған
ортаның жағдайын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың жиынтығы .
Жерді қайта құнарландырудың мақсаты : жер мен оның қойнауын ұтымд ыпайдалану, табиғат ресурстарын сақтау , өндіріс дамыған аудандарда халықтың санитарлық –гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету .
Жерді қайта құнарландырудың обьектлері мыналар : жер асты жəне жер үсті тау кен жұмыстарын жүргізгенде пайда болатын ойпаңдар , қазба жұмыстар мен өндіріс орындарының
қалдықтары , құрылыс салып жатқан аудандардағы құбырлар ,т.б. жұмыстарды жүргізгенде бұзылған жер беті жатады.
Жерді қайта құнарландыру 2 саты арқылы жүргізіледі техникалық жəне биологиялық .
Адам үшін қажетсіз ағзаларды жоюға жəне санын кемітуде қолданылатын заттарды пестицидтер днп атайды. Бұл заттардың барлығы ксенобиотиктер , яғни тірі ағзалар мен тұтас алғандағы биосфера үшін бөгде заттар болып табылады. Пестициттерге мына препараттар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданылатын – гербицидтер , бунақденелер – инсек-
тицидтер , саңырауқұлақтар - фунгицидтер , кенелерге-акарицидтер , балдырларға- альгицидтер жəне т.б. Пестийидтерге сонымен қатар , ағзалардың физиологиялық функцияларын өзгертетін немесе оның жекелеген мүшелеріне əсер ететін заттар да жатады.Дефолианттар - өсімдіктердің жапыоағын түсіретін , дефлоранттар- өсімдіктердің гүлдерін жою үшін , репеллент- жануарларды қорқыту үшін ,аттрактанттар – жануарларды өзіне тарту үшін ,фумиганттар – дизенфекция мақсатында ауыл шаруашылық танаптары немесе ғимараттарлы түтіндету үшін қолданылады.
Соңғы жылдары улық дəрежесі жоғары ,бірақ тіршілік периоды қысқа пестицидтерге сұраныс артуда .
Пестицидтерді мəдени шаруашылықтың нəтижесі деп қарастыру қажет. Оларды адам қолдан жасаған жасанды жүйелерде немесе өздігінен реттелу механизмдері бұзылған табиғи экожүйелерде қолданады . Оларды қолдану толығынын дерлік мына ауруларды безгек ,кене энцефалиті,туляремия жəне т.б. жоюға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет