Пəн туралы мəліметтер



бет24/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;

Оныншы апта


10 дəрістің тақырыбы: Табиғи орта жағдайларының адамға əсері (адам өміріндегі табиғи факторлардың ролі)
Терминдер мен анықтамалар:ғарыш, ТЖ, антропогендік əсер, антропогенді заттек,антропогенді ландшафт

Дəріс мазмұны:


  1. Адамға космо-жер байланысының əсері

  2. Табиғаттың төтенше жағдайларының адамға əсері

    1. Төтенше суық жерлерге адамдардың бейімделу ерекшеліктері

    2. Төтенше ыстық жерлерге адамдардың бейімделу ерекшеліктері

  1. Адам – космостың органикалық бөлігі, сондықтан олардың қарым-қатынасы туралы ойлардың дамуы адамның əлем кеңістігіндегі ролін білуге көмектеседі. Космостық факторлардың адамға əсерін бағалаумен шұғылданған ғалымдар Н.Г.Холодный, А.Л.Чижевский. Сонымен А.Л.Чижевский Жердің органикалық əлеміне тұрақты Күн сəулесінің энергиясы ғана емес күн белсенділігі периодты өзгерістері де əсер ететінін дəлелдеді.

А.Л. Чижевскийдің жұмыстарында «қоршаған орта» түсінігі тек жермен байланысты емес, ол космос кеңістігімен соның ішінде күн-жер байланысымен түсіндіріледі. Ол өзінің жұмыстарында бірқатар принципиальды жағдайларды ұсынды. Олар төменде келтірілген:

  1. Күн белсенділігі Жердің барлық сфераларына жəне биосфераның барлық деңгейлеріне əсері.

  2. Күн белсенділігінің мұндай əсері биоактивті сəулеленудің əсері арқылы немесе гидрометеорологиялық жағдайлардың əсеріне байланысты жүзеге асады.

  3. Күн белсенділігінің маңызды факторы болып, оның күрт өзгеруі, корпускулярлы жəне электромагнитті өнімдерінің күрт өсуі болып табылады

Концепцияларды негізге ала отырып, адам «өлшемдерінің» планетарлы-космостық аспектілері ғылыми зерттеулерінің бағыттары іске асырылады. Бұндай проблемалардың аспектісіне биоритмология ғылымы арналған.

  1. Төтенше жағдайларды қарастырғанда ғалымдар арасында нақты қандай жағдайларды төтенше деп алуға болатыны əлі шешілмеген. Көбіне Авцынның берген анықтамасы қолданылады, ол төтенше-белдеулер есебінде адам ағзасына қолайсыз əсері бар тарриторияларды, яғни тіршілік сүруімен денсаулығына қауіп төндіретін территорияларды алған.

Мекендеудің ыстық ортасына организмнің бейімделу ерекшеліктері:

  1. дене тығыздығы төмендетілген

  2. аз салмақ

  3. аяқ-қолдардың жəне кеуденің ұзындықтарының өсуі

  4. бүрме майдың аз анықталуы

  5. үлкен мұрын ені, үлкен ауыз саңылауы,еріндердің үлкен беті сілекей ауданнын үлкейтеді

  6. тар,ұзын бас

  7. бұйра шаштар

  8. білезіктердің мен тобық арасындағы температураның үлкен айырымы

  9. дене ауданында көп мөлшерде см3 терілік бездердің болуы.

Антропогендік əсер – адам қоғамының өзінің өмір сүрген ортасына тіршіліктегі жалғыз саналы қоғам ретіндегі тигізетін əсері. Ескеретін жағдай, адам қоғамының өзі мекендеген ортасына тигізген əсерлері барлық уақыттарда жақсы бағыттарда болды деп айта алмаймыз. Оған өткен замандарда адамзаттың ойланбай істеген əрекеттерінен көптеген жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің жойылып кеткендігі куə. Адам қоғамының ірі өндірістің жəне ауыл шаруашылығы əрекеттерінің нəтижесінде ауаға, өзендер мен теңіз суына, топыраққа, олардың құрамдарына көптеген əсер тигізеді. Қазіргі ғылыми-техникалық үдемелі заманда адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін əсері аса ірі геологиялық процестермен қатарлас. Міне сондықтан адам қоғамы өзінің өмірдегісаналы тіршілігін қоршаған ортаны бүлдірмей, керісінше
жақсарта түсуі қажет. Бұл мəселе тек мемлекеттер қадағалауында емес əлемдік масштабта тікелей бақылануда. Мұнымен ТҚХҚ – табиғатты қорғаудың халықаралық қоғамы шұғылданады.
Антропогендік жер бедері – адам əрекетімен жер бедерінің негізгі беткі қабаттары өзгеріп, жаңа бедерлердің пайда болуы. Бұл мəселе, қазіргі ғылыми-техникалық үдеу кезіндегі ірі габаритті жол көліктері үшін жолдар салу, еңісі биік таулы беткейлерді игеру кезінде олардың жылжуы, атом қаруын сынағанда, кен байлықтарды алғанда пайда болатын жер бедерлері. Мыс., Семей атом қаруын сынау полигонында жер асты қопарылыс сынақтарынан бірнеше көл пайда болған. Ал адам əрекетінен бұрынғы суы мол Арал теңізінің аумағы құрғаған, нағыз шөлге айналуына да көп уақыт қажет болған жоқ.
Антропогендік жүктеме – адамдардың жəне олардың шаруашылығының тұтас табиғатқа немесе оның жеке экологиялық құрамдас бөліктері мен элементтеріне (ландшафқа, табиғи ресурстарға, тіршілік иелері түріне) тікелей жəне жанама ықпал- əсерінің дəрежесі. Антропогендік жүктемеге экожүйеге кіретін (аңшылық, балық аулау, дəрілік өсімдіктерді жинау, ағаштарды кесу) түр популяциясының ресурстарын пайдалану, мал жаю, рекреациялық əсер ету, ластану (суқоймаға өнеркəсіптік, тұрмыстық жəне ауыл шаруашылығы ағындыларының төгілуі, атмосферадан салынды қатты заттектердің немесе қышқыл жаңбырдың, т.б. түсуі), т.б. жатады. Егер Антропогендік жүктеме жылдан-жылға өзгеріп отырса, онда экожүйе флуктуациясына, ал экожүйеге тұрақты əсер етсе, экологиялық сукцессияға себеп болады. Табиғатты ұтымды пайдалануда Антропогендік жүктеме экологиялық нормалау көмегімен экожүйеге қауіпсіз деңгейде дейін реттеліп отырады.
Антропогендік заттек – жер сферасына адамның іс-əрекеті нəтижесінде енгізілген химиялық қосылыстар. Табиғи айналымға кіріп, осы себепті ерте ме, кеш пе экожүйелерге сіңісетін Антропогендік заттектер жəне табиғатқа жат, тірі организмдер мен абиоталық агенттер өте баяу ыдырататын, сондықтан табиғи заттектер алмасуынан тыс қалатын жасанды қосылыстар болады. Соңғылар биосферада қорланып, тіршілікке қауіп туғызады. Табиғи түзілімге кіретін, бірақ адам бір геосферадан басқасына көшіретін немесе жасанды түрде жинақтайтын химиялық қосылыстар мен элементтер Антропогендік заттекке қатысты ерекше жағдай болып табылады. Мұндай элементтер қатарында адам жердің терең қойнауынан қазып алып тарататын ауыр металдарды жəне табиғи жағдайда, əдетте үлкен кеңістікте шағын мөлшерде болатын радиоактивтік заттектерді айтуға болады.
Антропогендік ландшафт (антропоген жəне нем. Landschaft – жердің жалпы көрінісі) – адам қоғамының көп салалы шаруашылық əрекеттерінен бұрынғы табиғи ландшафттарға ұқсамайтын қолдан жасалған жаңа ландшафтар. Антропогендік ландшафтқа өндірістік кешендер, ауыл шаруашылығында игерілген жерлер, қоныстанған мекендер жатады. Қазіргі заманда адам əрекеттерінің мекендеген жерлерге əсерінің көптігі соншалықты бүкіл құрлықтың жартысына жуығын Антропогендік ландшафт алып жатыр. Бұл аймақтарда табиғи ландшафттардай емес бүкіл процестер адам қолымен жасалып, бақылауда болады. Мұндай бақылау болмаған жағдайда Антропогендік ландшафт біртіндеп өздігінен реттелетін табиғи ландшафттарға айналады.
Антропогендік факторлар – табиғи ортаға адам əрекеттерінің əсер ететін шаруашылық факторлар жиынтығы. Адам қоғамының қоршаған ортаға тигізетін əсері өте мол: қоршаған ауаның (атмосфераның) құрамы мен қасиетіне, өзендерге, теңіздерге, мұхиттарға, сонымен қатар жер бетіндегі топырақтарға, жай ластау емес, радиобелсенділігі бар заттармен ластау, экожүйелердің құрамы мен құрылымын бүлдіру. Соның ішінде тіпті қоғамға пайдалы көптеген жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуі. Мыс., зиянды көмірқышқыл газын жұтып, оттекті мол мөлшерде шығаратын тропиктік ормандардың жойылуы, көптеген биоценоздардың
қалыпты жүйесінің бұзылуы. Көп жағдайларда əлі күнге дейін орман өрттері жиі орын алады, соңғы жылдарға дейін əлемнің əр аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда 40 жылдан астам атом қаруын сынау полигондары. Қорыта айтқанда, соңғы жылдарға дейін саналы адам қоғамының қоршаған ортаға тигізген əсері саналы болды деуге болмайды. Бұл мəселе қазіргі Халықаралық табиғат қорғау қоғамының бақылауында.
Антропогендік шөл– адам қоғамының шаруашылық əрекеттерінің нəтижесінде өсімдік жамылғысы сирексіп, шөлге тəн ландшафтылардың пайда болуы. Антропогендік шөл кезінде биологиялық өніммен түрдің əралуандылығы азайып, топырақ құрамы кемиді. Дүниежүзілік масштабта шөлдену құбылысы Сахараның оңтүстігінде басталғаны көпшілікке белгілі. Содан бері оның көлемі өрістеуде, шөлдену процесі Орта Азия мемлекеттерінде орын алуда. Соның негізгі нысаны – Арал аймағының соңғы 40-45 жылда нағыз шөлге айналуы. Аралға құятын Əмудария мен Сырдария суын толықтай Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан жерлерін суаруға пайдалану – Арал аймағын құрғатуға апарып соққан басты фактор. Арал деңгейі қазір 17-18 м төмендеп, жүздеген шақырымға кейін шегініп, су астынан босаған 2,5-3 млн га жер қу тақыр мен шөлді құм, тұз басқан аймаққа айналып отыр. Бұл өңірден жыл сайын 75-100 млн тонна тұз бен топырақ желмен көтеріліп, жүздеген шақырымға жайылуда. Басқаны қойғанда Арал суынан босаған алқап адам қолынан жасалған шөл.
Антропогендік эрозия (антропоген жəне лат. erosio – айыру) – адам қоғамының шаруашылықты терең ойланбай дұрыс жүргізбеуі салдарынан (егіс алқаптарының тым үлкен болып, олардың дұрыс жыртылып күтілмеуі, қорғаныс орман жолақтары мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде үстіңгі жер қабаттарының жөнсіз жалаңаштануы, малдардың жөнсіз жайылуы) топырақты оның төсеніш қабаттарының желмен немесе су ағындарымен ағызып бүлдіруі. Əдетте, мұндай жағдайларға құрамы жеңіл (құм, құмдақ) топырақтар тез берілгіш келеді. Ал су эрозиясына қия, еңісі тігірек беткейлер тез беріледі. Сондықтан бұл алқаптарды игерген кезде, өте сақ болу қажет.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мəселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс əсерінің нəтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мəселенің мəні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру жəне олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тəуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет