Пəн туралы мəліметтер



бет20/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;



Сегінші апта


8 дəрістің тақырыбы: Урбандалған территориялар
Терминдер мен анықтамалар: урбанизация, қала, урбандалған аймақ, урбажүйе, қала ландшафты

Дəріс мазмұны:


  1. Урбандалған территориялардың жіктелуі жəне қала ортасының ерекшеліктері

  2. Қала ортасының экологиялық проблемалары

  1. Ю.П.Пивоваров урбандалған қоныстың 4 негізгі түрін анықтап берді.

  1. Компакті (үлкен) қала

  2. Агломерация

  3. Урбандалған аймақ – қоныстанудың негізгі құрылымдық элементі

  4. Урбандалған белдеу - негізгі, урбандалудың жоғарғы деңгейіндегі елдерге тəн. Урбанизация – дегеніміз прогрессиялық процесс, (лат. - қалалық) бұл процесс тек қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың рөлінің артуынан, көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді.

Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-əрекетінің нəтижелері арасындағы қайшылық, əсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі. Қаладағы климаттың өзгеруі келесі себептерге байланысты:

  • жылу режимінің өзгеруімен

  • ауа бассейннінің ластануымен

  • қала құрылыстарының есебінен ауа циркуляциясының өзгеруімен

  • топырақ-өсімдік жамылғысының жасанды заттармен жабылуы нəтижесінде булану режимінің өзгеруімен байланысты.

Қазіргі уақытта бірқатар экологиялық қауіпсіз қалалардың классификациясы бар. Соның бірі экологиялық қауіпсіз қалаларды 3 категорияға бөледі.

  1. сі экологиялық қолайлы – бұндай қалалар: зиянды ластағыш заттардың шығарылуы белгіленген концентрациядан аспайды.

  2. категория – экологиялық күрделі – бұндай қалаларда шығарылатын зиянды заттардың концентрациясы белгіленген мөлшерден асып кетеді, бірақ табиғат ортасында қайтымсыз өзгерістер байқалмайды.

  3. категория. Экологиялық қолайсыз қалалар. Қала тұрғындарының денсаулығына қауіпті, атмосфералық ауаның қатты ластануы, су обьектілерінің ластануы жəне экожүйедегі табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы тəн.

Урбажүйе дегеніміз бірінші ден - сəулет-қүрылыс объектілерінен жəне қатты бүлінген табиғи экожүйелерден түратын табиғи-антропогендік орнықсыз жүйе; екіншіден - қаланың өзара байланысты əлеуметтік-экологиялық сипаттамаларының жиынтығы деп түсініктеме беруге болады.
Урбаэкология (лат. urbanus - қалалық) - экологиядағы тың бағыт, зерттеу объектісі

  • кенттелген ортадағы адам, табиғат аясындағы елді мекендер, адам мен қоршаған орта арасындағы оң жəне кері байланыстардың сан алуан көріністері болып табылатын білім саласы. Кей кездері қолданылып жүрген "қала салу экологиясы", "кала экологиясы" жəне сол сияқты терминдердің мəні, қала сипатына ие бола қоймаған көптеген алқаптарды (ауылдық мекендер, саяжай массивтері, демалыс аймактары, т.б.) камтымайтындықтан, «урбаэкология» терминінен біршама тарлау. У-ның басты мақсаты - қала түрғызу жəне белгілі бір аумақты игеру барысында түрғындарды тиісті гигиеналық жəне өзге де игіліктермен камтамасыз ету, сондай-ақ берілген аумақ шеңберінде табиғи ресурстарды мейлінше ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіріп, шешімін табу. У. биосфера мен оның жекелеген элементгерінің аймақтық жəне жергілікті деңгейдегі урбандық қүрылымдарымен қатынас тораптарымен, мемлекеттер

мен континенттердің əр алуан табиғи-экономикалық аймақ-тарында орналасқан елді мекендер тізбегімен, қаланың агломераттануымен, қалалармен, өзге де елді мекендермен, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін тынығу, əлеуметтік қажеттіктерді өтеу, инженерлік-техникалық қызмет көрсету жəне т.б. қосымша жүйелер арасындағы проблемаларды шешуге бағытталады. Қоршаған ортаны қорғау мəселелерін шешудің əдістемелік негізі ретіндегі У-ның мəні аймақтық коныстануға, аудандық жобалауға, қала қүрылысына байланысты кешенді ғылыми-жобалау жұмыстарынан білінеді. У. гигиенамен, географиямен, бірқатар техникалық ғылымдармен, табиғатты қорғаумен, жалпы экологиямен жəне т.б. ғылым. салаларымен тығыз байланысты. У-ның гигиеналық зерттеулері, негізінен, ауа мен су бассейндерін, топырақ пен өсімдік жамылғысын ластайтың заттектердің шекті рауалы көрсеткіштерін (ШРК), шекті рауалы шығарындыларын (ШРШ), басқа да шектеу қоятын критерийлерді немесе аймақтарға бөлу үшін негіз болатын көрсеткіштерді зерттеу арқылы қандай да бір фактордың адам денсаулығы үшін қолайлығын сипаттайтын сандық көрсеткіштер жинақтауға бағытталады. У-да урбандалған орта мен табиғи ортаның өзара əсерлесуін қарастырғанда ескерілуі тиіс экология зандары, сондай-ақ зерттеу объектілерін құрайтын қүрамды бөліктердің əсерлесуімен сипатталатын біртұтас табиғи жəне табиғи-шаруашылық жүйелер болып табылатындықтан ландшафттану ғылымының əдістері пайдаланылады. У. үшін экологиялық қалпына келтірудің мынадай бағыттары бар: шайынды суларды, атмосфераға шығарылатын ластағыш заттектерді, өндірістік жəне түрмыстық катты қалдықтарды тазарту технологияларын дамыту; өндіріске қалдығы аз, шикізатты неғұрлым терең өңдейтіп, қалдықтарды барынша толық пайдаланатын технологияларды енгізу; көліктің, энергетиканың, сумен қамтамасыз етудің, байланыстын неғүрлым "экологияландырылған" прогресті жүйелерін жасау жəне т.б. өте манызды. Адамның тіршілік ортасын қалыптастыру тұрғысынан алғанда У-ның эстетикалық негіздерінің құрамына қоршаған ортаны көркемдік тұрғысынан үғынуға жəне байытуға, сондай-ақ ландшафтының психологиялық "ластануына" қарсы күрес тəсілдерін қалыптастыруға септігін тигізуі тиіс эстетиканың, өнертанудың, əлеуметтік психологияның, өнерлік əлеуметтанудың санаттары мен қағидалары кіреді.

  1. Қазіргі қалалардың күрделі проблемаларының бірі – ластану жəне қоршаған ортаның деградациясы. Атмосфералық ауаның ластануы тұрғындарға жəне қаланың барлық обьектілеріне жағымсыз əсер етеді. Қышқыл жауындар жəне химиялық заттардың атмосферада қарқынды əрекеттесуі бетон конструкцияларының бұзылуына, металл жамылғыларының тез тотығуына əсер етед. Ауаның ластануы жағымсыз эстетикалық əсер береді. Қалада химиялық ластану көздерінің бірі – автокөлік жəне өндіріс орындары. Іштен жану двигательдерін қолдану біраз мөлшерде оттегін құртады, ал шығарған газының құрамында 200 түрлі химиялық зат бар.

Қала ландшафтарының қалыптастыру кезіндегі табиғи орта компоненттернің негізгі өзгерістері:
Атмосфера

  • циркуляцияның төмендеуімен ластануы

  • ылғалдылықтың төмендігімен тұмандардың жиеленуі

  • температураның жоғарылауы жəне жылу аралшықтарының пайда болуы Топырақ

  • тығыздалуы

  • жылу режимі мен су балансының бұзылуы

  • құрылыс жəне асфальтпен жабылуы

  • рН өзгерісі жəне улы заттармен ластануы

Қала территориясы атқаратын қызметіне қарай бірнеше аймаққа бөлінеді:
Өнеркəсіптік аймақ- мұнда өнеркəсіп орындары, олармен тығыз байланысты басқа да мекемелер орналасады. Егер 3000 метрлік санитарлық қорғау алқап бұл кəсіпорындардын уытты қалдықтарынан қорғау ұшін жеткіліксіз болса, оларды
қалада орналастыруға тыйым саалынады. Ауаны ластайтын зиянды қалдықтары бар кенорындар биік жерге немесе қала тұрғындарына зиянды болмас ұшін желдің ығына, су лайлайтын қалдықтары бар кəсіпорындар тұрғын уйлер алқабынын төмен өзен ағысы бойына орналасады.
Бұрын қаладағы кəіпорындар, коммуналдық, сауда т. б. тұрмыс қажетін өтейтін мекемелер айналасы лас, терезесі қираған, қоршаулары жұлынған, төбе- тқбе қалдықтар уйілген кісі ұялатын орындар болатын. Ғимараттары сəулетті – көркем жобамен салынып, есік терезесі бутін, территориясы таза ағаш орнатылған, гүлдер егілген, дем алатин орындары бар, жағалай асфальт төселген, қаланың сəнін бұзбай, керісінше көрік берретін орындарға айналады.
Санитарлық – қорғау аймағы өнеркəсіп орындарынаң қала тұрғындарына тигізетін əсерлерін азайту ұшін құрылады.
Бұл аймақ тұрғын уйлер мен кəсіпорын аралығында болады. Саитарлық - қорғау аймағында ағаштар бұталар отырғызып, қойма, гараж салып, тұрлі жарнамалар іліп тұрғын уйлерге ластанған ауаны өткізбеудің қамын жасайды. Аймақтың кем дегенде 40 процентіне ағаштар отырғызу қажет.
Тұрғын уйлер аймағы. Бұл аймаққа тұрғын уйлер, қоғамдық орталықтар, көпшілік пайдаланатын жасыл желекті демалыс орындар, бау- бақшалар, мəдениет мекемелері т. б. кіреді. Зиянды қалдықтары жоқ кəсіпорындарды да осында салуға болады.
Коммуналды шаруашылық аймағы. Бұған коммуналдық шаруашылық мекемелермен қатар сауда орындарының қоймалары, көліктік жəне тұрмыстық қажетті өтейтін мекемелер, жабдықтау жəне сату ұжымдары кіреді.
Сыртқы көлік аймағы. Мұнда кісі жук таситын автобаздар, су станциялары т. б. қызмет көрсететін мекемелер орналасады. Аймақ шекарасы тұрғын уйлерден 100 м. қашықтықтан кем болмауы керек.
Қалада тұрғындарын шудан қорғау мақсаты мен жалпы қалалық маңызы бар үлкен көшелердің ені 75 м- ден, көп қатарлы уйлер тұрған кешелер 25 м-ден, бір қатарлы уйлер тұрған көшелер 15 м-деп кем болмауы шарт.
Қала маңындағы аймақ. Дем алыс күндері, қолдары бос уақытта қала тұрғындары дем алу ушін құрылады. Онда жасыл желекті дем алыс орындары, бау- бақшалар, су қоймалары, қайықтар т. б. демалыс құралдары болады.
Адамдардың табиғи ортаға ықпалы туралы сөз болғанда тек демографиялық факторлар мен халықтың қалада тұруға ынталылығын айтып қоюға болмайды. Халықтың саны қалай өсуде, тууы мен өлім көрсеткіштерін салыстыруменде іс бітпейді. Тағы бір тоқталатын мəселе- елдің еңбекке жарайтын ресурстары туралы болуы қерек. Елдің байлығы мен қуаты осы енбеққе жарайтын күштің мөлшеріне байланысты. Халыққа білім беру жұмысын жолға қойып, жоғары дəрежеде жүргізу, кадрлардың іскерлік қабілеті мен мамандығын ұлдайы арттырып отыру, жаңа инженерлік мамандықтарды игеріп елдің экономикасы мен мəдениетін өркендету арқылы дүние жүзі қоғамдастығында құрметті орын алуға болады. Тиіп- қашып, шала – шарпы оқып үлкен маман болу мүмкін емес. Олай болса бұрынғыдай жаңа технологиядан, компьютерде, электронды- есептеу жұйелерінен шет қалып, еліміздің дамыған мемлекеттер қатарынаан орын алуына кедергі боламыз. Қолда бар еңбек ресурстарының саны қадай қажет болса, олардың сапасы да сондай қажет. Сөйтіп бір адамыммыз 10-20 адамның орнын толтырса бізде əрі бай, əрі қуатты елдердің қатарынан табыламыз.
Жан- жақсы сауаты бар көзі ашық, өз маманндығын жете білетін мамам табиғи ортаны бүлдірмейді, өзінің өмір сүретін жеріне қастандық жасауы мүмкінн емес.
Өнімді енбек туралы көп айтылады да өмірдің əлеуметтік мəселелері көлеңкеде қала береді. Еңбек адамдарының мамандығы төме, мəшине мен техника
жеткіліксіз, қол кұші көп жұмсалады, еңбек ұйымдастыруда кемшілік көп болуына байланысты өнімді еңбек тек сөз болып іске аспай жатады. Дамыған елдерде 1 еңбек адамның тындырған жұмысын бізде 3-5 адам істейтін болса, оны өнімді еңбек деуге бола ма?
Жұмыс істеу қандай нашар ұйымдастырылса, жұмыстан кейін демалу, күшімен қабілетін қалпына келтіру де солай ұйымдасқан. Дұрыс демалуды жете білмеу салдарынан бос уақытты ішкілікпен, қарта ойнаумен өткізген кісі жұмыс қабітетін тез қалпына келтіре алмайды да, өнімді еңбек те жасамайды.
Өнім өндіруге ерекше көніл бөліп, халықтаң қажеті өтейтін қызметті құлатып табысқа жетеміз, экономикалық көрсеткіштерімізді жақсартамыз деп ойлау дұрыс емес. Барлық өркениет елдер олай ойламайды да, істемейді де. Мемлекет байлығының белгісі- ло халықтың қажетін өтейтін, халыққа қызмет ететін мекемелердің көп болуы, мінсіз қызмет етуі. Сойтіп халықтың көніл-күйін көтеріп, қажетін мезгілінде өтеп, өнімді еңбек етуіне жағдай жасау.
Еңбекке жарамды адамдардың мол болып, олардың білімі мен мамандығы жоғары, денсаулығы мен қөніл күйі жақсы болса еңбек те өнімді, қоғам да бай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет