Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;
Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;
Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;
Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;
Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;
Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;
Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;
Жетінші апта
№7 дəрістің тақырыбы: Популяциялық денсаулық үлгілері
Терминдер мен анықтамалар:популяция, ОӨҰ, НӨЖ, қала, денсаулық үлгісі
Дəріс мазмұны:
Популяциялық денсаулықтың əлеуметтік - тарихи үлгілері: примитивті, постпримитивті түрлері.
Квазимодерлі, модерлі, постмодерлі түрлері.
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы
Примитивті үлгі – тұрақты қорқытуы астындағы популяцияның өлімнен тірі қалуы үшін тіршілік етуі.Орташа өмір ұзақтығы (ОӨҰ) оларда 20-22 жыл шамасында болды. Нəрестелік өлім-жітім (НӨЖ)- 1000 жаңа туғандардың ішінен 500 жəне көбірек дейін жетеді.
Постпримитивті үлгі – халықтың қысқа өмірі індеттен өлім ықтималдығында. ОӨҰ мөлшері 20-дан 30 жыл арасында.НӨЖ 1000 жаңа туғандардың ішінен 200 дейін жетеді.
Квазимодерлі үлгі - жеткілікті ұзаққа созылған өмір адамдардың бөлігі мезгілсіз өлім- жітімінің жастай жəне пенсияға дейін онкологиялық аурудың болуы. ОӨҰ 65-70 жылды құрайды.НӨЖ 1000 туғандардың ішінен 20-30 дейін.
Модерлі үлгі – денсаулығы сау қарттыққа дейін ұзаққа созылған өмір. ССС ауруының өлім-жітімі жəне онкологиялық аурулардан егде жасқа жылжытылып қойылған.ОӨҰ 75- 77 жыл, 1000 туғандардың ішінен 8-10.
Посмодерлі үлгі – популяцияның толық құнды барлық өмірі. ОӨҰ 82-85 жылдан төмен емес,1000 жаңа туғандардың ішінен 5-тен аспайды.
Қазіргі кездегі адамның экологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі жəне табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қалалардағы адам экологиясына тəн нəрсе — бұл табиғи экологиялық факторлардан оқшаулану болып табылады. Қажетті мөлшерде өсімдіктер, тірі топырақпен, сумен қамтамасыз етілген. Адамның биологиялық табиғаты мен оның табиғатқа қарсы іс-əрекетінің нəтижелері арасындағы қайшылық, əсіресе қала жағдайында шиеленісе түседі.
Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз əсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркəсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым, дұрыс тамақтанбау, зиянды əрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады.
Қала халқының басым бөлігі демалатын қаладан тыс, табиғи жағдайда өткізуге тырысады. Бірақ, мұндай жерлерде мүмкін болатын рекреациялық (рекреация латын тілінен демалу, сауығу) қысым артады да, олар: қаланың жалғасына айналады.
Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нəтиже бере алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тəрбие берудің бірқатар комплексті мəселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны жəне
экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.
Əрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
Адамдардың жасанды ортаға бейімделуі аурулар арқылы өтеді. Аурудың пайда болуының басты себептері: гипердинамия, тойып тамақтанбау, стресс т.б. Медико- билогиялық тұрғыдан алғанда əлеуметтік-экологиялық факторлар мынадай тенденцияларға көбірек əсер етеді:1. акселерация процесі. 2. биоритмнің бұзылуы. 3. аллергия. 4. онкологиялық аурулардың өсуі. 5. инфекциялық патология. 6. тіршіліктегі абиологиялық тенденция.
Акселерация - бұл биологиялық нормамен салыстырғанда жеке дене мүшелерінің немесе ағза бөлімдерінің тез, ерте дамуы.
Аллергия - ағзаның белгілі бір затты жағымсыз қабылдауы. Бұл зат-аллерген деп аталады (жай, күрделі минералды немесе органикалық заттар).
Ісік-жаңа түзіліс, ұлпаның артық патологиялық өскіні. Олар зиянсыз, зиянды болып екіге бөлінеді. Мысалы рак ауруы канцероген деп аталатын белгілі бір зат əсерінен пайда болады. Қоршаған ортаға адамдар тастаған тірі ағзаларға зиянды бөгде заттар – ксенобиотиктер деп аталады.бұл заттар келесі топтарға бөлінеді: 1. канцерогенді заттар (рак ауруын тудырады) немесе канцерогендер. 2. мутагендер(мутациялық өзгеру) хромосома санының жəне құрамының өзгеруін тудырады. 3. тератогендер-ағзаның жеке дамуында құбыжықтық жағдайға əкеледі. 4. эмбриогендер – эмбриондық даму сатысында патологиялық өзгерістер тудыратын заттар. Адамның іс-əрекеті нəтижесінде пайда болған аурулар тобын – техногенді аурулар деп атады. Бұлар:сатуризм (қорғасынмен улану), ита-ита (кадмий əсері), минамата(сынап қосылыстарының əсері). ХХ ғасыр барлық елдерде өзіндік ұзаққа созылатын əртүрлі аурулардың пайда болуымен есте қалды. Мұндай аурулардың пайда болу факторлары: қазіргі заманғы өркениет, стресс, ластану салдарынан тамақ құрамының бұзылуы, техногендік əсерлер, табиғи биоритмдердің бұзылуы т.б. Бір сөзбен, өркениет аурулары деп атайды.
Халық денсаулығы, генофондтың сақталуы белгілі бір дəрежеде шикізат пен таамақ өнімдерінің дұрыстығына байланысты. Адам мен табиғат арасында белгілі бір парадокс бар. Бір жағынан адам-табиғаттың бір бөлігі, екінші жағынан қоршаған ортаның біраз бөлігі адамның өз қолымен жасалған.Алайда адамның қоршаған ортаға араласуы, ақыр соңында биологиялық түр ретіндегі оның денсаулығының төмендеуіне əкеп соқты. Осыдан келіп адамды қоршаған ортаның жағымсыз əсерінен қорғайтын медицина міндеттері туындайды.
Көптеген органикалыық заттар улы жəне жоғары дəрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, əсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті. Бұл топқа бңр немесе бңрнеше көмңртегі атомдары хлор, бром, иод немесе фтормен алмасқан органикалық қосылыстар жатады. Хлорлы көмірсулар кең таралған. Олардың көпшілігі тұрақты, ағзалар оларды жеңіл сіңіреді жəне жекелеген мүшелер мен ұлпаларда жиналуға қабілетті. Мысалы, поливинилхлорид (ПВХ), полихлорлы бифенилдер (ПХБ), ДДТ (пестицид) жəне тетрахлорэтилен. Бұл топқа өте улы зат-диоксиндер де жатады. Диоксиндер қазіргі белгілі улы заттардың ең күштілерінің бірі. Диоксин əйелдің бала туу қабілетіне əсер етеді. Диоксиннің көп бөлігі шамамен қоршаған ортаға американдықтардың Вьетнамда қолданған дефолианттары түрінде шығарылды. Фенолмен улану бауырды, бүйректі, қанды зақымдайды. Ағзаның тұқым қуалау қасиетіне де əсері анықталған. сонымен қатар канцерогенді жəне тератогенді əсер етеді. Халықтың денсаулығына метанол немесе метил спирті өте қауіпті. Түсі мен иісі бойынша оны этил спиртінен айыру өте қиын улы зат. 30-100 мл мөлшері адамның өліміне əкеліп соқтырады. Формальдегид химия өндірісінің мағызды өнімдерінің бірі болып табылады. Формальдегид аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін. Сонымен қатар оның канцерогендігі туралы да мəліметтер бар. Адаммен басқа да тірі ағзалар бұл затпен үнемі əсерлесуде болады. Көптеген ауыр металдар ағзалардың тіршілігіне қажет жəне микроэлементтер тобына жатады. Оларға цинк, мыс, марганец, темір жəне т.б. жатады. Сонымен қатар олар тірі ағзалар үшін улы. Ауыр металдар ақуыздармен жеңіл байланысып, імайда еріп, жинақталады. Ауыр металдардың қоршаған орта мен ағзады жинақталуының негізгі көзі-отынды жағу, пестицидтер, кейбір органикалық қосылыстар т.б. қорғасынның негізгі көзі-автокөлік жанармайы болып табылады. Қорғасынның көп бөлігі металлургия кəсіпорындары мен ауыл шаруашылығында пестицид ретінде мышьякты, қорғасынды қолдану кезінде шығарылады. Қоршаған ортада қорғасынның артуы, əсіресе, өнеркəсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасынның мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық. Қорғасынмен улану немесе «сатуризмнің» белгілері мынадай: тез шаршау, кешке көру қабілетінің төмендеуі, қан аздық, бүйректің зақымдануы, жүрек ауруы, уақытынан бұрын босану, түсік тастау. Кадмий – ауыр металдардың ішіндегі ең улы элемент. Ортаға кадмийдің шығарылу себептері тас көмірдің шаңы, химиялық тыңайтқыштар, пластмассалардың қалдықтары мен жану өнімдері, темекі түтіні. Қорғасынға қарағанда кадмий топырақтан өсімдікке жеңіл өтеді де, ағзадан баяу шығарылады. Негізінен бүйректі, жүйке жүйесін, жыныс мүшелерін зақымдайды, тыныс алу жүйесіне зиян.
«Ита-ита» ауруын туғызады. Сынап қоршаған ортада кеңінен таралған. Дүниежүзіндегі сынаптың өндірісі жылына 10 мың тоннадан астам. Ол негізінен электротехникада, медицинада жəне химия өнеркəсібінде қолданылады. Металдық сынап іс жүзінде ағзаға зиянды емес. Бірақ бу түріндегі сынаптың əсері қауіпті. Ағзаға тамақпен не тері арқылы енген сынап тұздарының қауіптілігі жоғары. Сынаптың металлорганикалық қосылыстары ағза үшін өте улы жəне қауіпті. Асбест соңғы кезде дəрігерлердің назарын өзіне аударып отыр. Ұсақ асбест шаңы-асбестоз ауруын туғызады. өкпе ұлпаларын зақымдап, қатерлі ісіктерге əкеледі. Нитраттардың негізгі көзі- нитрат анионы бар минералдық тыңайтқыштар. Нитраттар əсіресе жылыжайларда өсірілген дақылдарда көп болады. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың əсерінен жеңіл нитриттерге өтеді. Нитриттер асқазан сөліндегі аминдермен əрекеттесіп, нитрозаминдар түзеді. Нитрозаминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен əрекеттесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин деп атайды. Ол оттегін тасымалдауға қабілетсіз, ұлпалар тұншығып, циноз ауруын туғызады. Азықтық қоспалар мал шаруашылық өнімдерін консервілеу кезінде кеңінен қолданылады. Оларға дəрілік заттар, əр түрлі консерванттар, бояулар, өнімдердің сыртқы түрін жақсартатын органикалық жəне минералдық заттар жатады. Ет пен балықты тұздағанда нитриттер қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды жəне бактериалды улардың енуіне кедергі келтіреді. Қазіргі кезде жүздеген азықтық қоспалар қолданылады. Олардың көпшілігі адам денсаулығы үшін зиянды. Мысалы, азоттық бояулар тəттілерге, кремдерге қосылады. Олар адамда астма ауруын туғызады. Сондай-ақ күкірт диоксиді де осындай əсер етеді. Оны кептірілген жемістер, шарап жəне басқа өнімдерге антитоксикант ретінде қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |