Пəн туралы мəліметтер


Курстың мазмұны Бірінші апта



бет4/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Курстың мазмұны

Бірінші апта


1 дəрістің тақырыбы: Адам экологиясы пəні
Терминдер мен анықтамалар: Адам экологиясы, биоəлеуметтік түр, ғылымдар жүйесі Дəріс мазмұны:

  1. Адам экологиясы пəні

  2. Ғылымдар жүйесінде адам экологиясының орны. (демографиямен, социологиямен, Жер туралы ғылымдармен, биологиямен, медицинамен, гигиеналық ғылымдармен байланысы).

  1. Адам экологиясы адамның қоршаған орта мен табиғи, əлеуметтік, өндірістік, эколого - гигиеналық факторлармен байланысын оқытады.

Адам экологиясының мақсаты: адамға қоршаған ортаның əсерлерін анықтау жəне олардың зардаптарын бағалау.
Адам экологиясының міндеті: адамның тіршілік орталарының оптимальды хабарын қоғамға пайдалануға беру.
Адам экологиясы объектісі бөлек топ немесе қоршаған ортамен белгілі аумақта байланыста болған барлық халық болып табылады.
Адам экологиясы,— 1) биосфераның (оның құрамдас бөліктерінің) жəне адамзаттың (оның түрлі топтары мен жеке тұлғалардың) өзара қарым-қатынасындағы ортақ заңдылықтарды зерттейтін кешенді ғылым саласы; 2) адамның жеке басының қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік болмысын қалыптастыру, қорғау туралы пəн; 3) жалпы адамзат баласының, соның ішінде этностардың өсіп-өніп, таралуы туралы ғылым саласы. Адам экологиясы адамдардың бір-біріне, табиғатқа əлеум.-психол. жəне этол. қарым- қатынасын қамтып, ғылымның əр түрлі салаларының басын біріктіреді. Яғни, мұнда əлеуметтік, экономикалық жəне табиғи шарттардың барлығы адамның өмір сүруіне қажетті əрі оның мұқтаждықтарын жан-жақты қамтамасыз ететін орта ретінде қарастырылады. Қоршаған ортаның бүкіл табиғи байланысы, сол сияқты адам əрекетінің басымдылығы мен соның ішінде ғылыми-техниканың қоғам өміріне жедел енуімен ХХ ғасырдың орта шегінен бастап, географиялық ортаның күрт өзгеруі – экология терминіне жаңаша ғылыми көзқарас қалыптастырады. Ғылымның барлық салаларының жетістіктерінде – экология кең етек жая бастады. Соңғы он жылдың ішінде экология ғылымының жаңа құрылымы басталды. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мəселелерді шешуде адамның өзі жасап отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау, табиғатты қорғау жəне тиімді пайдалану үшін керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғ. ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған орта табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян əкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен əсер еткен ХХ ғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нəтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мəселелерге бақылау жасау, баға беру жəне толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Адам – биоəлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің əлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, əрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз əсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы жəне қолайсыз аудандар
Кез келген экологиялық мəселелерді шешу үшін, адамдардың əрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердін барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мəселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау жəне тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс XX ғасырдың ортасына дейін ғылымда қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян əкелгендігі анықталды. Адам - табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен əсер еткен XX ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нəтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.
Табиғат - адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық əрекетінің түрін анықтайды. Мысалы, Қазақстанның шөлейтті, далалы аймақтарында ежелден мал шаруашылығымен айналысқан, ал өзен бойларында суармалы егіншіліктің ошақтары орналасқан. Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да əсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш-қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нəтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі - адам денсаулығына əсері.

  1. Адам экологиясының адам философиясымен, демографиямен, социологиямен, экономикалық ғылымдармен, психологиямен, ғылымдармен жер туралы,медициналық географиямен, саноэкологиямен, биологиямен, медицинамен, гигиеналық ғылымдармен байланысы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет