Пəн туралы мəліметтер



бет6/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиеттер:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;



Екінші апта


4 дəрістің тақырыбы: Тарихи антропология
Терминдер мен анықтамалар:аонропология, антропогенез, морфология, этникалық антропология, физикалық антропология, адамның шығу тегі

Дəріс мазмұны:


  1. Адамның шығу тегі.

  2. Ежелгі тас ғасырының адамдары (палеолит)

  3. Бірінші экологиялық дағдарыс

  4. Неолиттік төңкеріс

Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін жəне оның барлық кезеңде бірдей даму типін зерттейді. Əрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды. Қалыпты анатомия адамды жинақтап, «орталық» тип деңгейінде абстракты үлгі есебінде зерттейді. Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, əрбір адамның жеке əрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық жəне нəсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография жəне археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мəдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын жəне мəдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. Бірақта биологиялық пəндер ішінде алатын орыны де ерекше, себебі, адам екі қоғамның өкілі – биологиялық жəне əлеуметтік. Адам – қоғам мүшесі. Адамның, адам болып қалыптасуы жіне оның өмірі қоғамдық ұйымда өтеді. Еңбек пен қоғам – адамның тіршілігі мен жағдайының негізі, оған əлеуметтік тарихи жағдайлар əсер етеді. Антропология ғылымы бірнеше бөлімнен тұрады.

  1. Антропогенез – жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның адам болып қалыптасуын зерттейді.

  2. Морфология - əрбір адам типінің өзгерісін жасқа байланысты өзгеруін, жынысқы байланыстыөзгеруі, жынысқа байланысты белгілерін жəне тұрмыс жағдайын зерттейді.

  3. Этникалық антропология - өткен дəуірден жəне қазіргі жер шарындағы халықтың антропологиялық құрамын, нəсілдік қалыптасуын, көшіп қону тарихын зерттейді.

  4. Физикалық антрополгия – адамның физиологиялық жəне биохимиялық ерекшеліктерімен олардың əртүрлі өзгерістерін зерттейді.

Антропологиялық зерттеу əдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық жəне медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) жəне адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық əдістер арқылы морфологиялық жəне физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нəтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең жəне жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда жəне станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық əдіс пен антропометриялық əдіс, бірін-бірі толықтырып отырады.
Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы жəне оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дəрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық жəне түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу жəне олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген. Бірінші эволюцияның авторы Ж.Б.Ламарк, адамның шығу тегі туралы гипотезаларында бірінші болып «Зоология философиясы» (1809) атты еңбегінде көрсеткен. Ламарк, адамның шыққан тегі, екі аяғымен тіке жүруге бейімделген, ағашта тіршілік ететін, маймыл тұқымының біреуі деп есептеген. Адамның прогрессивтік ерекшеліктерінің пайда болуын, Ламарктың эволюциялық теориясы бойынша, мүшелердің жаттығуларының нəтижесі жəне олардың қажеттеліктерінің даму барысында ұрпақтан-ұрпаққа берілуі деп көрсетті. «Түрдің шығу тегі» деген еңбегінде Ч.Дарвин болашақта эволюцияның ілім, адамның шығу тегін анықтауға үлесін қосады деп көрсетті. 1871 жылы «Адамның тегі» деген Ч.Дарвиннің жаңа кітабы шықты. Осылайша, антропогенез теориясының биологиялық негізі қаланды. Бірақта «Ақылды адамның» шығу процесі биолигиялық проблемаемес. Адам эволюциясының негізгі факторы еңбек ету. Антропогенездің еңбекке байланысты теориясын ұсынған жəне дəлелдеген Ф.Энгельс. Адамның шығу тегі туралы сұрақ осы күнге дейін идеологиялық күрес аренасы. Күмəні жоқ дəлелдемелердің қысылуымен адамның агтропоморфты бастамаларданшыққаны мойындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет