Пәндер мемлекеттік емтиханына шығарылатын бөлімдердің мазмұны



бет3/5
Дата09.12.2022
өлшемі38,85 Kb.
#162074
1   2   3   4   5
Байланысты:
172838294var 1551

ОРМАН ЕКПЕЛЕРІ

Екпе орман ісінің тарихы, міндеті және болашағы. Екпе ормандардың мақсатты тағайындалуы. Орман өсетін аймақтарды аудандастыру. Қазақстандағы орман өсетін аймақтар.




1 Екпе ормандар
Екпе орман ісінің орман экологиялық және шаруашылық- экономикалық негіздері. Орман типологиясы – екпе орман өндірісінің экологиялық негізі. Орман типтері, өсу жағдайларының типі, кесу типі және олардың екпе ормандарға қажеттілігі. Қазақстан ормандарын халық шаруашылық аудандарға бөлу, халық шаруашылық маңызы бар ормандар тобы және олардың екпе орман аспектілері.
Екпе орман алаңшасы, екпе орман қоры. Екпе орман алаңшасының түрлері мен категориялары. Екпе орман қоры көлемін тексеру және оларды игеру кезектілігі. Екпе ормандарды құру әдістері – себу, отырғызу және олардың арасы, екпелерді құру тәсілдерін таңдауды анықтау факторлары.
Жасанды орман өсірудің негізгі бағыттары. Орманды қалпына келтіру, орман көбейту, екпе орман әдісімен төмен бағалы ормандарды қайта жаңарту. Жаппай және жарым-жартылай екпе ормандар, оларды қолдану жағдайлары. Таза және аралас екпе ормандар, оларды өсу жағдайларының типінде қолданғанда артықшылығы мен кемшілігі. Басты, бағыттас және бұталы ағаш түрлері, екпе орман құрғанда олардың ролі. Ағаштарды араластырудың негізгі сүлбелері.
Екпе орман жиілігі. Әр түрлі жиіліктегі екпелерді құру тәжірибелері. Отырғызу және себу орнын орналастыру тәсілдері. Өсу жағдайының типі мен орман өсетін аймақтарда негізгі орман құраушы түрлерден екпе орман жиіліктеріне ұсыныстар.
Екпе ормандарға арнап топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу тәсілдер мен дайындық жұмыстары; алдын-ала ауыл шаруашылыққа пайдалану. Топырақты жаппай өңдеу жүйелері және оларды қолдану жағдайлары. Топырақты жарым-жартылай өңдеу түрлері жолақтап, қарықтап, алаңшалап, тау беткейлерінде террассалап. Шөлдерде, құмдарда және жел эрозиясы болған жерлерде топырақ өңдеу ерекшеліктері. Химиялық және өртке қарсы топырақ өңдеу тәсілдері, оларды қолдану техникасы мен жағдайлары. Екпе орман құруда тыңайтқыш қолданудың – теориялық алғы шарттары, Қазақстан жағдайында осы сұрақтың қаралуы.
Орманды себу. Себуді қолданудың табысты жағдайлары: Қазақстан жағдайында тұқым себілетін ағаш түрлері. Тұқымдарға қойылатын талаптар, шарттар, өсуіне жағдай жасау, өскіндер мен сеппелерді сақтау. Агротехникалық мерзімдері, тұқымды себу мөлшері мен тәсілі, топыраққа енгізу тереңдігі. Сеппелерге жасалатын күтім жұмыстары.
Орманды отырғызу. Екпе ормандарды отырғызуды қолдану жағдайы. Отырғызу материалдарын дайындау. Әр түрлі отырғызу материалдарын қолмен және механикалық тәсілмен отырғызу, агротехникалық мерзімдері. Екпе ормандарды толықтыру.
Екпе ормандарға істелінетін күтім жұмыстары. Күтім жұмыстарының түрлері және міндеті; шөптесін өсімдіктердің бәселекестігі, әр түрлі орман өсу аумақтарында олардың шығу дәрежесі мен формасы, өсу жағдайларының типі мен екпе орман алаңшаларының категориялары. Екпе ормандардың өсу фазасы, түрлері, әр өсу фазасында істелінетін күтім жұмыстарының саны мен қайталануы. Арамшөп шабу екпе ормандарды күтім жұмысы шарасы. Екпелердегі қатар арасын уақытша ауыл шаруашылығына пайдалану.
Екпе орман жұмыстарының сапасын бағалау. Техникалық қабылдау, санақ жұмыстары, орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру. Екпе орман құжаттары: екпе орманды жобалау, екпе ормандарды есептеу кітабы. Екпе орман жұмыстарының экономикалық тиімділігі және оны анықтаудың қазіргі кездегі жолдары. Екпе орман жұмыстарын ұйымдастыру, екпе орман жұмыстарындағы еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік шаралары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет