Пәндер мемлекеттік емтиханына шығарылатын бөлімдердің мазмұны


Орман құратын негізгі ағаш түрлері



бет4/5
Дата09.12.2022
өлшемі38,85 Kb.
#162074
1   2   3   4   5
Байланысты:
172838294var 1551

2 Орман құратын негізгі ағаш түрлері
Қарағай екпелері. Қазақстандағы қарағай ареалы мен оның интродукциялық аудандары. Қарағайдың биоэкологиялық, шаруашылық және екпе орман сипаттамасы, екпе орман өндірісінің негізгі бағыттары. Екпе орман типтері және оларды орман өсетін аумақтарда өсіру агротехникасы, өсу жағдайларының типі мен екпе орман алаңшаларының категориялары.
Балқарағай екпелері. Қазақстандағы ареалы мен интродукцияланған аудандары. Шренк, сібір, және европа шыршасының биоэкологиялық, шаруашылық және екпе орман сипаттамасы, екпе өндірісінің бағыттары. Екпе орман типтері және оларды орман өсетін аумақтарда өсіру агротехникасы, өсу жағдайларының типі мен екпе орман алаңшаларының категориялары.
Шырша екпелері. Қазақстанда өсетін шырша түрлері, өсетін ареалдары мен интродукцияланған аудандары. Шренк, сібір және европалық шыршалардың биоэкологиялық шаруашылық сипаттамасы, өндірісінің бағыттары. Екпе ормандар типтері және орман өсетін аумақтар агротехникасы, өсу жағдайларының типі мен екпе орман алаңшаларының категориялары. Алдын-ала және кезекті шырша екпелері.
Майқарағай екпелері. Қажеттігі, ареалдары мен екпе аудандары, екпе орман типтері жән өсіру агротехникасы.
Емен екпелері. Республикадағы өсу ареалы мен екпе аудандары. Биоэкологиялық, шаруашылық және екпе орман сипаттамасы, екпе орман өндірісінің бағыттары. Екпе ормандар типтері және оларды аймақтарда құру агротехникасы, өсу жағдайларының типі мен екпе орман алаңшаларының категориялары. Алдын-ала және кезекті емен екпелері. Кейбір жердегі жиі емен екпелері. Дәлізді тәсіл. Ағаш-бұталы және ағаш көлеңкелі типті емен екпелері.
Сексеуіл екпелері. Кесілген жерлерді қайта қалпына келтіру, жылжымалы құмдарды тоқтату, Арал теңізінің кепкен түбін бекіту мәселесін шешу, жайылымдықтарды жақсарту үшін сексеуіл екпелерінің қажеттігі. Қара және ақ сексеуілдің биоэкологиялық және екпе орман сипаттамасы. Сексеуіл екпелерінің ұсынылған типтері және әр түрлі өсу жағдайында оларды құру технологиясы. Себу, отырғызу және олардың жүргізілуі, шөлдегі қатаң жағдайда сексеуіл екпелерін құрудың негізгі тәсілдері.
Қайың екпелері. Қайың түрлері, Қазақстандағы екпелері. Қайың - орман құратын ағаш түрі (басты және бағыттас). Қайың ареалы және екпе аудандары. Қайың екпелерінің шаруашылық қажеттілігі. Қайыңы бар екпе орман типтері және оларды құру технологиясы.
Алма екпелері. Алма екпелерінің халық және орман шаруашылығындағы қажеттілігі. Ареалы және екпе аудандары. Екпе орман типтері және оларды құру агротехникасының ерекшеліктері.
Өрік екпелері. Өрік екпелерінің қажеттілігі. Ареалы және екпе аудандары. Екпе типтері және оларды құру агротехникасының ерекшеліктері.
Терек екпелері. Терек екпелерінің қажеттілігі, Қазақстанның орман өсетін аймақтарындағы екпе аудандары, түрлері мен будан сұрыптары. Әр түрлі өсу жағдайындағы екпе орман типтері. Агротехникалық ерекшеліктері.
Жаңғақ тәрізді екпелер. Сібір самырсыны, грек жаңғағы, бадам, пісте.
Қуаңшылық жағдайдағы екпелер (жиде, ақ акация және т.б.).
Плантациялық екпелер терек, шырғанақ, итмұрын, арониялар, жаңа жылдық шырша, тал ағаштары. Қажеттілігі, құрудың агротехникасы мен жағдайы, пайдалану.
Төмен бағалы алқа ағашты екпе орман әдісімен қайта жаңғырту. Қажеттілігі мен мақсаты. Қайта жаңғырту тәсілдері.Жерді рекультивациялау.
Рекреациялық ормандардағы екпелер, олардың ролі, спецификасы мен қажеттілігі. Отырғызу материалдары, құрамы, жиілігі, құру агротехникасы. Ландшафты.
Экзотты орман екпелер. Болашағы зор жерсіндірілген ағаш түрлері: европалық шырша, қырым қарағайы, ақ акация, тұт ағашы. Құру тәжірибесі, өсірудің жағдайы мен агротехникасы. Екпе орман типтері.
Таннид және тығын тәрізділер: тығынды емен және амур бархаты, тал, скумпия, шырша, балқарағай. Плантация өсіруге болатын аудандар, агротехникасы және пайдаланылуы.
Еңбек қорғау және екпе орман өндірісінде техника қауіпсіздігін сақтау.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
негізгі:
1. Литтл Т., Хиллз Ф. Сельскохозяйственное опытное дело. Планирование и анализ. Перевод с англ. М., Колос, 1981, 319с.
2. Wood S.N. Generalized Additive Models: An Introduction with R. - Chapman and Hall/CRC – 2006, 397 pages
3. Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А. Деревья и кустарники Казахстана для лесовыращивания. Алматы, 2015. - 343 с.
4. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1980, 1985.
5. Байзаков С.Б. и др. «Лесные культуры Казахстана». Алматы, 2 книга, 2010.
6. Кентбаев Е.Ж., Кентбаева Б.А., Қаспақбаев Е.М. Қазақстан екпе ормандарын өсіру ағаштары мен бұталары / Орман, экология және биология мамандықтарының арналған оқулық. Алматы, «Нұр Принт», 2015.

қосымша:
1. Кентбаев Е.Ж. Екпе ормандар бойынша курстық жобаны жазудың әдістемелік нұсқаулары. - Алматы, 2005.


2. Медведев А.Н. «Типы лесных культур Северного Тянь-Шаня». Сб.научных трудов, «Проблемы лесного хозяйства Казахстана», КазСХИ, Алматы, 1978.
3. Рекомендации по технологии создания лесных культур на вырубках и в рединах Северного Казахстана, КазНИИЛХ, 1998.
4. Байзақов С.Б., Бессчетнов В.П., Кентбаев Е.Ж. Рекомендации по вегетативному размножению и созданию плантационных культур облепихи в условиях Северного Прибалхашья. Алматы, Агроуниверситет, 2002.
5. Медведев А.Н. Научно-экологические основы и практические рекомендации по лесовосстановлению и лесоразведению в подпоясе еловых лесов Северного Тянь-Шаня. Алматы, 2004.
5. Жұрымбаева Р. Мелиоративтік жүйелердегі гидротехникалық құрылымдар. Оқу құралы. Тараз, 2004.
6.Балгерей М.А. Гидротехнические сооружения. Лабораторный практикум, Тараз, 2009.
7.Нарбаев Т.И., Ходанков Н.А. Гидротехнические сооружения. Лабораторный практикум, Алматы, 2010.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет