Тақырып 8. XX ғасыр және XXІ ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде. 2 сағат
Қазіргі заман батыстық философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы және ерекшеліктерін қарастыру
XIX - XX ғ.ғ Батыстық философияның мәні мен мағыналы бағдарлары. Қазіргі заман философиядағы сциентизм. Позитивизм – XIX ғ. батыстық философиядағы алдыңғы бағыттарының бірі. О.Конт – позитивтік философияның және әлеуметтанудың негізін салушы. Позитивтік ғылыми білім философияның негізі ретінде. Конттың эволюцияның екіұдайлылығы туралы ілімі, ителлектуалдық дамудың үш сатысы туралы. Позитивизмнің үш тарихи сатысы.
Прагматизм. Ч.Пирс, У.Джемс. Дж.Дьюи.
Неопозитивизмнің негізгі мәселелері (Л.Витгенштейн) және постпозитивизм (К. Поппер, И. Лакатос П. Фейерабенд, Т. Кун).
Экзистенциализм – тіршілік турылы философия. Экзистенциализмнің өкілдері мен қайнар көздері: Ф.Ницшенің өмір философиясы, М.Хайдеггер. Э. Гуссерлдің феноменологиясы, С. Кьеркегордың діни-мистикалық ілімдері. Экзистенциализмнің негізгі мәні мен мәселесі: (адам болмыс және әлем болмысы, өмір мен өлім мәселесі, бостандық мәселесі т.б.). Психоанализ. Феноменология және герменевтика. Философскиялық структурализм: методологиялық принциптер. Постмодернизм.
Тақырып 9. XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы. 2 сағат
Орыс философиясының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне дүниетанымдық бағдарлар.
Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғышарттары. Батысшылдар мен славянофильдер философиясы. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясының дамуына әсері. Л.Н. Толстой және Ф.М. Достоевскийдің діни-этикалық ілімдері.
В.С. Соловьевтің бүкілбірлік идеясы.
Н.А.Бердяев философиясындағы бостандық, шығармашылық, тарих, адам өмірінің мәні мен «орыс идеясы» мәсеелелері туралы.
Орыс космизмі мәселесі.