Неоплатондық бағыт (XVғ. ортасы- XVI ғ. ) Платон ілімін дамытты, идеализм тұрғысында табиғатты, Ғарышты, адамды тануға ұмтылды.
Неоплатонизмдік ағым негіздері:
мызғымастай орныққан, жүйеленген схоластикалық философияға қарсы Платон идеясына негізделген жаңа жүйені дүниеге әкелді;
дүниенің жаңа бейнесін жасады, Құдаи дүниеден гөрі, заттар дүниесінен бұрын алғашқы идеялардың маңызын дәріптеді;
адамның құдаи табиғатын мойындай келе, сонымен бірге оның өзіндік болмысын микрокосм ретінде қарастырды;
бұрынғы өткен философия қағидаларын қайта қарастырып, біртұтас әлемдік философиялық жүйе құруға тырысты.
Николай Кузанский (Кребс) (1401-1464) неміс ойшылы, діндар, Қайта Өрлеу заманының диалектигі. Оның шығармалары: "Ғалымдық білімсіздік" , "Ғалымдық білімсіздік апологиясы" және т.б. Куза идеялары:
Құдай мен дүние болмысында қайшылық жоқ, қарама-қарсылықтардың бірлігі диалектикасы;
"Бірлік" (Құдай) пен "шексіздік" (жаратылым) минимум мен максимум қатынасындай қатынаста болады;
абсолюттік минимум және абсолюттік максимум дегеніміз бір нәрсе;
сызық нүктеден қалай басталса, дүние Құдайдан солай басталады;
қарама-қарсылықтың бірлігінен форма мен материя, мән мен тіршілік, эссенция мен экзистенция сәйкестігі туындайды;
идея мен материя бір;
актуалды шексіздік (бәрін өзіне сіңіретін) шындықта бар;
Әлем шексіз, оның басталуы да, аяғы да жоқ, орталығы да жоқ, Жер Әлем орталығы болып табылмайды;
Әлемнің, қоршаған дүниенің шексіздігі танымның шексіздігіне әкеледі;
абсолюттік (толық) білімге жету мүмкін емес, білімнің көбеюі ғалымдыққа әкеледі, бірақ ақиқи білім бермейді ("ғалымдық білімсіздік"- Николай Кузанский термині);
Құдаиадамилық, христиология идеялары.
Достарыңызбен бөлісу: |