Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Дезидерий Эразм Роттердамский



бет55/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Дезидерий Эразм Роттердамский (1469-1536)- философ, діндар, гуманист, "Солтүстік Қайта Өрлеу" өкілі. Ең атақты философиялық шығармасы "Ақымақтықты мадақтау". Эразм философиясының негізгі қағидалары:

  • ортағасырлық схоластиканы сынау, келеке ету;

  • ерте христиандықты мадақтау ("ерте христиандық ренессансқа" оралу, католицизм идеясын қабылдамау);

  • моральдік іс-әрекетке шақыру ("Ғайса философиясын"сақтау);

  • идеалды мемлекет деп күшті, бірақ гуманистік монархияны ұғыну;

  • дүние екіұдайлы (диалектикалық) -қарама-қарсы құбылыстар, процестер өзара байланысты, бүтіннің әртүрлі жақтары болады;

  • дау, жанжал, эксцесс, аффект, экзальтациядан ада болу керек.

Адам мәселесін зерттей келе Эразм оның жақсы және нашар қасиеттерін көрсеттіп берді. Жақсы қасиеттер:

  • еркіндік, бейбітшілік, ұстамдылық, қарапайымдылық, сауаттылық;

Нашар қасиеттер:

  • фанатизм, надандық, зорлық, екіжүзділік, шектен асқан интеллектуалды шытырмандық ("схоластиканы" терістеу, сынау).



Гуго Гроций (1583-1645) - философ, заңгер, қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік - саяси және құқық философиясының көрнекті өкілі.
Гуго философиясының негізгі мәселелері:

  • гносеология, таным мәселесі;

  • мемлекет пен құқық мәселесі;

  • соғыс пен бейбітшілік мәселесі;

  • халықаралық қатынастар мәселесі.

Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалаушыларның бірі, оның идеялары:

  • құқықты Құдай бермеген;

  • құқық бастапқыдан адамда бітімделген;

  • барлық берілген құқықты екі үлкен тарауға бөліп қарастырды- табиғи құқық және жазылған (позитивтік) құқық;

  • табиғи құқық - адам табиғаты, болмысымен бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек;

  • позитивтік (жазылған) құқық-ресми құжаттарда, заңдарда жазылған, адам жасайтын тәртіп нормалары;

  • ресми (жазылған, позитивтік) құқық табиғи құқыққа негізделіп, оған кереғар болмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет