§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.
Неміс классикалық философиясының маңызы:
диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;
философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;
философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;
субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;
философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;
тарихилық принципті негізге алды;
тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.
КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:
объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);
субъективтік идеализм (Фихте, Кант);
материализм (Фейербех).
НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724-1804) болды:
Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;
адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.
категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;
моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;
болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.