Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


§1. "Классикалық неміс философиясы"



бет57/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит
7 -сынып Олимп 1 сабақ (1), сұрақтар тізбесі7, Дискретт3 математика жауап, Лес Мұхит Архитектура[1]
§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.
Неміс классикалық философиясының маңызы:

  • диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;

  • философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;

  • философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;

  • субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;

  • философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;

  • тарихилық принципті негізге алды;

  • тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.

КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:

  • объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);

  • субъективтік идеализм (Фихте, Кант);

  • материализм (Фейербех).

НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724-1804) болды:

    • Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;

    • адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.

    • категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;

    • моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;

    • болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет