Дезидерий Эразм Роттердамский (1469-1536)- философ, діндар, гуманист, "Солтүстік Қайта Өрлеу" өкілі. Ең атақты философиялық шығармасы "Ақымақтықты мадақтау". Эразм философиясының негізгі қағидалары:
ортағасырлық схоластиканы сынау, келеке ету;
ерте христиандықты мадақтау ("ерте христиандық ренессансқа" оралу, католицизм идеясын қабылдамау);
моральдік іс-әрекетке шақыру ("Ғайса философиясын"сақтау);
идеалды мемлекет деп күшті, бірақ гуманистік монархияны ұғыну;
дүние екіұдайлы (диалектикалық) -қарама-қарсы құбылыстар, процестер өзара байланысты, бүтіннің әртүрлі жақтары болады;
дау, жанжал, эксцесс, аффект, экзальтациядан ада болу керек.
Адам мәселесін зерттей келе Эразм оның жақсы және нашар қасиеттерін көрсеттіп берді. Жақсы қасиеттер:
еркіндік, бейбітшілік, ұстамдылық, қарапайымдылық, сауаттылық;
Нашар қасиеттер:
фанатизм, надандық, зорлық, екіжүзділік, шектен асқан интеллектуалды шытырмандық ("схоластиканы" терістеу, сынау).
Гуго Гроций (1583-1645) - философ, заңгер, қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік - саяси және құқық философиясының көрнекті өкілі.
Гуго философиясының негізгі мәселелері:
гносеология, таным мәселесі;
мемлекет пен құқық мәселесі;
соғыс пен бейбітшілік мәселесі;
халықаралық қатынастар мәселесі.
Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалаушыларның бірі, оның идеялары:
құқықты Құдай бермеген;
құқық бастапқыдан адамда бітімделген;
барлық берілген құқықты екі үлкен тарауға бөліп қарастырды- табиғи құқық және жазылған (позитивтік) құқық;
табиғи құқық - адам табиғаты, болмысымен бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек;
позитивтік (жазылған) құқық-ресми құжаттарда, заңдарда жазылған, адам жасайтын тәртіп нормалары;
ресми (жазылған, позитивтік) құқық табиғи құқыққа негізделіп, оған кереғар болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |