Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


Сергей Николаевич Булгаков (1871 – 1944)



бет63/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит

Сергей Николаевич Булгаков (1871 – 1944) – орыс діни философы, діндар, әрі экономист. Ол барлық христиандық шіркеулердің бірігіп, бірыңғай христиандық «экумендік» Шіркеу құру идеясын таратты.

  • Павел Александрович Флоренский (1882 – 1937/1943) – діни философ, энциклопедист ғалым, орыстың «Ленардо да Винчиі». Ол діни сана шеңберіндегі философияны дамытты. П. А. Флоренский шығармалары: «Сенім қазығы және ақиқат тұжырымы», «Идеализм мағынасы», «Есімдер», «Иконотас», «Православиялық теодиция тәжірибесі» және т.б.

Біртұтастық білім, болмыстың бірлігі мен гармониясын, бүткілбірлік метафизикасын зерделеп софиологияны оның бір тармағы ретінде қарастырды.

  • Ағайынды Трубецкойлар: Сергей Николаевич (1862 – 1905), Евгений Николаевич (1863 – 1920); Николай Сергеевич (1890 – 1938);

  • С.Л Франк және т.б.

Космизм философиясы – ғарышты, қоршаған дүние (табиғат) мен адамды бірегей, бірліктегі өзара байланысқан біртұтастық деп ұғыну. Космизм философиясының өкілдері:

  • В.И. Вернадский (1863 – 1945) – орыс, кеңес ғалымы, философ – космист. Ноосфера – сана сферасы теориясын әрі қарай дамытқан.

  • К.Э. Циолковский (1857 – 1935) – мәңгілік идеясы, материяның мәңгілігі, атом материяның ең майда бөлшегі, әлемдегі саналы өркениеттер шексіз деген идеялар айтты.

  • Н.В. Бугаев (1837 – 1902) – ғарыштық монадалар философиялық жүйесін құрды;

  • А.Л. Чижевский (1897 – 1964) – ғарыштық биология философиялық жүйесін жасады.

Ол биосфера тіршілігінде Күннің рөлін ерекше атап өтті. А.Л. Чижевскийдің «күнге табынушылық» философиясы КСРО-да қуғынға ұшырады.
Жаратылыстану – ғылыми философия М. Сеченов, Д.И. Менделеев, М.М. Ковалевский, К.А. Тимирязев және т.б. шығармашылығында орын тапты.
1. Кеңестік философия.
XX ғ. 20 ж.ж. – 90 ж. басында легалдық орыс философиясы (КСРО-ның өзге халықтары философиясы сияқты) кеңестік философия түрінде дамыды.
Жалпы алғанда кеңестік философия жауынгер материалистік сипатта болды және қатаң маркстік философия (диалектикалық және тарихи материализм) аясында дамып, біршама догматикалық реңк алды.
Кеңестік философиясы дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:

  • 1917 – 30 ж.ж. ресми марксизм-ленинизм философиясының күшті қысымы тұрғысындағы дискуссия өткізу кезеңі;

  • 30 – 50 ж.ж. – философия ресми билікке қызмет етті, философияның жаппай идеологияға көшуі кезеңі; көптеген философиялық мәселелерге тікелей И.В. Сталиннің көзқарасының ықпал етуі;

  • 50 – 80 ж.ж. - кеңестік философияның өзіндік бітімін айқындау кезеңі.

XX ғ. 60 – 80 ж.ж. кеңес философиясының айналысқан негізгі мәселелері:

  • диалектикалық логика, диалектика теориясы;

  • гносеология мәселесі;

  • сана мәселесі;

  • марксизм-ленинизмді жаңаша түсіндіру, «ақиқи Маркс», «ақиқи Ленинге» қайта оралу;

  • құндылықтар мәселесі;

  • идеалдық мәселесі;

  • мәдениет мәселесі;

  • философиялық методтар мәселесі.

Кеңестік философияның қарқынды дамуына үлес қосқан философтар:

  • Владимир Ильич Ленин (Ульянов) (1870 – 1924), философиялық шығармалары: «Философиялық дәптерлер», «Материализм және эмпириокритицизм»;

  • Иосиф Виссарионович Сталин (Джугашвили) – диамат пен истмат;

  • Н.И. Бухарин (сана, психика мәселелері);

  • А.Богданов («тектология» - жүйелер теориясы);

  • А.Ф. Лосев (адам, тарих мәселелері);

  • А.М. Деборин (материализмді жасампаздық тұрғыда ұғыну);

  • Л.Н. Гумилев (тарих, этногенез мәселелері);

  • М.Мамардашвили (адам, мораль, әдептілік, мәселелері);

  • В.Ф. Асмус (философия тарихы, логика және т.б.);

  • Э.В. Ильенков (диалектикалық логика, таным);

  • Ж.М. Әбділдин (диалектикалық логика, таным).

2. Шетелдік орыс философиясы.
Эмиграцияға байланысты көптеген орыс философтары шетелде өмір сүріп, шығармашылықпен айналысуға мәжбүр болды. Оның өкілдері:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет