XIII – XVII ғ.ғ. – Моңғол-татар «езгісінен» азат болу үшін күрес және орталық Орыс мемлекетінің (Мәскеулік Русь) қалыптасуы мен дамуы кезеңі. Осы дәуірде өмір сүрген орыс ойшылдары:
Сергей Радонежский (XIV ғ.) – діндар-философ, христиан ілімін дәріптеген;
Философий (XVI ғ.), христиандық Рим – Константинополь – Мәскеу («Мәскеу – Үшінші Рим») бағытында жалғастыру идеясы;
Максимилиан Грек (1475 - 1556);
Андрей Курбский (1528 - 1583);
Нил Сорский, Вассиан Патрикеев – Шіркеуді реформалауға ат салысқандар;
Аввакум – ескі әдет-ғұрыпты сақтау, ал Никон – оны реформалау, Шіркеуді жаңарту үшін күресті;
Юрий Крижанич (XVII ғ.) – схоластикаға қарсы шықты, гносеология мәселесімен айналысты, Құдайды – себептің себепшісі деп түсінді.
XVIII ғ. Орыс философиясы өзінің дамуында екі негізгі кезеңді қамтыды:
петрлік реформалар кезеңі философиясы, өкілдері – Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, А.Д. Кантемир. Бұлар әлеуметтік-саяси, монархия құрылысы, императорлық билік, соғыс пен бейбітшілік мәселелерімен айналысты.
XVIII ғ. ортасы мен екінші жартысындағы материалистік философия, өкілдері – М.В. Ломоносов (1711 - 1765), А.Н. Радищев (1749 - 1802).
Сонымен бірге XVIII ғ. көрнекті өкілдер – Д.И. Фонвизин (1745 - 1792), А.Я. Поленов, Д.С. Аничков, С.Е. Десницкий, Г.Сковорода.
3. XIX ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары:
декабристік философия;
славянофильшілдер мен батысшылдар философиясы;
консервативтік діни және монархиялық философия;
нигилизм формасындағы орыс материализмі;
П.Я. Чаадаевтің тарихи философиясы;
Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстой шығармашылығындағы философия;
революциялық-демократиялық философия;
либералдық философия;
орыс космизмі.
Декабристік философияның өкілдері – П.Пестель, Н.Муравьев, И.Якушкин, М.Лунин, И.Киреевский,В.Кюхельбеккер және т.б.
Декабристер философиясының негізгі өзегі - әлеуметті-саяси мәселелер, олардың сүйенетін идеялары:
Достарыңызбен бөлісу: |