Василий Васильевич Розанов (1856 – 1919), шығармалары: «Оңашалану», «Түскен жапырақтар», «Ай сәулесіндегі адамдар», «Біздің заман Апокалипсисі» және т.б.
Нигилизм формасындағы орыс материализмі – қоғамда қалыптасқан құндылықтар, мұраттар және нормаларды сынап, терістейтін ағым. Бұл ағым И.С. Тургеневтің «Әкелер мен балаларындағы» Е.Базаровтың бейнесінен туындаған.
XIX ғасырдағы орыс философиясының революциялық-демократиялық бағытының өкілдері:
Н.Г. Чернышевский;
халықшылдар – Н.К. Михайловский, М.А. Бакунин, П.Л. Лавров, П.Н. Ткачев;
анархист П.Кропоткин;
марксист Г.В. Плеханов.
Орыс философиясының либералдық бағытының көрнекті өкілі – Владимир Сергеевич Соловьев (1853 - 1900) – орыстың діни, христиандық философы, ақын, бүткілбірлік ілімі мен біртұтастық білімнің негізін салушы. Негізгі шығармалары: «Батыс философиясының дағдарысы», «Біртұтастық білімнің философиялық бастамалары», «Құдаиадамилық туралы оқулар», «Тиянақсыздық бастауларды сынау», «Ізгілікті ақтау», «Үш әңгіме».
В.С. Соловьев философиясының негізгі идеялары:
Бүткілбірлік - әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік – ақиқат – сұлулық (добро – истина – красота), ал гносеологияда – біртұтастық білім жүйесі;
Біртұтастық (цельное) білім – ғылым, философия және діни сезімнің бірлігі, синтезі;
сұлулық – сезім, ақиқат – ойлау, игілік – ерік арқылы танылады;
бүткілбірлік жүйесінде адам Абсолюттік мәнділік, яғни Құдай мен адамның арасындағы сарапшы;
Құдаиадамилық идеясы – бүкіл адамзат тарихы дегеніміз адамның Құдайға өрлеуі, ұмтылысы. Ол Құдайға, игілік пен әдептілікке негізделген;
адам өмірінің ең басты құндылығы-әдептілік идеясы (әдептіліктің төменгі деңгейі – құқық, ал жоғары деңгейі - махаббат);
бәрінің қайта тірілу идеясы, тірілердің (рухани) және өлілердің (тәнирухани), яғни адамзаттың басты мақсаты;
София идеясы - әмбебап Құдаи даналық;
орыс идеясы, үш идеядан тұрады: «Қасиетті Русь» (Мәскеу – Үшінші Рим), «Ұлы Русь» (I Петр реформалары) және «Азат Русь» (Декабристер рухы мен Пушкин).
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. орыс философиясының негізгі бағыттары:
«алтын ғасыр» философиясы (діни философия, космизм);
жаратылыстану – ғылыми философия;
шетел орыс философиясы;
кеңестік (совет) философия.
XIX ғ. 90 жылдары- XX ғ. бас кезі Ресейдің рухани өмірінің «алтын ғасыры» деп аталады. Осы кезеңде орыс әдебиеті, өнері, мәдениеті, философиясы жаңа дәуірлеу (ренессанс) үрдісінен өтті.
Осы кезеңнің діни бағыттағы философияның көрнекті өкілдері:
|